“Топжарған” атты география пәнінен жарыс

Сайыстың тақырыбы:  “Топжарған” (9 сынып оқушылары арасында)

 

Мақсаты: Оқушылардың төменгі сыныпта алған білімдерін саралау, жоғары оқу орнына түсуге дайындық жасау.

Міндеттері:

  1. Жылдам ойлауға, ұшқыр ой құрастыруға, әдемі де әдеби сөйлеуге бағыт-бағдар беру.
  2. Патриоттық сезімге, экологиялық және экономикалық саяси тәрбие беруге баулу.
  3. “Топжарған”жеңімпазын анықтау.

Сайыстың түрі: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс, әңгіме құрастыру.

Көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, материктердің қима картасы

Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті,

Сайыстың  жоспары:

І айналым.

  1. Білгенге маржан (термин сөздер).
  2. Координаттарды табу.

ІІ — айналым

Қайталау – білім анасы (картамен жұмыс).

  1. Жұлдызды сәт (викториналық сұрақтар).

ІІІ — айналым

  1. Ұшқыр ой (әңгіме құрастыру).
  2. Жекпе-жек (картамен жұмыс).
  3. Қорытынды.

Сайыстың барысы.

Сайысқа қатысушы оқушылар 4 жыл бойы географиядан алған білімін еске түсіріп, өзара сайысқа түседі. Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Сайыс шарты бойынша әр айналымдағы сұраққа жауап бере алмаған, ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығып отырады.

 

Шақырамыз, келіңіз, жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Ал, қане, кім шығады, сайысымызға?

Сайысқа қатысатын әрбір оқушы өзі туралы қысқаша баяндап өтеді

Аты-жөнін, сыныбын, өмірдегі ұстанымын, алдына қойған мақсатын, сүйікті пәнін, бос уақытында шұғылданатын ісін таныстырады.

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне!

І ТУР.

  1. Білгенге  маржан (термин сөздер).Әрбір дұрыс жауап – 5 ұпай.
  2. Тұсбағдар – жергілікті жерді бағдарлауға арналған құрал.
  3. Азимут –(арабша ас-сумут — жол, бағыт)— бақылау нүктесінен

өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш.

  1. Глобус–(лат. globus–шар) – Жер шарының бірнеше кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі
  2. Планшет – топографиялық суретке, түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы;
  3. Жел – ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы;
  4. Флюгер – желдің бағытын және күшін анықтайтын метеорологиялық құрал.
  5. Ауа райы – атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы.
  6. Климат – ауа райының көп жылдық режимі
  7. Вулкан –Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.
  8. Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі.
  9. Жазықтар – жер бетінің аз тілімденген, тегіс бқлігі.
  10. Шығанақтар – мұхиттың, теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
  11. Теңіз –мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі.
  12. Бұғаз – Мұхиттар мен теңіздердің жеке бөліктерін бір-бірімен қосатын құрлықаралық жіңішке су алабы
  13. Арал – құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған шағын бөлігі
  14. Түбек – құрлықтың теңізге көлге сұғына кіріп тұрған, үш жағынан сумен қоршалған бөлігі
  15. Өзендер –арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағатын су
  16. Көл – құрлық бетіндегі су толған табиғи ойыс
  17. Цунами – теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын
  18. Каналдар –жасанды өзен
  19. Бөгендер – арнасын бөгетпен бөгеу немесе жер бедерінің көлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су қоймасы.
  20. Жердің планы – шағын жер бетінің бөлігінің қағазға белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен түсірілген бейнесі
  21. Мұхиттық ағыстар – мұхит немесе теңіз суының зор көлемде бір жерден екінші жерге бір бағытта тұрақты түрде ауысып тұруы. Олар жылы және суық ағыстарға ажыратылады
  22. Физикалық география – географиялық қабықтың табиғат жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым. Географияның бір саласы.
  23. Экономикалық география – халықтың өзара қатынасы, шаруашылығы және айналадағы табиғат ортасы туралы ғылым.
  24. Экология – (грек. oikos – келген жері, logos — ғылым) – организмдердің өзара және олардың қоршаған ортамен қатынасы туралы ілім.
  25. Экологиялық апат – Жер шарының белгілі бір ауданында организм тіршілік ететін ортаның қалпына келместей болып бұзылуы.
  26. Қорықтар – аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі;
  27. Ұлттық табиғи парктер – Ұлттық табиғи парктердің қорықтарданайырмашылығы – туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.
  28. Бедленд- эрозияның эрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы рельефтің күрделі түрі. Бедленд егіншілікке қолайсыз
  29. Сор –өсімдіксіз тақыр, тұзды шөлдердегі ойпаң жерлер
  30. Ойпат– абсолют биіктігі 200м.аспайтын жазық
  31. Муссон –(арабша маусым)-қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.

34.Табиғат ресурстары –  жерсу, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;

  1. Агломерация –  экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы
  2. Мегаполис – көптеген қалалармен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы.

Есептің қызығын көретін

Боламыз десеңдер білімгер.

Ең дұрыс шешімді беретін

Жауапты дәл таба біліңдер!

  1. Координаттарды табу. Әрбір дұрыс жауап – 3 ұпай. (Берілген уақыт  1 мин)

Әрбір сайысқа қатысушы оқушы бір-бір карточканы алады. Онда әр материктерден ірі қалалардың аттары жазылған.

Мысалы: Каир, Сидней, т.б. Оқушы картадан соның координатын тауып беруі керек.

Осы турдан кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.

  1. 60º с.е.-30ºш.б Санкт-Петербург
  2. 33°55′00″ о. Е. 18°29′00″ ш. б.Кейптаун
  3. 40°43′42″ с. е. 73°59′39″ б. б.Нью-йорк
  4. 34°35′59″ о. е. 58°22′55″ б. б.Буэнес айрес
  5. 30°03′22″ с. е. 31°14′22″ ш. б.Каир
  6. 33°52′10″ о. е. 151°12′30″ ш. б.Сидней
  7. 35°41′ с. е. 139°36′ ш. б.Токио
  8. 20ºо.е.-100ºб.б. Мехико

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе – біріңе еріңдер.

Білімдерді тексеріп,

Картамен жұмыс істеп көріңдер!

ІІ ТУР.

  1. Қайталау – білім анасы (картамен жұмыс).Ұпай саны жауап беруге байланысты болады. Ең жоғарғысы – 10 ұпай.

Партаның үстінде 6 конверт бар. Әр конвертте материктердың қима картасы салынған. Қалған 6 оқушы конверттерді таңдап алады.

Мысалы: Еуразия материгі түсетін болса, алғын оқушы 2 минуттың ішінде Еуразияның жалпы жер бедеріне сипаттама беруі керек: шеткі нүктелерін, түбектерін, аралдарын, ішкі суларын, тауларын тез айтып шығуы керек.

Осылай 6 оқушы алты материкке сипаттама береді.

  1. Еуразия.
  2. Африка.
  3. Солтүстік Америка.
  4. Оңтүстік Америка.
  5. Австралия.
  6. Антарктида

Жылдамдықты ескеріп,

Білмді қадағалайық.

Жұлдызды сәтке жол беріп,

Виктариналық сұрақтар қояйық.

3.Жұлдызды сәт (викториналық сұрақтар).Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. (1 минут ішінде жауап беруі тиіс).

1-оқушыға:

  1. Литосфера нені зерттейді?
  2. Қазақстанның табиғат белдеуін атаңыз.(Қоңыржай)
  3. Оңтүстік экономикалық ауданға кіретін облыстар. (Қызылорда облысы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы)
  4. Қазақстандағы Транс-Азия өзенін атаңыз. (Сырдария)
  5. Батыс жетілігі. АҚШ, Канада, Жапония, Италия, Англия, Франция, Германия
  6. Таза ұлттық құрамы 99% ел. (Жапония)
  7. Электр энергиясын қайдан алады? (ЖЭС, СЭС, АЭС, Геотермальды)
  8. Мыс белдеуі қай материкте орналасқан? (Африка)
  9. Ең үлкен шөл. (Сахара)
  10. Лавразиядан бөлінген материктер. Еуразия Солтүстік Америка

2-оқушыға:

  1. Атмосфера нені зерттейді? ауаны
  2. Экономикалық аудандарды атаңыз.(Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік)
  3. Солтүстік экономикалық ауданға кіретін облыстар.(Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар)
  4. Азия жолбарыстарын атаңыз.
  5. Африка мен Еуразияны не жалғайды?  Суэц
  6. Қазақстанда неше көл бар? 48 мың
  7. Ең биік шың. (Эверест Джамалунгма)
  8. Еуразияның жер көлемі қандай? 54,4
  9. “Виктория” атауымен аталатын қандай жер бедерін білесіз? Сарқырама
  10. Мұнайға бай түбекті атаңыз. Арабия түбегі

3-оқушыға:

  1. Биосфера нені зерттейді?
  2. Батыс экономикалық ауданға кіретін облыстар. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау
  3. Ең кішкентай мемлекет. Ватикан
  4. Еуропа мен Азияны не бөліп тұр? Орал тауы
  5. Аралдарда тұратын мемлекеттер. Жапония, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Индонезия
  6. Австралияның байырғы тұрғындары? аборигендер
  7. Жер шарын алғаш рет айналған саяхатшы. Магеллан
  8. Ең терең көл. Байкал
  9. Қытай неше провинциядан тұрады? 23
  10. Қазақстанда мақта өсіретін ауданды атаңыз? Мақтаарал Түркістан обл

 

4-оқушыға:

  1. Гидросфера нені зерттейді? суды
  2. Екібастұз көмірі қалай өндіріледі? Ашық әдіспен
  3. Гондванадан бөлінген материктер. Оңтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида
  4. Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді не жалғайды? Суэц
  5. Ең ұзын тау. Кордельера
  6. Ең халқы көп мемлекет. Қытай
  7. АҚШ-тағы мегополистерді атаңыз. Босваш, Чипитс, Сан-Сан
  8. Қазақстанның оңтүстігіндегі мемлекеттерді атаңыз. Өзбекстан, Қырғыстан, Түркменсттан
  9. Африканың жер көлемі. 30,2 млн км²
  10. Балқаш көлінің алабын атаңыз. Ішкі тұйық алап

5-оқушыға:

  1. Австралияның жер көлемі. 7,6 млн км²
  2. Африканың оңтүстігіндегі арал. Мадагаскар
  3. Орта Азияны зерттеушілер.Ш. Уалиханов, Серевцев, Берг, Семенов, Прежевальский
  4. Қарағандының көмірінің құрамында не көп? кокс
  5. Үш мемлекетті кесіп өтетін өзен. Ертіс
  6. Үндістан қанша штатқа бөлінген? 25
  7. Ең үлкен орман?
  8. Оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшылар. Скот, Амундсен
  9. Тогайда мегополисі қай мемлекетте?
  10. Қазақстанның шығысындағы ірі таулар. Алтай, Саур Тарбағатай

 

6-оқушыға:

  1. Қазақстандағы үлкен мұз айдыны. Медеу
  2. Оңтүстік Африка материгіндегі ең дамыған мемлекет? ОАР
  3. Қазақстандағы өзен саны.
  4. Тянь-Шаньның биік шыңын атаңыз. Хан-тәңірі
  5. Мақтаарал ауданы неше округтен тұрады?
  6. Ең үлкен арал. Гренландия
  7. Оңтүстік Американың жер көлемі. 18,3 км²
  8. Қазақстанның халық саны.
  9. АҚШ неше штаттан тұрады? 50
  10. Тынық мұхиты мен Атлант мұхитын не жалғайды? Дрейк бұғазы

Бұл тур қорытындысында ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.

 

ІІІ ТУР.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін ораторға берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен,

Оларды енді жарыстырып көрелік.

  1. Видеосұрақ (дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпай)

Топ арасын озып шықты озаттар,

Білімменен, өнерлері  жарасар.

Соңғы сайыс «жекпе-жекке» жеттік біз,

Ал қанекей бір—біріңнен қалмаңдар!

 

  1. Жекпе-жек (картамен жұмыс).

2 оқушы дүниежүзілік саяси және физикалық картадан жер бедерлерін, өзен-көл және қалалар мен мемлекеттердің атын айтып, көрсетіп жарысады.

Мысалы: Астана — Америка – Анд – Дания – Ямал – Лабрадор, т.б.

10-15 объект көрсету керек. 1 жауап – 1 ұпай.

Сайыс қорытындысында білімі жағынан озып шыққан оқушы  “Топжарған” жеңімпазы атанады.

Осындай білім сайысы оқушыларды топты жарған жеңімпаз болуға ынталандырып, үлгілілікке тәрбиелейді. Әрі басқа топтық сайыстардан өзгешелігі – тек бір ғана жеңімпаз оқушыны табуында.

Білім аққан селдей – ді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кеңдей-ді.

Рухани нәріміз,

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *