Жыл басы – Наурыз!
Ақтөбе қаласы
Шәбіл Ақнұр Тәңірбердіқызы
Тақырыбы: «Жыл басы-Наурыз!»
Мақсаты:
Білімділік : Игіліктің жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын халықтың мерекесі –Наурыз туралы айтып түсіндіру, тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның күнтізбеден ерекше орын алатынын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Әнді көңілді, шаттықпен орындауға, ұлттық билерді еркін билеуге төселдіру. Наурыз тақпақтарын мәнерлі оқи білуге баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық мейрамды сезіне білуге, ұлттық ойындарды ұйымшылдықпен, бірлікте ойнауға тәрбиелеу, өздерін байыпты, байсалды ұстауға, үлкендер алдында ізетті болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Наурыз нақыштары» безендірілген зал, ұлттық жабдықтар, ұлттық заттар: домбыра, сандық, кебеже т.б. даналық сөздер, шарлар, гүлдер.
Кіріспе: музыка ырғағымен саппен балалардың залға кіруі.
Тәрбиеші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар
Наурыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңыздар,
бүгін сіздердің алдарыңызда бар өнерін ортаға салатын «Ақбота» тобы.
Ғажайып сәт: Әже келеді, шашу шашады.
Ән: «Наурыз той».
Балалар тақпақтары
Адиля:
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
А.Айлин:
Жүректерден ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Айя:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Әмина:
Табиғатым тамаша,
Тамылжып тұр жараса. Аяжан:
Құлпырды жер, гүлді.
Мейірімді таң күлді.
Ғажайып сәт: Алдаркөсе келеді.
Би: «Гүлдер, гүлдер».
Ойын: «Хан талапай».
Балалар тақпақтары
Аяулым:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық. Балым:
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Батырхан:
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Барша қазақ елiне.
Бегім:
Наурыз тойда халайық!
Шырқап әнге салайық. Нурали:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі ән-жырымыз.
Ән: «Әжемнің шайы!»
Би: «Ей, тұлпарым!»
Балалар тақпақтары
Дәулет:
Наурыз тойы-мереке
Наурыз тойы-береке
Нияз:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Жантөре:
Құстар ұшып келеді,
Наурыз келді, алақай!
Диляра:
Ағаштар гүлденді,
Наурыз келді, алақай! Дильназ:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Ойын: «Арқан тартыс».
Тәрбиеші:
Жасасын деп шіркін наурыз
Құтты болсын!-деп айтамыз.
Барлығыңыз үйге кіріп
Біздің үйден дәм татыңыз. \Дастарқаннан дәм татуға шақыру, дәмнен кейін ас қайтарылып, бата оқылады\.
Бата. Аумин!
Тәрбиеші: Осымен, «Жыл басы-Наурыз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!