Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі

«ҚР БҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығының 4 к қосымша нысаны (16.09.2021 №472 редакциясында)

 

«Тұран» универсиетінің колледжі

Колледж университета «Туран»
(наименование организации образования)

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Поурочный план педагога для организаций технического и профессионального, послесреднего образования

 

                            Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі._

(сабақ тақырыбы)/(тема занятия)

Қазақ тілі мен әдебиеті

Модуль/пән атауы/Наименование модуля /дисциплины

_____________              Айнабекова Кульзипа Туленбековна____________                _____

Дайындаған-педагог/Подготовил педагог (ФИО)

 

“_23-28_”__қазан___ 2023 жыл/года

 

1.Жалпы мәліметтер/Общие сведения

Курс _______1___________топ/группа  ____1 курс_____.

Сабақ типі/Тип занятия: Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану

  1. Мақсаты, міндеттер/Цели, задачи

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын, Ұлы Жібек  жолының сауда, шаруашылық және халық аралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.

Тәрбиелік:         Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени,  рухани құндылықтарды бағалау, қастерлеу  және сақтай білуге баулу.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия

-мәтіннен өзіне керектісін бөліп алып, жазылған құжаттарды оқып түсінуді.

-нақты тақырыпқа сұхбат құрастырып, әңгімені жалғастыруды, пікірталас жүргізуді.

-күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен пікірлесе және белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса аулда.

– тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуге.

3.Сабақты жабдықтау/Оснащение занятия

оқулық, кесте, сызба, презентация

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер/Учебно-методическое оснащение, справочная литература

  1. Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ.Рауандина, Р.С.Рахметова, Б.Қ.Мукеева. Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 1-бөлім. Көкжиек-Горизонт, 2019
  2. З.Ерназарова, А.Бекетова, С.Кужакова. Қазақ тілі мен әдебиеті. Оқулық +Үнтаспа. 1,2-бөлім. –Алматы: Атамұра, 2020.
  3. Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, А.Рауандина, Ж.Саметова. Қазақ тілі мен әдебиеті: Тіл-Байрақ. Дидактикалық материал. Көкжиек – Горизонт, 2019.

3.2 Техникалық құралдар, материалдар/Техническое оснащение, материалы дербес компьютер, бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар, үнтаспа

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ/

ХОД ЗАНЯТИЯ

Ұйымдастыру кезеңі/

Организационный момент

Амандасу

Білім алушыларды түгендеу

Сабаққа назарларын аудару

Сабақ кезеңдері/

Этапы занятия

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау.

«Қан мен тер» романына талдау.

1.Авторы-

2.Тақырыбы-

3.Әдеби жанры-

4. Эпикалық жанр түрі –

5.Идеясы-

6. Кейіпкерлері:

7.Шығарманың композициялық құрылысы-

7. 1.Оқиғаның басталуы –

7.2.Дамуы –

7.3.Шиеленісуі-

7.5.Шарықтау шегі –

7. 6. Шешімі –

Қызығушылықты ояту.

Сұрақ-жауап

•        Сауда-саттық дегеніміз не?

•        Ұлы Жібек жолы туралы не білесіз?

•        Неліктен Жібек жолы деп аталған?

•        Жібек Жолы қандай қалалар арқылы өткен?

•        Адамзат тарихында Ұлы Жібек жолының маңызы қандай?

Ұлы Жібек жолын сауда және халықаралық қатынастар жолы деп неге айтқан?

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Тыңдалым. Бейне фильмдерді көріп, тақырып жайында ақпарат алу.

Ұлы «Жібек Жолы»— Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.  Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.

Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.

Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.

1-жаттығу. Оқылым. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

2-жаттығу. Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.      Ертеде сауда орындары болған қалаларды ата?

2.      Ұлы Жібек жолы қайдан бастау алды?

3.      Ұлы Жібек жолы қандай көпір болды?

4.      Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймағын кесіп өтті?

3-жаттығу. Жазылым. Дұрыс/Бұрыс екенін тап.  10-сынып. 2-оқулық. 12 бет. 14-жаттығу.

4-жаттығу.  Жазылым. Мәтін бойынша ақпаратты жаз. 10-сынып. 2-оқулық. 12 бет. 11-жаттығу.

5-жаттығу. Айтылым. 10-сынып. 2-оқулық. 13 бет. 15-жаттығу.  Картаға қарап, қай қалалардың дамығаны туралы айт.

 

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау.

1. Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың түркі кезеңінде жандану себебін түсіндіріңдер.
2. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтуда Ұлы Жібек жолы қандай рөл атқарды?
3. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қай қалалар бүгінгі күнге дейін сақталған?
4. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихына қосқан үлесіне баға беріңдер.

Сабақты қорытындылау.

Ұлы Жібек жолы

Мұхит тақырыбына кластер құра

 

 

 

 

 

Білім алушылардың білімін бағалау:

1. Үй тапсырмасын орындағаны бойынша

2. Сабақтағы жауаптары бойынша

Сабақ бойынша рефлексия/Рефлексия по занятию
1.Сабақта мен

 

2.Сабақтағы өз жұмысыма

 

3.Менің көңіл-күйім

 

4.Сабақ материалы мен үшін

белсенді/ немқұрайлы/ жұмыс істедім.

қанағатпын /қанағат емеспін/

 

жақсарды / жақсармады/

 

пайдалы/ пайдалы емес

түсінікті /түсінікті емес

Үй тапсырмасы/

Домашнее задание

Ұлы Жібек жолы туралы презентация жасау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *