Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері
Қосуақ Құралай
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерьактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагоностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мекетепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерьактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру, мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.
Ақпараттық-коммуникативті технологиялар.
Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерьактивті тақта, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үрдістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылад.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы, белсенді ролін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.
Музыка жетекшісі – міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін, өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді;
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял-елесі;
- коммуникативтік – ересектермен және құрдастарымен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка жетекшісімен қатар тәрбиеші білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғасының табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернеттен алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Блум таксономиясы» технологиясы- бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. Блум таксономиясы негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез-келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген блум әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.
Балаларды шығармашылық дамытуда АКТ-ның тигізер пайдасы орасан зор екенін панорамалық флипчарт сабақта дәлелдедік. Болашақта Блум таксономиясы әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметімізді жоспарлай алсақ және оның жүйесімен жұмыс жасай білсек еш қателеспейміз. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:
1 – білу
2 – түсіну
3 – талдау
4 – қолдану
5 – жинақтау
6 – қорытындылау
Ұйымдастырылған оқу қызметін алты бөлікке жіктеп жаза отырып, АКТ-ны пайдалану оқу қызметін жандандыра түседі, ойлау, сөйлеу, ұшқыр қиялы дамиды деп ойлаймын.
Өз жұмысымды балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.
Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір-бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі.
Топтық оқытуда балаларды топқа бөліп оқыту балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әртүрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту – тіл үйренудің ұжымдық формасы, бұл үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұқбаттасу арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып, әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдісі арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
«Сөйлейтін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі қажетті сөздер, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
«Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже:
- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- баланың жеке қабілеті анықталады;
- балалар бір-бірлерінен қалмауға тырысады;
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды роль атқаратыны мәлім. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-анасы. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін
Білімді жинап, дүниені шолатындай, – балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды», – деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.