Бала тәрбиесі – болашақ халық тәрбиесі

Бала тәрбиесі – болашақ халық тәрбиесі

Бекбаева Гүлшат Кадырхановна

Қазіргі уақытта жер бетінде болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаз-тәрбиешілерге (педагогтарға) білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны  қалыптастыру міндеттерін жүктейді. Баланың бойындағы қабілеттерді ашып, заман талабына сай мықты тұлға етіп қалыптастыра білсек, бұл мақсатымызға біршама жақындағанымызды көрсетеді. балақайлардың заманауи ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруіне, және де жаңаша білім мазмұнын игере білуіне жағдай жасап, ол білімді өмірде толық қолдана білуіне ықпал ету бұл да тәрбиеші мен ата-анаға жүктелген міндет. Жаңа ғасырдың сан түрлі өзгерістері мен қызыққа толы жаңалықтары  жас ұрпақты заманға сай дамытып, қалыптастыруға итермелеуде. Баланы тәрбиелей отырып, оған ықпал ететін жаңаша  жаңалықтар енгізу, бәсекелес ұрпақ қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең  өзекті мәселелердің бірі де бірегейі. Қазіргі кезде кез-келген салада «құзыреттілік» сөзі кеңінен қолданылуда. Бұл сөздің педагогика саласындағы өзіндік анықтамасы мынадай; құзыретті ұрпақ – әлемде болып жатқан әр қилы жаңалықтарға қызыға қарап, тамсанатын, өз ұлтымен қоса өзге ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгеруге дайын бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет». Сондықтан жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең басты мәселе –бала тәрбиесі. «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Деген сұрақ туындайды.  ЖОҚ, әрине.  «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.» – деген екен М. Жұмабаев. Тұлғаның білімді болып қалыптасуы, елдің тірегі болуы – тәрбиенің нәтижесі. «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп, дөп басып айтқан екен Белинский В.Г. Тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болмасын, қай ұлтта, мемлекетте болсын үлкен мән беріледі. Тәрбие адамдардың пайда болуымен туындаған. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Балаға әсер етудің түрлі әдістері бар, бірақ тәрбиемен кешігуге болмайды. Баланы қалыптастыру мен дамытуда ұлттық тәрбие (халықтық жүйе)  үрдісін қолдану, ұлтжанды азаматтарды  өсіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Халықтық жүйеде қайта тәрбиелеу әдісінің орталығы ата-аналар және жанұядағы басқа ересектер үлгісі. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Халық балаға тәрбиені мақал-мәтел арқылы беруді қарастырған. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші. Баланы халық дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу керек деген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б.
Тоғыз сөздің тобықтай түйініне тоқталатын болсақ, тәрбие – адам өміріндегі негізгі, ең маңызды заттың бірі. Тәрбие беруде бағыттан жаңылысу баланың, одан бөлек қоғамды жарамсыз адаммен қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *