Үй жануарларының пайдасы

Байғараева Жібек Әбушакадақызы
ҚОББ ҚҚББ «Ер Төстік»
Бөбекжай-бақшасы ҚМКҚ тәрбиеші

Тобы Ересектер «Дана бала»
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОҚ «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Үй жануарларының пайдасы»
ҰОҚ мақсаты: Үй жануарлары және олардыңтіршілігі  туралы білімдерін кеңейтеді және төлдерін атайды.

Қарапайым тәжірибеге қызығушылық танытады.

Күтілетін нәтиже Үй жануарларының пайдасын атайды.

Табиғи өнімдердің қасиетін түсінеді.

Үлкендер еңбегіне құрметпен қарайды.

Әдіс-тәсілдер 4К  (бала үні, креативтілік, командада жұмыс жасау, сыни ойлау) Ашық сұрақтар: бала үнін тыңдау,жігерлендіру,уәждеу. Жалпылама бақылау, өнім бойынша саралау.
Ресурстар АКТ слайд, сүт өнімдері, т.б
Уақыты 25 минут

ҰОҚ жоспарлау

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Кіріспе бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бір-біріне жақсы көңіл -күй сыйлайды.

«Мен көңілдімін»

 

«Миға шабуыл»   әдісі

«Шешуін тап»

Жұмбақ жасыру үй жануары  туралы

 

Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (сиыр)

 

Кезікті бір жануар,үстінде екі тауы бар (түйе)

 

Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар (қой)

 

Төрт аяғы бар, басында екі таяғы бар

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

 

Алмастан тыным

Шабады         (құлын)

 

Кинометафора  видео «Үй жануарларының адамға пайдасы»

 

 

Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек.

Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.

Төрт түліктің адамға пайдасы өте зор.

 

-Жарайсыңдар, балалар олай болса бүгінгі тақырыбымыз үй жануарлары жайлы болмақ екен. Олай болса, әжеміздің ауылына  саяхатқа барамыз.

-Балалар, енді біз топтаса отырып тапсырмаларды орындайтын боламыз.Қанеки, мына асықтың сары, жасыл және қызыл түстері арқылы топтарға бөлінеміз.

Қызыл асық тобы

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын:  зерттеу «Айран пісу»

Күбідегі ұйытылған қатықты піседі

Құрылымдалған ойын: «Құрт қалай жасалады?» 

Шарты: домалату, жалпайту тәсілдері арқылы   жасайды және  құртты тағам өнімдеріне арналған бояуды араластырып таяқшаларды бекітеді.(чупа-чупс)

Бағалау «Отшашу» әдісі

 

 

Сары асық тобы

Құрылымдалған ойын: «Баспана»

Шарты: құрылыс блоктарынан үй жануарларына арнап баспана  жасайды.

Бағалау «Басбармақ» әдісі

 

 

Жасыл асық тобы

Құрылымдалған ойын: «Киіз басу»

Шарты: түрлі –түсті жүндерді қолдана отырып  киіз жасайды.

Бағалау «Басбармақ» әдісі

 

 

Сергіту сәті

« Жануарлар туралы Санамақ»

1-дегенім баспақ,

Бұзауды жүр бастап.

2-деген ешкі,

Ешкі қойдан есті.

3-дегенім үйрек, жем бер қолға үйрет.

4-дегенім тайлақ,

Тайлақты қой байлап.

5-дегенім бие,

Құлыныма ие.

 

Рефлексия:

-Бүгінгі күндеріңді қалай өткіздіңдер?

-Сүт өнімдерінің  пайдасы бар ма екен?

 

Кері байланыс:

Біз бүгінгі өзіміздің орындаған тапсырмаларымызға  қандай баға бере аламыз?

 

Бағалау: «Жұлдызшалар» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *