Жемқорлық туралы алғашқы ұғым
Маханова Жұлдызай Қойайдарқызы
Мақсаты:
Білімділік: Жемқорлық деген ұғымды түсінідріп ,пайда болу жағдайларын жайлы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: Өзара адал қарым –қатынас жасай білу іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік:Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке баулу
Сабақтың түрі: Пікірталас
Көрнекілігі : Қоян ,түлкі ,доп ,суреттер
Әдіс- тәсілдері:Түсіндіру ,әнгімелесу,ой толғаныс.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біз орманға барайық ,
Жан –жағымызға қарайық .
Аю шықты қорбаңдап ,
Қасқыр шықты ырылдап .
Түлкі шықы майысып ,
Қоян шықты секіріп ,
Қорықпаңдар ,балалар ,
Қарап –қарап алыңдар.
Шындық пен өтірік әңгімесі
Қоян мен түлкі дос болыпты .Бір күні қоян дүкенге бара жатып ,анасы берген ақшаны жоғалтып алады .Ал түлкі ақшаны көріп тұрсада айтпайды . Қоян басы салбырып үйіне қайтады. Түлкі ақшаны алып, өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады .Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түседі .Түлкі ақшаны досына әкеліп береді .Қоян қатты қуанып досын құшақтап алды ?
Түлкінің орнында не істер едіңдер?
Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді ?
Балалар , шыншыл адам өз сөзіне берік ісіне адал болады.
Жемқорлық – «corruptio»-деген латын сөзіннен алынып, сатып алу дегенді білдіреді. Мемлекеттік басқару құрылымдарында лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бас мүмкіндіктеріне пайдасымен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған қылмыстық әрекетер . 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » туралы заң қабылданды .Адамдар ақша табу үшін жанталасады .Ақша табу үшін қызмет істейді .Ал сол ақшаны да адам өз игілігіне жұмсай білуі керек . Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер болады, ақшаға сатып алалмайтын нәрселер бар. Денсаулықты ,адамның өмірін сатып алалмайсың.
«Ұйқасын тап » Өлең шумақтары беріледі ,сол өлең шумағының соңғы сөзі жасырынып тұрады ,сол ұйқасын табу .
Жемісі бар тәтті ,
Дәні болса қатты .
Аулаға беріп көрік
Жайқалып тұр (Өрік )
Қалып едім түртіп
Тастай болды үркіп
Тоны тікен түрпі ,
Аты оның (кірпі )
Құйрығы сүйір ,
Ала ботаға үйір.
Оның аты (егеуқұйрық)
Мүйізі тік ,
Қойдан биік ,
Оның аты (киік )
Қорытынды: Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,өзенге көпір салған бір сауап,жолға ағаш еккен бір сауап. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілік теріңмен жетуге тырысыңдар.