«Туған жер – тұғырым»
№49 “Сырдария” ЖББМ
«Туған жер – тұғырым»
Табиғатта сезім бар, құлақта бар,
Ренжітсең,күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң,жаныңа шуақ тамар
Қажығанда бойыңа қуат болар.
М.Аяғанова
Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті.
Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.
Міне, сондықтан тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамдар отанға деген махаббат сезімі оянады.
Әрбір адамда Отан ошақ басынан басталады. Туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер «Бәйтерек» ауылынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр. Мен өз ауылымды қатты жақсы көремін. Алысқа ұзай қалсам болды, ауылдың мен үшін жатталып қалған көшелері көз алдымнан үзік-үзік сурет болып елестей жөнеледі.
Туған жерімнің көркейіп, әсем ауылға айналып жатқаны менің жаныма қуаныш ұялатады.
Бәйтерек ауылының тұрғындарына кереметтей әсем білім ордасын салып берді. Тақтайдай түзу жол, самалдай жарқыраған бағаналар ұзақтан көз тартады.
Сонымен қатар ауылымызда мешіт ашылып, иманды жастарымыз күн санап көбейуде.
Қаншама құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мұның бәрі туған ауылымыздың көркейуіне септігін тигізіп жатыр.
Мен қазір 11 сынып оқушысымын. Бар күш жігерімді білімге жұмсап жатырмын. Ұлағатты ұстаздарымда өз білімдерімен шәкірттерін сусындатып жатыр.
Алдыма үлкен мақсат қойып отырмын. Алтын ұя мектебімді үздік бағамен бітіріп, өзім армандаған оқу орнына грантпен түсіп қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да туған ауылымды барынша көркейтуге ат салысамын!
11 сынып оқушысы: Батырова Саламатхон,
Жетекшісі: Давлатова Азиза
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718