Абайдың педагогикалық-ағартушылық көзқарастары

Абай педагогикасын рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе жүректің салтанаты деп қабылдайтын болсақ, оның негізгі бағыты кемел адам тәрбиелеу. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен жаратылыс негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адам – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік.Осы баулу мектептерінен өткен, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер,білім-ғылымға,көргенділікке қол жеткізген қоғамда өз орнын таба білу (өміртану) ғылымын игеруші жанды атамыз толық адам деген. Олай болса Дана Абай педагогикасы – заманауи толық адам қалыптастыру ісінде тұғыр боларлық, Қазақстан білім жүйесінде, жастарға тәлім-тәрбие беруге ғылыми негіз боларлық ұлтанды ілім болып табылады. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы – бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам – ақын көзқарасында, ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен Күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» – деп жар салады. Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қыр-сырын бүге-шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т.Х.Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып, ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды». «…Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де, қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен, тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік».

Сондықтан, Абай педагогикасы да таңқаларлық терең әлем!

 

Маратова Раушан Серікқызы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *