Денсаулығы сәбидің қуанышы әр үйдің!
Сарсенбаева Саманта
Мақсаты:Балалардың денесін шыңдап,бұлшық еттерін жетілдіру.Салауатты өмір
салтын сақтау, дені сау рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Балалардың икемділігі
мен ептіліктерін, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар:Кішкентай түрлі-түсті доптар, қоян, қонжық суреттері құрсаулар, сәбіздер,балықтар.
Барысы:
Балалар шар ұстап әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме! Құрметті әріптестер, балалабақша қызметкерлері.
«Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің!» атты Ерте жас «Балапан» тобының іс-шарасына қош келдіңіздер!
Біздің іс- шарамыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1) «Көңілді күн»
Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалысын арттыру.
Шарты: Әуенмнен күнді айналып тұрып, би қимылдарын жасау.
2) «Түрлі түсті доптар» қимылды ойын
Мақсаты:Ептілікке,шапшаңдыққа,қызығушылықтарын ояту.
Шарты: Ортада құрсаулар түрады,сол құрсаулардың үстіне жерде жатқан доптарды лақтырып құрсауларға жинау.
3) «Қоянды тамақтаныру»
Мақсаты:Балаларды ептілікке баулу, ойынға қызығушылығын арттыру.
Шарты:Қоянды сәбәздермен тамақтандыру.
4) «Қонжықтарға көмек»
Мақсаты:Балаларды ептілікке баулу, ойынға қызығушылығын арттыру.
Шарты:Қонжыққа балықтарды көмектесіп жинап беру.