Мектепішілік бақылау және критериалды бағалау жүйесі Жетісай ауданы, Асықата кенті Әл-Фараби атындағы №12 ЖББМ директоры

Каримова Гулмира Жасузаковна

«Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері

Әл-Фараби атындағы №12 ЖББМ КММ-нің                       директоры

Түркістан облысы

Жетісай ауданы

Асық ата кенті

                Мектепішілік бақылау және  критериалды бағалау жүйесі                 

                 (Пән апталықтарын, ӘБ құжаттарын,жаңартылған білім мазмұны аясындағы оқу үдерісін жүргізіп жатқан сыныптарды критериалды  бағалау)

  Біз, ұстаздар қауымы білім беру саласын әлеуметтік өзгерістерге байланысты   өзгерту мен жаңашаландыру кезеңінің белсенді  қайраткерлеріміз. Ұстаз болу жүректің батырлығы дегендей, ұстаздық мамандығын таңдаған әр бір азамат жүректі.   Сол  батырлығымызды тағы да бір дәлелдейтін уақыт келген сияқты. Білімді бәйтерекке теңесек, оның тамыры мектептен өнетіні баршамызға аян.

  Осы тұрғыда жалпы бүгінгі таңда    тілімізге тиек болып жүрген өзгеру және жаңару туралы кішкене ой жүгіртейік.  Ел басымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы   «Өмір сүру үшін өзгере білу керек.Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала бермек»- деген сөздері ел аузына ұран болып қалыптасты. Сонымен өзгеру деген не?  Өзгеру  «Болмасаң да ұқсап бақ» -деп, Абай атамыз айтқандай ұқсап бағу ма , жоқ әлде мүлдем басқа адамға айналу ма?!  Мен бұл сұрақтың,  яғни өзгеру ұғымын ел басқарған азаматтардың «Егер жаңғыру елдің ұлттық  рухани тамырынан нәр  алмаса,ол адасуға бастайды» – деген сөздерін негізге алып,  мынадай ұстаным қалыптастырдым:    «Өзгеріс – бұл өзгелерге еліктеп, өзіңдегіні жоғалту емес, өзіңдегі бар мүмкіндікті  белгілі бір кезеңдік үдеріске бағыттай отырып, жаңалықты  бойға сіңіру »

 Мен  осы ұстаным бойынша өз мүмкіндігімді мектепті басқару  және бақылау жұмыстарына  көшбасшылық ете отырып, қалай  пайдаландым, не жаңалық үйреніп,мектепке не жаңалық ендірдім енді сонымен бөлісейін.  Бұл әрине сіздердің көкейлеріңізде тұрған сұрақ. Деңгейлік бағдарламалар идеясынан  таныс болған  «Критериялды бағалау»  жүйесі қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұнының басты басымдықтарының бірі болып  оқыту үдерісінің бағалау жүйесіне енуде. Бағалау жүйесін біз қалай түсінеміз? Бұл тұрғыда Лев Выготский: «Адамдардың білім алуы   жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет сондықтан бағалау ізгі    болуы  керек» деп атап көрсетті. Критериалды бағалау жүйесі осы ізгіліктің бастауы.

Мен  осы критериалды бағалау жұйесін оқушылардан бұрын мектеп мұғалімдерінің рейтінгісін шығару  жұмысына қолдандым. Менің әкелген өзгерісімде осы болды. Мұндағы мақсатым:қытай ғұламасы  Конфуцийдің  «Естісем ұмытып қаламын, көрсем есімде қадады, өзіме қолдансаң ұйреніп аламын» деген інжу сөздерін негізге алып, критериалды бағалау жүйесін өздеріне қолдана отырып үйрету  және  мұғалімдер еңбегін бағалауды ізгілендіру еді. Сонымен  критериалды бағалау дегеніміз не? Соған тоқтап өтейік.     Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен  бағаланушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Бұл анықтамалық жүйе оқушы жетістігін бағалауға арналған  . Ал мұғалім үшін де осындай бағалау керек сияқты.  Себебі, оқушыны өсіретін , қалыптастыратын да мұғалім емес пе?! Мұғалімнің міндеті , өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.                 [ МАН,  70 бет] Біз де, оқу орынбасарлары мұғалімдердің арасында да белсенді оқыту ортасын құру қажеттілігі туындағаны рас. Осы тұрғыда  мұғалімдер арасында бәсекелестік емес   өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып , мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Әсіресе жаңартылған білім мазмұны аясында жаңарып жатқан мұғалімдерде оқушы сияқты  жаңа педагогикалық дағдыларды қалыптастыру кезеңінде . Оларға көрсетілер қолдау  –  әріптесіміздің кәсіби өсуіне ететін ықпалымыз. Мен енді осы жоба аясында өткізген бір тәжірибеммен бөлісейін.Менің бірінші тәжірибем апталықтардан басталды. Бізде белгілі аудандық білім бөлімінен бекітіліп келетін бірлестіктер апталықтарының  кестесі бар. Кесте бойынша апталықтар өтіп жатыр.Әр түрлі деңгейде. Апталықтар рейтінгісін шығарғанда біреуі жоғары, кейде төмен  болып , соның салдарынан кейде келіспеушіліктер туындап, дәлелді айғақтарым жеткіліксіз болып жатқан кездерім де болды, яғни бағалау жүйеі оңтайлы емес.  Оның шешімін табу жолдарын қарастыра отырып, әрі өтілу сапасын арттыра түсу мақсатында біз мынадай критерийлерді әдістеме жетекшілеріне ұсындық .

(№5 слайд)

Апталықтарға қойылатын критерийлер мен  оның дискрипторлары.

Критерийлер Қалыптастырушылық кезең

Тапсырмалар мен дескрипторлар

 Шәкілдері Орта балы
Апталық жоспарының сапалығы: Интелектуалдылық 2/1/ 0     6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

                                                Интегралдылық 2/ 1/0
СМАРТ-қа сай түзілуі 2/1/0
Өтілу сапасы: Жоспардағы іс-шараның көрсетілген мерзімнен ауытқымауы 2/1/0  

 

 

7

   Іс-шаралардың толық апталық тақырыбына сәйкестігі

Іс-шаралардың толық апталық   жоспарына сәйкестігі

 

2/1/0

 

2/1/0

     Жоспардың толық орындалуы 1/0
Мәліметтер жинағы Апталық жұмысының мектеп сайтына жүктелуі 2/1/0  2
   

Міне, менің механизімім оңай ғана және тиімді, қолжетімді. Әр апталықта әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сапалы білім беру мен белсенді білім алуды амалға асыру двигателі жұмыс жүргізеді, апталық соңында талданады, жинақталады, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан «Белсенді білім алудың пән бойынша маңыздылығы көрініс тапты ма?» ашық сұрағы аясында рефлекцияланады.  Бұл- жыл бойында  білім беру гармониясының  үзбей жүргізіліп жатқандығының айғағы

Бұл кестеде бірінші бағанда  критерийлер – апталықтың өтілу міндеттерін жүзеге   асыратын өлшемдер, атап айтқанда, мұғалімдердің жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Екінші бағанда дескрипторлар– қойылған критерийлердің қадамдары, яғни жетістікке  жету қадамдарының сипаты.

Үшінші бағанда шәкілдер –өздеріңізге белгілі ұпай .                                                                                          Байқасаңыздар :қалыптастырушы және жиынтық деген белгілер тұр, бұлар критериалды бағалаудың қос қанаты десек болады.

Сонымен бұл жоба   қандай тиімділік танытты ?

Мектеп әкімшілігі үшін:

–           Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға

–           Сабақ берудің сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыруға

–           Мұғалімдердің жеке  ерекшеліктерін ескере отырып,   жұмыс ауқымын жоспарлауға;

Мұғалімдер  үшін:

–           Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

–           Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге

–           Мұғалімдік қызметіндегі табыстылықты бақылауға;

–           Кәсіби өсуі үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Барлық іс-әрекет нәтижеге бағытталатыны белгілі.

Бұл тәжірибе бізге өткен оқу жылында жақсы нәтижесін берді.  

 

Міне, осылай мектептегі жыл бойы қойылатын іс-шараларды бағалап отырдық. Бұндай критерийлер бірлестік жұмыстарына, бірлестіктердегі жеке мұғалімдерге де құрастырылған. Критерий алдын ала модерациялық жұйеде ақылдаса отырып құрастырылып, жыл басында таныстырылып беріліп қояды. Модерациялауға  мектеп әкімшілігімен қоса бірлестік жетекшілері де қатысты. Құрастырылған критерийлер әсіресе мұғалім портфолиясындағы өзін-өзі дамыту папкасының  титулы десек болады. Дәл осындай критериалды бағалау жұйесі жылына екі рет басқару мен басшылық бойынша әдістемелік бірлестік құжаттарының реттілігін қадағалауға да тиімділігін танытты.

Әрине, сіздер «Мұндағы жаңалық қайда, мұғалімдер рейтігісін онсыз да шығарып бағалап жүрміз ғой, өзгеріс қайда?»- деп, ойлауларыңыз әбден мүмкін. Бұл ойларыңызға жауап ретінде  алғашқы тұжырымға келейік. (№9 слайд) «Өзгеріс – бұл өзгелерге еліктеп, өзіңдегіні жоғалту емес, өзіңдегі бар мүмкіндікті  белгілі бір кезеңдік үдеріске бағыттай отырып жаңалықты ұйрену» . Біздің тәжірибемізде өзгеріс бар, бірақ өзіміз қолданып жүрген мүмкіндіктерді,  яғни мұғалімдердің рейтінгісін шығару жұмыстарын қазіргі талап етіліп отырған жүйеге салдық. Біздің қосқанынымыз  табыс критерийерін құрастырып, табысқа жету қадамдарына жол көрсеттік. Нәтижеге жеттік. Мұғалімдеріміз табыс  критерийлермен алдын ала танысқандықтан жұмыс белсенділігі артты, жұйеленді.  Міне , біздің оқытуды басқару және көшбасшылық модулі аясында  бақылау мен басқаруға ендірген бір өзгерісіміз.

Білім беру үдерісін  бір двигательге баласақ , двигательді түрлі механизмдер жұмыс атқарады. Соның бірі «катализатор». Катализатор двигателдің қозғаушы күшін жылдамдатқыш құрылғы екен.Мен сіздерді  сол қозғаушы  жылдамдатқыш құрал –катализаторға теңеймін. Сіздер педагог –катализаторсыздар, мектептің қозғаушысы, жаңалық жаршысы екендеріңізді мақтан етіңіздер.

Ендеше, құрметті әріптестер,  мақала бастауында айтып өткендей ұстаздық мамандықты таңдағанда жүректің қалауы әмірлік еткен болса, онда сол жүрек    мұндайда батырлығын да таныта алуы тиіс. Сіздерге толағай табыс, сәттілік тілеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ » ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ.

«Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы»      Астана -2016.

  1. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы «29» қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25 тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген Ереже

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *