Студенттік өмір
Студент – сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Онымен қоса студент лақап атына ие болғанның өзі талай мүмкіндіктер ашып, жалпы адамның көрінісін, көз-қарасын өзгертеді. Алайда көпшілігінің айтуынша бұл қызықты шақты тек ізденіс пен оқуға бөлмей, осы сәтті қызықты өткізуге тырысқан жөн.
Мінекей айтқанның өзінде шынымен 2 ай оқуымыз 2 күндей өтіп кетті. Уақыттың жылдамдығы сонша өз уақытымызды тек оқуға бөлдік пе? өмірде даму барма? деп ойлаймыз. Не болмасын әркімнің өз талпыну деңгейі әртүрлі. Алайда расымен уақыттың жылдамдығын өзімізде сезбей қалдық.
Оқудың бірінші күнінде шынымен сәл қиын болды, басынан таныс мектеп кабинеттері жоқ, әр қабатқа мініп, аудиторияны енді танысқан группаластармен іздеумен болдық. Жаңа балалар, басқа өңірлерден келген жандарға тіптен қызығасың. Басында барлығы бір-бірімен сөйлесудің өзіне ұялған еді. Ал қазір оларды айыра алмайсың. Бірінші сабақтың өзінде жаңа жолға қадам басқаныңды сезесің. Пәндердің атауы немесе сабағының өзі күрделі және әр мұғаліммен әртүрлі қарым-қатынас. Қандай мұғалім болмасын беретін сабағы әрқашан қызыққа толы.
Әркімнің таңдауы бар сол себептен бұл уақытты келешекте күлкімен еске алатындай өткізейік.
Авторы: С. Күннұры