М.Әбсембет. «Ақжолтай Ағыбай батыр»
Нуржанова Алия Жигамбаевна
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнымен,идеясымен таныстыру.
Автор туралы мағлұмат беру. Шығармашылық қиялын , жүйелі ойлау қабілетін,сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Отансүйгіштікке,
Елжандылыққа,патриотизмге тәрбиелеу. Оқушы бойына адалдық,шыншылдық,батырлық сынды ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың көрнекі құралдары: интербелсенді тақта,бейнефильм,жеке суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері
(Оқушылар шеңбер құрады)
-Балалар, алда қандай мерекелер келе жатыр?
-1 желтоқсан Қазақстанның тұңғыш президент күні
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл
-Олай болса, көк жалаушамызды бір –бірімізге жақсы тілек айтып жалғастырайық.
- Үй тапсырмасын пысықтау
-Осы мереке қарсаңында оқулықтан «Ата-бабам тарихы-менің тарихым»атты үлкен тарауды бастадық.
Бұл тараудан осы тәуелсіздікті аңсаған ,соның жолында күрескен батырларымыз туралы оқып-біліп жатырмыз.
Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Алмас қылышты ардагер» мәтінін оқып мазмұндап келу
-Осы тақырып төңірегінде бір –біріңе сұрақ қоясыңдар.Дұрыс жауап берген бала Көк жалаушаны ұстап сұрақ қою құметіне ие болады.
– Жоңғар шапқыншылығында ел қорғаған батырлардың есімін тағы бір қайталап өтейік.
-Қанжығалы Бөгенбай,Шапырашты Наурызбай,Қаракерей Қабанбай
Осы батырлардың аттарымен топқа бөліне қояйық.
1-топ Қанжығалы Бөгенбай
2-топ Шапырашты Наурызбай
3-топ Қаракерей Қабанбай
- Бейнефильм тамашалау «Кененсары хан»
-Фильм кім туралы? Кенесары хан туралы
– Кененсары хан кімдерге қарсы көтеріліске шықты?
-Патша үкіметіне қарсы шықты?
-Кенесарының арман-мақсаты қандай еді?
-Елдің тыныштығын қорғап,елдің егемендігін армандады.
-Осындай көтерілістерде жеңіске жету жолында,қиын кезеңдерден жол таба білетін кеңесші,ақылшы батырлары мен ақылдасып отырған.
-Бүгінгі сабағымызда Кененсарының бірінші әскери кеңесшісі болған Ағыбай батыр туралы мәтінмен танысамыз.
Мәтіннің авторы Марат Әбсемет.
-Автор туралы қысқаша мағлұмат беру
-«Ақжолтай Ағыбай батыр» мәтіні
-Мәтінді үш топ бөліктерге бөліп оқиды.
Оқыған бөліктер бойынша басқа топтармен бөліседі.
- Сөздік жұмыс
Жасақ-әскер Кеңесші-ақылшы жәбір-қиындық,қорлық
5.Топтық жұмыс
1- Мәтін бойынша жоспар құрайды.
2- Мәтін кестесін құрайды.
3- 5 жолды өлең жазу Ағыбай
- Сергіту сәті «Мен Қазақпын»
- Дәптермен жұмыс
Ағыбайды сипатта «Кластер»әдісі
- Бекіту сұрақтары
1Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?
2.Кененсары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған?
- Неліктен Ағыбай батырдың есімі Кенесары ханмен қатар айтылады?
4.Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Оны неліктен «Ақжолтай батыр» деп атаған?
– Міне ,балалар, талай жылдар бой ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздігімізге 25 жыл.
Найзаның ұшымен,білектің күшімен, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып бірліктің арқасында қол жеткізген тәуесіздігіміздің туын сендер болашақ білімді ұрпақ биікке желбіретіңдер!
9.Бағалау Топ басшылары бағалайды , өзін – өзі бағалайды.
- Рефлексия
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718