“Ерекше оқуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастырудағы ойын түрлерінің маңыздылығы”
Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты – ұлттық құндылық, әрбір бaлacы – еліміздің ертеңі екенін еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып тaбылaды. Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды. Алғаш рет 2002 жылы Қaзaқcтaн Реcпубликacының «Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды әлеуметтік және медицинaлық-педaгoгикaлық түзетулік қoлдaу турaлы» Зaңы күшіне енді. Зaң әлеуметтік және медицинaлық, педaгoгикaлық түзетулік қoлдaудың түрлері мен әдіcтерін aнықтaйды, мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін бaлaлaрғa тиімді көмек жүйеcін құруғa, oлaрдың тәрбиеcіне, oқуынa, еңбектік және кәcіптік дaйындығынa, бaлa мүгедектігінің aлдын-aлуғa бaйлaныcты мәcелелерді шешуге бaғыттaлғaн.Ерекше балаларға білім берудегі ең ұтымды технологиялардың бірі-ойын технологиясы.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады.
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
- олар ойланады;
- эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілетімен дарыны ұшталады;
- ұжымдық сезімі қалыптасады;
- ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдереді.
Ойын – оқушының оқуға деген ынтасын арттыратын құрал деп қабылдаймын. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі бала сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оны жалықтырмай әртүрлі ойын-жаттығулар түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысып келемін. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
— мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, сынып, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
— қимыл қозғалыс ойын-жаттығулары: «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық пен тышқан»;
— дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, сен жалғастыр, дәл тауып айт т.б.
— құрылыс ойындары: лото және басқа констукторларды пайдалану;
— моторикалық ойын-жаттығулар: мозайка, құм терапиясы, су терапиясы, ұсақ моторикалық ойындар элементтері.
дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Сондықтан В.А.Сухомолинскийдің осы сөзіне сүйене отырып балалардың ынтасын оқуға деген қабілетін ойын-жаттығулар арқылы дамытуға болатынын білдім.
Ойын арқылы бала бойынан барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерін көру үшін, ойын-тапсырмаларды, танымдық ойын-жаттығулар, ойын терапияларын және де қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола алады. Моториканың дамымай қалуы жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Баланы тәрбиелеу кезінде арнайы жаттығулар мен сергіту ойындары арқылы баланың дамуына ықпал етуге болатыны дәлелденген тәсіл. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың -әрекетін дамытудағы ойын-жаттығулар:
«Суретті есіңе сақта» ойыны. Мақсаты: көру, есін және зейінін дамыту. Қажетті құралдар: бала санына қарай ойын үйлестірмелері,
Ойынның жүру барысы: Әр балаға ойынға арналған үлестірмелерді таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін үлестірмелерді ауыстырады. Үлестірмелі парақшада зейін қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Ойын осылай жалғаса береді.
«Ұқсас сөздер» ойыны. Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын, қабылдауын дамыту.
Барысы: «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім». Мейрімді – жанашыр, жылы жүрек, жақсы. Аласа – кішкентай, биік емес және т.б.
Арт-терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар: Изотерапия «Ылғал қағаз бетіне сурет». Мақсаты: АРТ-терпия әдісін пайдану арқылы, бала қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Алдын ала ылғалданған қағаз бетіне акварельмен сурет салу. Мүмкіндігінше қанық бояуларды қолданған дұрыс. Бояулар бірімен бірі қалай араласатынын бақылау. Пайда болған бейнеге ат қою. Аяғында сурет талданады.
Су терапиясы «Балықтар» жаттығуы. Судың ішінде жүзіп жүрген балықты қармақпен бір балықты ұстап алып шығу. Сиқырлы балықтың қояр сұрағына балалар жауап беру.
Құм терапиясы. «Құммен ойын». Құм ойыны арқылы бала қиындықты жене білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмнан түрлі мүсіндер жасау арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын, қорқыныш сезімін жеңе алады.
М.Монтессори әдістерімен жұмыс. Қол қимылының мидың дамуына әсері қол мен саусақ жаттығулары дене мен ми жұмысын реттейді. Белгілі педагог В.А Сухомлинский былай деген, “Бала ақылы — саусақтың ұшында орналасқан”.
«Құмырадағы пипетка» Мақсаты: қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдар: су толтырылған пластмасса ыдыс, пипетка. Құмыра түрлі түсті жолақтармен бөлінген.
«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру». Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
Бұлшықет тонусын реттеуге бағытталған жаттығу. Мақсаты: Бала бұлшық етін босаңсыту. Мысалы: «Аққала». Барлығы түрегеліп тұрады. Балаларға өздерін аққала кейпінде елестету ұсынылады. Дене қатып тұрған қар сияқты қатты ширығу керек. Содан кейін аққала біртіндеп ери бастайды. Бірінші басы, сосын иықтары, қолдары, арқасы, аяғы. Кейін аяқтан бастап еруге ұсыныс жасауға болады.
«Түрлі-түсті макорондар» ойыны. Сиқырлы макарондардың түстерін ажырату. Тарелкедегі макарондарды ажыратып (түсі, көлемі, пішіні бойынша), ыдыстарға салу.
Сурет терапиясы. «Жанұя суреті» Мақсаты: Балалардың ішкі сезімін ашу, қиялын дамыту.
Ұсынылып отырған ойын-жаттығулар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін, ұсақ моторикасын дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, достық сезімге тәрбиелеуге үйретеді.
Оқушылардың даму деңгейінің сапасын, нәтижесін білу мақсатында әр тоқсан сайын бір рет диагностикалық жұмыстар жүргізіп отырамын. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
Анықтаушы эксперимент барысында балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай танымдық зерттеу әдістері қолданылды: қабылдауын зерттеу; есте сақтауын зерттеу; ойлау қабілетін зерттеу; зейінін зерттеу.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға танымдық іс-әректінің ойын арқылы дамытудың артықшылықтары:
- Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға бейімдеуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізі қаланады;
- Психологиялық-педагогикалық танымдық ойын-тапсырмалар арқылы баланың қызығушылықтары артады;
- Өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, шешуі қиын шиеленісті жағдайдың дұрыс жолын табуға әдеттенеді;
- Танымдық іс-әрекет процестері дамиды;
- Баланың жан-жақты білім мен тәрбиені қатар меңгеруге жағдай жасалады;
- Баланың ішкі жан дүниесін анықтауға себепші болады;
- Мектепте оқуға психологиялық қызығушылығы артады;
- Баланың сана-сезімі дамуына себепші болады.
Тиімді жақтары:
- Ересектермен өзара тұлғалық қарым-қатынас орната білуі;
- Педагог пен бала арасында рухани шынайы қарым-қатынас орнауы;
- Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке психологиялық ерекшеліктері анықталады және сипатталады;
- Бала ойын ашық еркін ерікті түрде айтуы, тілдік қарым-қатынастың дамуы;
- Баланың сана-сезімі дамуына себепші болады.
- Баламен жеке тұлға ретінде сөздік қарам-қатынас орнатылады;
- Ата-аналардың балалар тәрбиесіне деген көзқарасы жоғарылайды, педагогке деген сенім-сезімдері жақсарады;
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Қазіргі кезде елімізде, мектептерде ерекше білімді қажет ететін балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.
Балалармен жұмыс жүргізу барысында жоғарыда аталған танымдық ойын түрлерін өз жұмысында қолданып, ойын арқылы бала сенім-сезімдерін, танымдық іс-әрекеттерін дамытудағы нәтижелерім бала бойынан көрініп, оң нәтиже танытып келеді.
Болашақ ұрпақ бойына адами құндылықтарды сіңіріп, тәрбие өлшемдеріне сыйластық ниетпен қарауға, осы арқылы педагогикалық инновациялар мен жаңа технологияларды игерген үйлесімді болашақ тұлғаны қалыптастыруға міндеттіміз.
Ералы Гүлжауһар Әділханқызы
Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-психологы