Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Баяндама

Дарындылық – даналық кілті екенін біз естен шығарып жатамыз. Дарындылықты тек оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жекелей жақындап келу ұстанымында қарастырамыз. Сондықтан дарынды оқушының теориялық үлгісінің жоқтығын және осы сәтте дарындылықтың нақты анықтамасының болмауын айта кету керек. Соған сәйкес, С.В.Кузнецова төмендегідей анықтама береді: оқушы дарындылығы – осы білімді кез-келген жағдайға қолдана алатын, білімнің кеңдігі, жас ерекшелігіне сәйкес жоғары белсенділігі, психикалық процестерінің дамуының жоғары деңгейлігі, дұрыс ой-түйіндерге сүйене отырып, жұмысты жемісті орындауды қамтамасыз ететін психикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Белгілі психолог Н.Ожегов өз еңбегінде дарындылық «табиғаттан» берілетін ерекше қабілет деп атаған. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: Дарындылық – бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» пен «қабілет» түсінігі өте жақын. Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ана тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр.

Ғылымда қоғам, орта, мектепте тәрбие нәтижесінде дарынды анықтауға, оны дамытуға мүмкіндік бар. Осыны дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз бала болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Сонымен дарын деген не? Дарынды балалар қандай? Дарынды балалар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды бала – оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде-бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарасы қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өзгеруіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Белгілі ағылшын психологы Элис Пол Торренстің зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Осы  зерттеу нәтижесінде оқушының жеке дарындылығы және ондай оқушының нашар оқитын оқушылар арасында да кездесетіні айқындалған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың төмендегідей үш категориясын анықтап берді:

– Ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар;

– Өздерінің ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түсуімен қатар, олар белсенділік пен оқу кезіндегі қарқындылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамып, өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша, оларды байқамау мүмкін емес.    

Дарынды балалардың белгілері:

–         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

–         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

–         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Мұғалім оқушыны дамыту үшін баланың дамуы педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқара білуі керек. Дарынды баланы таңдай келе дарындылардың өзге оқушылардан ерекшелігін бірден байқауға болады. Бұл оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аудару қажет:

1.     Дарынды бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды. Яғни, көп көлемде білімді меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

2.     Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзекшелігі: сезімтал, толыққанды.Ал ықылас қойған нәрсесін әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

3.      Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, жиі-жиі ойға берілу,қиял күшінің басымдылығы.

4.     Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы, достық сезімінің басым түсуі.

5.       Дарынды оқушыларды тәрбиелеудің бір түрі – сыныптан тыс жұмыстар.

6.       Дарынды балалардың білімдерін тереңдету барысында істелінетін жұыстардың бірі – үйірме.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарынды балаларды тани білу, олармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагоикалық шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже бермек. Осы орайда бақылау жүргізіп  отырған оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, түсіндірілген материалды тез қабылдай алуына, берілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауыпкершілігіне, жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне  тағы да басқа ерекшеліктеріне баса назар аударылған жөн.

Дарындылықты анықтаудың ұстанымдары:

1.     Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалау;

2.     Баланы танып-білу және зерттеу (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең көлемінде бақылау);

3.      Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;

4.      Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың сараптамалық бағалары,баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-әректін бағалауымен байланысты психодиагностиканы эксперименттік маңызды әдістеріне сүйену; Бала бойындағы қандайда бірі дарынды анықтауға пайдаланатын әдістердің бір ретінде сауалнамалар қолданылады.

Дарындылықты анықтаудың бір жолы  олимпиадалар,оқушылардың ғылыми жұмыстары, конференциялар, байқаулар өткізу.

Дарынды балаларды тәрбиелеуде тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы. Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек:

–         Туа біткен қасиетін дамыту;

–         Отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы;

–         Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;

–         Ұстаз біліктілігі;

–         Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.

Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш – қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын әрі қарай дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білуіміз қажет.

Есенова Аида Қазбекқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің 4-курс студенті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *