Туған жер-алтын бесігім

                                                                      Туған жер деген                                                                                                 сүйіспеншілік-туған елге                                                                                Қазақстан деген патриоттық                                                                            сезімге ұласады.                                                                                                Нұрсұлтан Назарбаев.

                   ”Туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас”.Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап,кіндік қаның таматын,еңбектеген сәтіңнен қартайған шағыңа дейін өмір сүретін атамекеніміз,алтын ұямыз біз үшін өте ыстық.Жырақ кетсең жүрегің қан жылайтын ошақ қасың ешқашан қанша бағалы болса да ештеңеге айырбастамайсың.Елдің елдігі мен баға жетпес жер үшін күрескен қазақ батырларына мың тағызым етсең де азық етеді.Сондықтан да қасиетті де қадірлі қазақ жерін қорғау,аялап ұстау бүгінгі жастардың басты міндеті.Әрбір қазақ баласы өз туған жерін,қзі тұратын қаланы құрметтеп,жақсы көруі керек.

 

”Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық” демекші менде өз қаламды өте қатты жақсы көремін.Бұл жердің тарихы,мәдениеті,қонақжайлылығы мен үшін басқа қалалардан ерекше.Сырттан келген қонақты кеудесінен итермей,керісінше құдайы қонақ деп сыйлап,қымыз-шұбаты мен құрт-майын алдына тосып,құрметтеп жібереді.Осы бір көнерген дәстүрлерді есінен шығармай,қайта оны дәріптейтін Шалқар жұрты менің үлкен бір отбасым секілді.Танысын,танымасын мейлі,ашық жүзбен,жылы шыраймен амандасып өтетін қала жастары да 1минут бос уақыты жоқ

 

        Осынау қасиетті қалада туылған ел мақтанышытары да аз емес.Сондай ел мақтаныштарының бірі,Кеңес Одағының батыры-Ідіріс Үргенішбаев.Ол 1912 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.Орталық майданда ұрысқы қатысып,фашистердің батальонға 22рет қарсы шабуыл жасаған кезінде Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды.Бұл айтқаным батыр еңбегінің жартысы ғана.Ол туралы жазатын болсам том-томдап кітап шығаруға болады.

 

        Туған жер-менің баға жетпес байлығым.Отан үшін отқа да,суға да түскен қазақ жастары өсіп келеді.Келешекте қазақ елін,тілін,мәдениетін және тарихын бар әлемге танытатынымызға кәміл сенем.Отан-оттан да ыстық. 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *