ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ МЕН БІРІКТІРУДЕГІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Астана қаласының «№76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Тарих пәнінің мұғалімі: Исина Мадина Сатбековна

Оқу жетістіктерін бағалау мен біріктірудегі сандық технологиялардың тиімділігі оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Бағалаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

Оқыту мен оқуда сандық технологияларды қолданып оқу пәндерінде сабақты тиімді өткізуге болады. Білім беру үдерісінде көп қолданыста жүрген акт құралдары: интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, компьютер, электронды гаджеттер мен ғаламтор желілерін атауға болады. Осындай интербелсенді құралдар оқушылар үшін оқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік берсе, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатын көмекші құрал.

Әлемдік ахуал білім беру саласына да айтарлықтай әсерін тигізгендіктен, қазіргі уақытта педагогтардың жұмысы да өзгеріс пен жаңашылдықты талап етеді. Алдымыздағы уақыттарда мұғалімдердің қоғамдағы кез-келген жағдайда жылдам трансформацияға бейім маман екенін дәлелдеді. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу сабақтарын “on-line” және “off-line” режимінде өткізіп, кәсіби трансформацияға әрдайым бейім екендерін дәлелдеді.

Бүгінгі таңда сандық технологиялардың алуан түрлері бар. Әр тұтынушы өзінің жұмысына қарай падалануда. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылған бұлтты технологиялар мен “on-line” режимінде оқу сабақтарын өткізудегі маңызды қосымшаларды атап өтуге болады. Бейне конференцияға шығуда  (skype, discord, moodle, zoom, google classroom, microsoft teams, hangouts және т.б.).

Microsoft teams- платформасына тоқталар болсақ, қашықтықтан оқыту форматында ең оңтайлы . Платформалардың бірі болды деп айтуға болады. МТ платформасында білім беру ұйымдары мен пән мұғалімдерінің жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру өте қолайлы болды.

МТ платформасы-білім беру ұйымдары майкрасофт офис мамандарымен байланысып, домен алу арқылы барлық мұғалімдер мен білім алушыларға логин /парольдар таратылды. Сынып жетекшілер немесе пән мұғалімдері өздеріне сынып командасы құру арқылы аудитория жинап, сабақ кестелеріне сай уақыттарын белгілеп видеоконференция жасай алады. Сабақ процесінде оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы мт-тің ішкі сервистері арқылы жүзеге асады. Платформада оқу тапсырмаларын жүктеп, оны орындау; онлайн қосымшалар арқылы түрлі жаттығулар жасау; сілтемелер арқылы видеофильмдер көру; ортақ чаттар мен форумдарда мәселелерді талқылау;  комнаталарға бөлініп топтық жұмыстар жасау;  мт тақтасын қолдану арқылы ортақ жұмыстар жасап, кері байланыстар орнату.

Мектеп бағдарламасындағы бірнеше пәндерді қамтитын келесі bilimland.kz  сандық ресурсында қазақстан тарихы пәнінің әр кезеңдердегі оқу материалдары қамтылған. Тақырыптармен қосымша көптеген ақпараттармен танысуға, аудио-видео баяндамаларды тыңдап, тапсырмалар орындауға болады.  Тапсырмалар көбінесе тест немесе сәйкестендіру, бос орынға тиісті сөздерді қою сияқты төменгі дағдыларды қамтитын тапсырмаларға негізделген.

Бұл білім беру ресурсының артықшылығы:

  • Сыныпта, үйде, сонымен қатар, инклюзивті білім беруде пайдалануға ыңғайлы;
  • Тақырыптар мәтін, видео, карталар, суреттер, сызбалармен қамтылған;
  • Оқыған материалды қорытындылауға арналған тапсырмалар

Тағы бір керемет білім ресурстарының бірі – сoreapp. Бұл сайтта сабақты жоспарлау, оқу жаттығуларын әзірлеуге болады. Сабақтың негізгі контентін құрастырып, youtube, vimeo, khanacademy платформаларынан, ted-ed, learn zillio және т.б. сияқты каналдардың видеоларын, болмаса өз компьютеріңізде тұрған видеоны жүктеуге болады. Алдын ала дайындалған кез келген бір видеоға ашық сұрақтарға жауап беретін интерактивті викторинаны немесе бірнеше жауапты таңдауға, бейне сұхбат және түсініктемелер беруге болады. Тақырыпқа қатысты таңдаған видеоны өңдеуге, яғни қиюға, қысқартуға, кез-келген жерге ашық сұрақтарды қойып, оқушылардың сабақтағы жетістіктерін қадағалауға болады. Видео ақпаратты қанша оқушы көрді (кейде 1-2 оқушы бірнеше мәрте қарауы мүмкін, оларға жеке түсіндіріп) әрбір оқушының белсенділік статистикасы көре аламыз.

Cабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі- интерактивті жаттығуларды пайдалану. Мұндай интерактивті жаттығуларды сабақта оқушылардың білімін бекіту, тексеру үшін қолданған тиімді. https://www.learnis.ruhttps://learningapps.orghttps://wordwall.nethttps://ru.padlet.com ,  “my quizzes”, kahoot.it  сайттары арқылы интерактивті режимде жаттығулар арқылы білімдерін тексереді.

 

Бұл интерактивті жаттығулар:

ø  оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға;

ø  сабақ тақырыбын тереңірек түсінуге;

Ø  материалды жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.

“Off-line” режимінде оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы эйдос тақтасы, буктрейлинг, jigsaw, insert, pest, попс стратегияларын, кестелер, проблемалық шығарма әдістері, пікірталастар, презентациялар, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық топпен жұмыс рөлдік ойындар белсенді оқу түрлерін қолдануға болады.

Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге сандық білім ресурстарын қолдану оқыту сапасын тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, цифрлық ресурстарды қолдану балалардың таным-түсінігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *