Қала мен ауыл жолдарының қиындығы
Ауыл – тіршілік тамыры. Өркениет атаулының бәрі ауылдан бастау алған. Әлемдегі ең ірі Нью-Йорк қаласының өзі кезінде ауылдан өсіп мегаполиске айналды. Ауыл – тіршіліктің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан да адам өмірінде ауылдың алар орны өте ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласында ауылды жерлерді ұмыт қалдырмай, керісінше, бар назарды ауылға салу керектігін жазған болатын. Ауыл көркейсе – мемлекет те көркейеді. Себебі мемлекетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған – ауыл тұрғындары. Осы орайда ауыл тұрғындарына өмір сүруге жайлы орта жасап беру – басты назарда . Бірақ осы ауыл мен қаланың ортасындағы жолдардың жүруі тіптен мүмкін емесін байқап жатамыз. қазіргі таңда Қарқаралы – Қарағанды тас жолдары тегіс жөнделуде. Осы жолдың жарамсыздығынан көп адам зардап шегуде , қаламен ауыл ортасындағы жол апатыда күннен күнге өсуде оның себебінің біріде жолдың жөнделмеуінде емеспе ?
Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қарағанды – Қарқаралы тас жолын жөндеуді тапсырған болатын , қазіргі таңда сәтті жұмыс жүруде десем болады . Себебі өз көзіммен көріп жұмыс бағытын тамашалағанмын . Осы жолдың нашарлығынан Қарқаралы өңіріндегі туризм ақсауда , қыруар қаржыдан қағылып отырған ауданымызға көп әсерін тигізуде. Жолдың бағыты жөнделіп елімізді көркейтуге ат салысайық.