Ақсақ киік. Киіктің айласы
kairshanz@mail.ru
Бөлім: | Жанды табиғат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Нугыманова Гульмира Жумагазиновна | |
Пән: | Әдебиеттік оқу | |
Сынып: 3Д | Қатысушылар саны:24 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ақсақ киік. Киіктің айласы | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.1.1 шығарманы тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін,сөйлемді табу.
3.2.4.1 шығарманы дауыстап түсініп,мәнерлеп оқу |
|
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп, мәнерлеп оқи алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтайды және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді таба алады. Кейбір оқушылар: шығарма мазмұнына қарай сұрақ құрастырып, жауап бере алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
2 минут
5 минут
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де, Қуанасың сенде. Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге Топқа бөлу «Таңдау» әдісі арқылы
Үй тапсырмасы: «Алмастың ағашы» Оқу материалын жариялау .Ой қозғау Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңді оқу Сұрақ-жауап 1.Балалар оқылатын шығармада қандай қандай оқиға туралы айтылатының болжап,өз ойларынды дәлелдендер? -Балалардың жауабы – Ендеше бүгінгі сабағымызда Әуелбек Қоңыратбаевтің «Киіктің айласы» мәтінімен және өмірімен танысамыз 2.Киік-киелі жануар /видео ролик/ |
Жаттығу жасайды.
Топқа бөлінеді.
|
Қалыптастырушы бағалау:
«Бағалау парағы». Бағалау парағына әр тапсырманы орындаған сайын белгі қойып отырады
|
Слайд /автор/ |
Сабақтың ортасы
20 минут
3 минут
5 минут
|
2.Оқулықпен жұмыс: 38-39 бет
Балалар мәтінді бөлікке бөліп оқиды /4 бөлік/ «Әдеби шеңбер» әдісімен жүзеге асырылады. 1-топ:Баяндап беруші (Мәтіннің мазмұнын баяндап беру,өз ойларын еркінжеткізу) 2-топ: Зерттеуші (Мәтінді түсіне отырып, басты кейіпкерлер туралы сипаттайды,мәтіннен таныс таныс емес сөздерді табады,мәтіндегі текенің әрекетін өмірмен байланыстырып айту) 3-топ:Сұрақтар құрастырушы (мәніннең сұрақтар құрастырады) 4-топ:Бейнелеуші суретші (Мәтін бойынша сурет салу , суреттері мәтіннің мазмұнын ашатындай болу керек) Сергіту сәті: Дене мүшелеріміз қалай сөйлейді? Дескриптор: – Шығарманы түсініп, мәнерлеп оқиды. Дәптермен жұмыс. таяқ сілтем жер шаршаған діңкесі құрыған жақын залалы зияны
-Мәтіннен ақбөкен туралы қандай ақпараттар алдыңдар? Дескриптор: – Суретті пайдаланып, мәтінді әңгімелейді. – Мәтінге сүйеніп, байланысу сызықтарын жүргізеді. – Мәтіннен ақбөкен туралы қандай ақпараттар алғанын жазады.
|
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырмада мәтінді бөлікке бөліп оқиды 2-тапсырмада Мәтіннің мазмұнын баяндайды,өз ойларын еркін жеткізеді 3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырады 4-тапсырма Мәтін бойынша мазмұнын ашатындай сурет салады
Дәптермен жұмыс Мәтінге сүйеніп , байланысу сызықтарын жүргізеді |
ҚБ:
Бағалау парағы
ҚБ: Өзін-өзі бағалау парағы
|
Оқулық, дәптер
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың соңы
5 минут |
Рефлексия: «Нысана» әдісі
Оқу тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау. |
|
Кері байланыс: «Ойымды аяқтау» әдісі | |
Саралау
1-тапсырма Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады 2-тапсырма Оқушының ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. 3-тапсырма Ұсынылған мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады 4-тапсырма Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. |
Бағалау
«Бағалау кестесі» әдісі
Дескриптор – мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды; – сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады – мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады – мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайды |
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
Сабақ мақсатына жетті,оқушылар «әдеби шеңбер» әдісі арқылы өз ойларын еркін жеткізді.
Оқушылар білесе жұмыс жасай алды,жоспарланған уақытты тиімді пайдаландым |
|||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өленін тындау арқылы тақырыпты ашу 2: «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы шығармамен жұмыс жасау Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Киік-киелі жануар /видео ролик/ 2: Кері байланыс |