«Түлкі мен тырна» ертегісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі.

Мақсаты: ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беру. Бала бойына достық,қамқорлық, кішіпейілділік қасиеттерін ояту. Ертегі мазмұны мен жағымды кейіпкерлерді ажыратуға баулу. Ертегі желісі бойынша тапсырмалар үйрету арқылы, кейіпкерлерді достыққа шақыру.

Сөздік жұмыс: түлкі, тырна.

Билингвалды компонент: түлкі-лиса, тырна-журавль

Заттық дамыту ортасы: ертегі кейіпкерлерін сахналау, слайд арқылы көрсету, түсіндіру, Восковичтің дамыту ойындарын қолдану

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалардың оқу қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз

Үйге қонақ келгенде

«Сәлеметсіз бе!» -деп

Амандасып аламыз.

Балалар шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберін орындайды.
Ұйымдастырушы іздену – Балалар сендердің  бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Бір аптада неше күн бар?Біз неше күн балабақшаға келеміз, неше күн демаламыз.                                 Балалар сендер ертегі  тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?Біз қандай ертегілерді білеміз? Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайыншы шешімін бірге тауып көрейікші.

Жұмбақтар шешу:

1 Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.

2 Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

Ғажайып сәт:

Осы кезде түлкі мен тырна ортаға келеді.Балалар бізге нелер қонаққа келген.                    -Балалар бұл «Түлкі мен тырна» ертегісіндегі кейіпкерлер ғой. Келіңдер сендерде бізбен бірге отырып,түлкі мен тырна ертегісін лет экраннан тамашалаңдар.

Сұрақ-жауап:

1.Ертегі не туралы екен

2.Түлкі нені қонаққа шақырды?

3.Тырна тамағын іше алды ма?

4.Тырна тамаққа нені шақырды?

5.Түлкі тырнаның үйінен қалай қайтты?

6.Түлкінің іс-әрекеті дұрыс па?

Ал балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайықшы?

Сергіту сәті:

 

Балаларды екі топқа бөлу:

Ойын:

 

«Түлкі мен тырна» ертегісін сахналау.                         Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна өмір сүріпті. Бір күні олар орманда кездесіпті. Екі дос бірін-бірі қонаққа шақырыпты.                                                        -Досым тырна маған қонаққа кел, сен үшін бәрін дайындап қоямын -деді түлкі.

Тырна түлкіге қонаққа келді.Түлкі ботқа пісіріпті Ботқаны тарелкеге салып тырнаға берді.

Тәрбиеші:

Тырна тарелкені тырс-тырс еткізіп ботқаны жей алмады.

Түлкі:

-Менде басқа ештеңе жоқ,тамақтан досым.

Тырна:

-Рахмет, досым енді мен сені қонаққа  шақырамын.

Тәрбиеші:

Ертесіне тырна түлкіні қонаққа шақырады.Етті картоппен қуырып, құмыраға тамақты салып береді.

Тырна:

-Тамақтан сүйікті досым  -деді.

Тәрбиеші: түлкі құмыраға басын былай салып, былай салып бірақ жей алмайды.

Түлкі:

-Сен қонақты қалай қарсы алуды білмейсің ба?- деп ашуланып кетіп қалады.

Тәрбиеші:

Содан бері екі дос бір-біріне ренжіпті.Осымен ертегіміз аяқталды.

 

Тәрбиеші:

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

-Бұл жерде қандай кейіпкерлер бар?

-Түлкі тырнаны қонаққа шақырғанда қандай ыдыспен тамақ берді?

-Тырна іше алды ма?

-Ал тырна түлкіге не істеді?

-Ертегі кейіпкерлері бір-біріне ренжіп қалды.Оларға достық жетіспейді

-Балалар біз тырнаны достастырсақ қайтеді.

Олай болса ең алдымен сергіту жаттығуын орындап алайық.

 

-Түлкі мен тырнаның бір біріне тапсырмалары бар екен,соларды орындаса ғана достасады екен.Оларды достастыруға дайынбыз ба?

Балаларды екі топқа бөліп отырғызып, «түлкілер және тырналар»екі топқа бөлеміз.

1Логикалық сұрақтар:(Интерактивті тақта бойынша балаларға тапсырма беріледі)

Дидактикалық ойын:

«Не артық?»

2Восковичтің  дамыту ойыны:

түлкі мен тырнаның тамақ құйып берген ыдыстарын  нүктелерді  қосу арқылы  көрсету.

Ханшайым балаларға рахметін айтып оларға өз сыйлығын табыс етеді.музыка әуенімен балабақшаға оралу.

 

Балалардың жауабы.

Йя жақсы көреміз

Додекаэдр арқылы ертегілерді атайды.

 

Балалар жұмбақтың шешуін шешеді.

Түлкі

 

Тырна

 

Түлкі мен тырна топқа кіреді

 

 

 

 

Түлкі мен тырна

Тырнаны

Жоқ

Көңілсіз

Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-түлкі

 

-тырна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні түсініп тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың қызығушылық сезімдері оянады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, ұнады, өте қызықты болды.

-Тәрелкемен тамақ берді

-Тырна іше алмады

-Тырна түлкіге құмырамен  тамақ берді.

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын қайталап айтады

 

-Иә, дайынбыз.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

 

Балалар берілген тапсырманы орындайды.

 

Рефлексивті коррекциялаушы -Балалар,біз қайда саяхатқа бардық?

-Ол жақта кімдерді көрдік?

-Ханшайым қандай көмек сұрады?

-Түлкі мен тырна неге ренжісті?

-Біз оларды қалай достастырдық?

-Балалар, бүгін сендер үлкен іс тындырдыңдар.Ренжісіп қалған түлкі мен тырнаны достастырдыңдар.

Мадақтау!

-ертегілер еліне саяхатқа бардық.

-түлкі мен тырнаны көрдік.

– берген тапсырмаларын орындадық.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жасайды, ертегі мазмұнын түсініп тыңдайды.

Түсінеді: кейіпкерлердің дұрыс еместігін.

Қолданады: достық сөзін түсініп, бір-біріне қамқор болуды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *