Көше

Өмірді біз қаншама дүниеге теңедік.Сырлары ашылмаған кітапқа,кілті табылмаған есіктерге,сан-түрлі кейіпкерлері бар кинофильмгеде теңедік.
Бүгін мен өз өмірімді алыс сапарға теңегім келіп тұр.Нақты барар жері белгіленбеген ұзақ сапар.Бұл қызықты әлі әсерлі оқиға тек бізден басталып,бізбен аяқталады.Өзіміздің қалауымызбен сапардың жолы өзгеріп,бағыты жоғалады.Осы жасыма дейін көп жерге барыппын.Есте қалған естеліктер,үлкен бір қала секілді.Әр жерде бір оқиға,көшелер мен үйлер.Бәрі есте қалғандай.Өміріміз тек жарқын және көңілді естеліктерден тұрса ғой.Мұңайып,қайғырган сәттерім қараңғы көшелер секілді.
Түңгі уақытта келе жатырып,жолдың қай бағытқа кеткенін ұмытып бір орында тұрып қалдым.Алдымда шеті жоқ қараңғы көше.Тек бр ғана жарық,ол да маған түсіп тұр.Қап-қара түнекке ұзақ қараған сайын ішімді қорқыныш жеп барады Бұл жолдан басқа жанымда жап-жарық бір көше тұр.Жақындап қарағанымда,бергі жағы көзге жағымды болғанымен,жолдың жартысынан кейін ойыстармен тесік жолдар тұр.Тағы да қараңғы көшеге бет бұрдым. Бір жағынан «көшенің соңында не бар екен?», «Неге тек осы көшеге жарық түспеген?» деген ойлар туындай бастады.Өз-өзімді жеңіп бір-бірлеп қадам баса бастадым.Көзімді нық жұмып ішімнен,«Бұл жәй ғана сынақ,осы қараңғы көшеден берілмей өтіп шықсам,мүмкін нәтижесінде мені бір бақ күтіп тұрар»деп қайталай бердім.Әр қадам сайын жарық пайда бола бастады.Басында үлкен қорқынышқа баулаған көше жүрген сайын жап жарық болуда.Өз-өзімді қолыма ұстап әрі қарай жүре бердім.Қадам сайын пайда болған жарық,тек алдыма түсіп тұр.Артыма қарамай ұзақ жүре бердім.Тек жолдан тайып кетпейін,қорқып артқа оралмайыншы деп жолымды үзбедім.
Бір кезде артыма қарасам,қап-қараңғы.Бұл қара түнекті жалғыз өзім өтіп шықтым деп мақтаныш ұстап барады.Алғаш көргенімде өте алмаймын,қолымнан келмейді деп қиналып едім.Ендігі алдыма қарап тек әр қараның артында бір жарық көрінетіне көз жеткіздім.Көшенің соңында мені көпір күтіп тұр екен.Өте әдемі,баспалдақтары әсем гүлдермен әрленген.Көпірге көтерлгенімде биіктен өзім өтіп шыққан көшемді көрдім.Мен үшін шеті жоқ,ұзақ жол болып көрінген көше,негізінде өте кішкентай екен.Ол сынақтан өтіп шыққаныма қатты қуандым.Енді мені әсем көпір күтіп тұр.Басымнан кешкен қиындықтардан кейін,осы жолды бағалап өткім келеді.Әлі алда қандай көшелер мен жолдар тұрғанын білмеймін.Тек сапарым ұзаққа жалғасса екен деймін.Ол үшін тіпті қараңғы түнектен он рет өтуге дайынмын…

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *