Мұзафар Әлімбаев «Көктем келді»
Шарипова Құралай Бекбердиевна
Сабақтың мақсаты
Білімділік: М.Әлімбаевтың өмірбаянымен таныстыру, «Көктем келді» өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру.Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру,көркем тілді мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,табиғат заңдылықтарын біліп, ондағы өзгнрісті,талдау,салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, бірін-бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақ әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қөрнектілігі: Тақырыптық суреттер, , қима қағаздар,видеоролик, интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
-Салемдесу
-Түгендеу
– Топқа бөлу
I топ «Наурыз»
II топ «Сәуір»
III топ «Мамыр»
I Психологиялық ахуал
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
-Олай болса балалар, жақсы сөз жанды жадыратпақшы демекші, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірсек.
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге міне тұр қарап
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.
II Үй тапсырмасын пысықтау
-Әнуарбек Дүйсенбиевтың өмірбаянын айту
-Атай өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
III Қызығушылығын ояту
-Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін.Сендер бұл өлеңнің қай мезгілге байланысты айтылғандығын табыңыздар.
Күркіреді күн, күн-
Терезелер шың-шың.
Жауады жаңбыр топ-топ,
Шелек-шелек көп-көп!
Жон арқаңды тос-тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
(Көктем)
-Демек, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз жылдың қай мезгіліне байланысты?
-Олай болса балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мұзафар Әлімбайдың «Көктем келді» өлеңі екен.
-Өлеңмен таныспас бұрын көктем туралы бейнебаянға назар аударайық.
-Бейнебаяннан не байқадық?
-М.Әлімбайдың өмірбаянымен таныстыру.
Мұзафар Әлімбай 29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының иегері.
1952 жылы алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» басылып шықты. Оның көптеген шығармалары жарық көрді және 20 дан астам өзге тілдерге аударылды.
“Ақсерек те көксерек”,“Аулақ бол жаман әдеттен”,”Менің Қазақстаным”, “Құрбыма” атты көптеген шығармалары бар.
Көктем келді
Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті.
Жан-жақтан күн күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Жерді жапты көк кілем,
Ондай кілем жоқ, білем!
Көктем келді күлімдеп,
«Міне, саған гүлім!» деп.
(Өлеңнің мағынасын ашу)
IV Топтық тапсырма
I «Көктем» туралы бір шумақ өлең құрастыру.
II «Көктем» мезгіліне байланысты шығарма жазу.
III Қыс пен көктем мезгілдерінің айырмашылықтары туралы.
V Сергіту сәті
–Қимылмен орындау
VI Семетикалық карта
(Сәйкестендіру тесті)
1.Көктем айлары | наурыз,сәуір,мамыр | маусым,шілде,тамыз | ақпан,сәуір,мамыр |
2. Көктемде не ериді? | мұз | су | қар |
3.Бірінші гүлдейтін гүл | бақбақ | бәйшешек | түймедақ |
4. Көктемде қандай мереке тойланады? | Білім күні | Тәуелсіздік | Наурыз мерекесі |
5. Көктемде не жауады? | қар | бұршақ | жаңбыр |
6.Көктемде ауа райы кандай болады? | жылы | ыстық | суық |
7. Адамдар қалай киінеді? | қалың | жеңіл | жылы |
VII Сабақты қорыту
– Мұзафар Әлімбай туралы не білеміз?
– Көктемдегі құбылыстарды гүл шоқтарына толықтыру.
– Балық қаңқасын толтыру.
VIII Үйге тапсырма
– Мұзафар Әлімбайдың өмірбаянын әңгімелеу.
– «Көктем келді» өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
IX Сабақты қорыту
– Бағалау
– Кері байланыс