Қазіргі қоғамға журналистер керек пе?

Қазіргі қоғамға журналистер керек пе?
Техногологиялардың дамуы медиа сферасының өркендеуіне жол ашты. Медиа сферасы жан-жақтама дамыған қоғамда журналистердің рөлі қандай?
Жалпы, Журналистика – қоғамдық қызметтің бір түрі. Бұл қызметтің иелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік маңызы бар ақпаратты жинаумен, талдаумен және таратумен айналысады. Журналистиканың табиғаты мен мақсаты қоғамның әлеуметтік болмысына байланысты.
Журналистердің бұқаралық ақпарат құралдарының заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қатар «төртінші билік» деп аталуы бекер емес. Қазіргі заманғы саясатты баспасөзсіз, радиосыз және теледидарсыз елестету мүмкін емес, сөзсіз, біздің еліміздегі қазіргі өзгерістердерде журналистердің рөлі зор.
Бүгінгі күні журналистерге қатысты осындай кері пікірлер бар. “Қазір екінің бірі, журналист”, “Біздің болашақ қоғам журналистерді қажет етпейді” бұл пікірлер қаншалықты рас?! Айтылған пікірлерге, қазіргі жастардың ойы екі тарапқа бөлінді. Бірі журналистердің орнын жасанды интеллектер басып жатыр десе, енді бірі дәстүрлі журналистика әлі де өз актуалдылығын жоғалтпады деген ойда.
Біз қазір көріп жүрген блогерлер кімдер? Журналистермен блогерлердің негізгі айырмашылығы олардың мәртебесінде және контентті таратуында. Журналистер оқиғалар мен фактілерді объективті баяндауға бағытталған ресми мақалаларды, репортаждармен жаңалықтарды жазады ал блогерлер бұл жааңалықтарды пікірге бағытталған стильде жасайды, өз ойларын білдіреді.
Медиа сферасы қаншалықты дамыса, өзіне соншалықты журналистерді қажет етеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *