Ақ немесе қара?

Бір-түрлі сезім.Бәрі түсініксіз болып кетті.Бірақ,нәтижесі көңілімнен шығып тұр.
Мен бәрін басынан бастайын,ия?           Түскі сағат үштен кете ,басым жастыққа тиген бойда тәтті ұйқыға кеттім.Бір мезгілде,мені қатты асығыстықпен атам оятып алды.Бөлмесіне әкеліп алдыма екі пультті қойды.

-Алтыным,саған тапсырмам осы ойынды тек екі туймені басып өтіп шықшы.-деді.
Алдымда екі пульт.Біреуі ақ,екіншісі қара.
Ойын шарттары оп-оңай екен.Алдымдағы белестерді пультті таңдау арқылы өту болды.Басында екеуін алмастырып қарадым.Ақ пультті басқан сайын жеңілдіктермен қысқа жолдар көрсетілді.Ал қара пультті қолыма ала бергенде,белестер көбейіп,ойынды өту қиынырақ болды.Соны ескеріп тек ақ пультпен ғана ойнап отырдым.Жеңіл тапсырмалармен нәтижесіне тез жетемін деп қызығып ойнадым.Алайда жол қысқарған сайын ойынның соңы көрінбейді.Мүмкін мен дұрыс емес ойнап отырған шығармын.Ақ пультті баса бердім.Қиналып отырғанымды көріп,қасыма атам келді.
-Мына қара пульт неге алыста тұр?Қызым-ау ойында тек екі пульт болған соң,бұныда қолдануыңа болады.Қарашы арасына қар пультпен бір-екі рет бассаң,жанағы қысқа жолдарыңа қиын белестер қосылып,ойынды жеңу оңайырақ әрі қызықты.
Атамның айтқанына құлақ асып қара пультпен жұмыс жасап көрдім.Шыныменде жеңіл жолдың әрі қарай өтер жер таппай тұр едім,қара пульттің көмегімен көпір қондырылып келесі бетіне өттім.Екеуін алмастыра отырып,ақ пульттың өте алмаған тапсырмаларына қараны қосып,бір-бірін толықтырып отырдым.Нәтижесінде үлкен торт берілді.Құрамы ақ пен қарадан жасалған.Ойынның басында ақ пультті көп қолданғаным үшін,кішкене қозғалып тұр екен.Бірақ сондада әдемілігін және дәмін жоғалтпай тұр.
-Ойын өте қызық,ия ? Ережелері қиын емес болсада,тапсырмасын орындауға келгенде ойландырады.Тыңда қызым,өмірде бәрі осы ойын секілді.Алдыңда күткен сан-түрлі оқиғаларды бастан кешіргенде ақ пен қараны үнемі бірге ұста.Себебі ол екеуі мүлдем қара қайшы болғанымен,бір-бірін толықтырып тұрады.Нәтижесінде міне қараша қандай әдемі торт.-деп атам маңдайымнан сүйіп кетті.
Ұйқыдан тұрғанымда бұның бәрі жай ғана түс екенін түсіндім.Тек кішкентай кезімде көруді бұйырған Атам,түсіме келіп керемет өсиетін айтып кетті.Неге ерекше сезім дейсіздер ме?Ойланып отырсам,осы күнге дейін «Өмірдің ақ пен қарасы» деген ұғымға мен тек біркелкі қарап жүр екенмін.Атамның сөзінен ұққаным,ақ пен қара ол тек жақсылық пен жамандық,адалдық пен арамдық емес.Ақ пен қара ол бір-бірін әрдайым толықтырып тұратын,біреуінің артықшылығы екіншісіне кемшілік болып тұратын үдеріс.Тек орындарын шатастырып алмайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *