Бастауыш сыныпта сөз тіркестерін қатысымдық-танымдық тұрғыда оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта сөз тіркестерін қатысымдық-танымдық тұрғыда оқыту әдістемесі
Үсембаева Шолпан Ерғалиқызы
Аннотация: Сөз тіркесін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми- негіздері зерделеніп, кіші жастағы оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері сипатталған, оқыту әдістемесінің тиімділігі берілген. Бастауыш мектеп оқушыларының қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың жекелеген мәселелері М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева секілді әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізге алынған.
Түйін сөздер: сөз тіркестері, қатысымдық-танымдық құзыреттілік, сын тұрғысынан ойлау, ассоциациялық әдістер. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарағанда, оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, мәдени-танымдық және проблеманы шешу құзыреттіліктерін меңгеру арқылы қалыптасатын функционалдық сауаттылығы білім берудің түпкі нәтижесі болып отыр. Ол оқушы меңгеретін білімнің практикалық, қолданбалық сипатын арттыру жолымен жүзеге асады. Ал, оқушы сауаттылығының негізі бастауыш сыныптан қалыптастасатыны сөзсіз. Оған осы сатыда оқытылатын барлық пәндер бірдей, өзара бірлікте атсалысады. Дегенмен, оқушының жоғарыда аталған құзыреттіліктерін қалыптастыруда «Әліппе», «Қазақ тілі» пәндерінің атқаратын қызметі бөлекше. Мектептің бастауыш сатысындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша білім берудің мақсаты – оқушының қатысымдық сауаттылығын қалыптастыру: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім дағдыларын меңгерту. Мұнда оқушының келесі негізгі мектеп сатысында теориялық терең білім алуы мен мәдениетті қатысымға қажетті әдеби тіл нормаларын меңгеруіне керекті дағдылар игертіледі. Олай болса, бастауыш сатыдағы күтілетін білім нәтижесі оқушының сауаттылық мәдениеті деп белгіленеді. Сол себепті сауаттылыққа ерекше ден қойылады. Бастауыштағы пәндер бүтін мәдениеттің бөлшегі ретінде меңгертіледі. Мәселен, қазақ тілі пәнінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа қажетті орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды дамытуға басымдылық беріледі, ауызша сөйлеу, жазу сауаттылығын қалыптастыру міндеті қойылуы тиіс. Сол себепті сөз тіркесін оқытудың да түпкі нәтижесі оқушыға қатысымдық құзыреттіліктерді меңгерту бағытында олардың сөйлеу әдебі мен мәдениетін дамыту болып саналады. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарағанда, оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, мәдени-танымдық және проблеманы шешу құзыреттіліктерін меңгеру арқылы қалыптасатын функционалдық сауаттылығы білім берудің түпкі нәтижесі болып отыр. Ол оқушы меңгеретін білімнің практикалық, қолданбалық сипатын арттыру жолымен жүзеге асады. Ал, оқушы сауаттылығының негізі бастауыш сыныптан қалыптастасатыны сөзсіз. Оған осы сатыда оқытылатын барлық пәндер бірдей, өзара бірлікте атсалысады. Дегенмен, оқушының жоғарыда аталған құзыреттіліктерін қалыптастыруда «Әліппе», «Қазақ тілі» пәндерінің атқаратын қызметі бөлекше. Мектептің бастауыш сатысындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша білім берудің мақсаты – оқушының қатысымдық сауаттылығын қалыптастыру: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім дағдыларын меңгерту. Мұнда оқушының келесі негізгі мектеп сатысында теориялық терең білім алуы мен мәдениетті қатысымға қажетті әдеби тіл нормаларын меңгеруіне керекті дағдылар игертіледі. Олай болса, бастауыш сатыдағы күтілетін білім нәтижесі оқушының сауаттылық мәдениеті деп белгіленеді. Сол себепті сауаттылыққа ерекше ден қойылады. Бастауыштағы пәндер бүтін мәдениеттің бөлшегі ретінде меңгертіледі. Мәселен, қазақ тілі пәнінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа қажетті орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды дамытуға басымдылық беріледі, ауызша сөйлеу, жазу сауаттылығын қалыптастыру міндеті қойылуы тиіс. Сол себепті сөз тіркесін оқытудың да түпкі нәтижесі оқушыға қатысымдық құзыреттіліктерді меңгерту бағытында олардың сөйлеу әдебі мен мәдениетін дамыту болып саналады. Қазақстанның білім беру жүйесінде жаңа технологиялар арқылы оқыту мәселесі М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қарастырылған [1]. Демек, әдіс дегеніміз – оқыту мақсаты мен міндеттеріне орай оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін саналы ұйымдастыратын және олардың технологиялық дағдылары мен біліктерін дамытуда мұғалім жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Ал, тәсіл – әдістің элементтері, құрамдас бөлшектері, сол әдісті қолданудың амалдары. Әдістерді классификациялауда да ғалымдардың пікірлері әртүрлі. Дегенмен, зерттеу нысаны мен мақсатына сәйкес, солардың ішінен сөз тіркестерін оқыту үдерісінде бастауыш мектеп оқушыларының қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуда пайдаланылатын ең тиімді деген үш әдіс іріктелді: қатысым әдісі; интерактивті әдістер, сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері. Бұл әдістерді ғана таңдаудың себебі: басқа әдістердің барлығына ұйытқы болу, оқушының сөйлеу әрекеті компоненттерін біртұтас қамти алу, әсіресе, тіл сабақтарында өзге әдістерді бір мақсатқа шоғырландыра алу мүмкіндіктерінің кеңдігінде. Тәжірибе барлық әдістерді бір-бірімен тығыз байланыста қолдану нәтижелі болатынына көз жеткізілді. Қатысымдық әдіс – тілді жалаң заңдылықтар тұрғысынан меңгертуге емес, тілдік қарым-қатынас жасауға үйретуді көздейтін әдіс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде қатысымдық әдістің теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастырған ғалым – Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым қатысымдық әдістің анықтамасын: «Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзінде асырушы барлық іс-әрекеттер мен тәжірибелердің жиынтығы», – деп тұжырымдайды. Ғалым қатысымдық әдістің өзіндік белгілеріне мыналарды жатқызады: 1. Қатысымдық әдіс оқыту үдерісінде кем дегенде екі адамның арасындағы тығыз қарым-қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады. 2. Қатысымдық әдіс үйретуші мен үйренушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлеуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның өзара түсінуіне жол ашады. 3. Қатысымдық әдіс оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән міндеттерді бөлек алып, ал олардың алдына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді. 4. Қатысымдық әдіс оқыту жүйесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді, амалдарды біріктіреді. 5. Қатысым әдісінің басты белгісінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру. 6. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі. Онда сөйлесім әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім секілді түрлері кешенді қамтылады» [2]. Қазақ тілі сабақтарында сөз тіркестерін оқытуда қолданылатын қатысым әдісі арқылы оқушылар өзара пікірлесуге, сөйлесуге, өз пікірлерін дәлелдеуге үйретіледі. Сондықтан қатысым әдісі арқылы оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктері жан-жақты жетіледі. Қазақ тілі сабақтарында сөз тіркестерін меңгертуде қолданылған қатысым әдісінің тағы бір ерекшелігі – оқушылар сабақ барысында өз ойларын, сезімдерін жеткізуде түрлі ым-ишараларды, сөйлеу типтері мен интонацияларын, бет-әлпетін өзгерту, сөздерді эмоционалдық қызметіне қарай орынды қолдану жолдарын үйренеді. Интерактивті әдістер. Интерактивті оқыту – таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оның мақсаты – оқу үдерісінің өнімділігін арттыратын, оқушының ақыл-ой мүмкіндіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды қолдануды, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу үдерісінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің үстем болуына жол берілмейді. Белсенді оқыту әдістері сыныпты танымдық әрекетке тұтас жұмылдыратын оқу үрдісін ұйымдастыруға жол ашады және бастауыш сыныптарда оқушыларды біліммен қаруландырып, дағдылар мен біліктерді қалыптастыруда тиімді әдіс. Интерактивті әдіс ұғымы оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, жансыз затпен) сұқбаттасу режімінде болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды өз сөзін негіздеп, жеке тәжірибесінен қорытынды жасау, басқа адамдардың идеясына сыни баға беру, өз қателіктерін мойындап, өзіне, іс-әрекетіне сыни қарауға, сын қабылдауға ашық болуға тәрбиелейді. Қазақ тілі сабақтарында сөз тіркесін оқыту арқылы оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары қолданылады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымының төмендегідей өзіне тән ерекшеліктері бар: 1. Сыни ойлау өзіндік пікірді білдіреді және оған даралық тән. Бұл тұлғаның айтылған идеяға баға беруін білдіреді. 2. Ақпаратты меңгеру сыни ойлаудың нәтижесі емес, енді ғана басталғанын білдіреді. 3. Сыни ойлау сұрақ қоюдан, шешімін табуы тиіс мәселені анықтаудан басталады. 4. Сыни ойлау бұлтартпайтын дәлелдемені қажет етеді. Келтірілген дәлелдеме қабылданып, бекітілуі тиіс. 5. Полилог, дискуссия, қарсы пікір айту кездерінде үнемі сыни ойлау болады. 6. Сыни ойлау тұлғаның өзі үшін мәнді болып табылатын жағдаяттарда, өзінің мақсаты мен қажеттілігін анықтау барысында іске асады. Оқушылар жаңа ақпаратпен танысқанда ой жүгіртіп, оған сыни көқараспен қарай алулары тиіс. Сонымен қатар оқушы ақпарат пен идеяны өздігінен бағалай алып, қажет болғанда өз пайдасына жарата алуы керек. Оқушылар ақпараттың құндылығы мен дәлдігіне қатысты тұжырым шығара отырып, жаңа идеяға түрлі көзқарастар тұрғысынан келуі, яғни өз мақсаттары мен қажеттілігі негізінде идеяның жалпы құндылығын анықтай алуы тиіс [3]. Бастауыш сыныпта сөз тіркестерін оқыту барысында оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың көкейкесті проблемаларын анықтап, оны шешуде ұсынылған әдістемелік жүйені сыннан өткізу мақсатында эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу мәселесі бойынша ұйымдастырылған эксперимент жұмыстары бірнеше кезеңге бөлініп жүргізілді. Эксперименттің мақсаты оның әр кезеңдегі өзіндік міндеттері мен ұйымдастырылу ерекшелігіне қарай белгіленді. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы №43 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары алынды. Эксперимент барысында мұғалімдердің тәжірибелерін талдау негізінде зерттеудің бағыттары нақтыланды. Мектептерде қазақ тілінің оқытылу жайын, ондағы оқушылардың қатысымдық біліктіліктерін дамыту бағытындағы ізденістердің нәтижесін айқындау үшін оқушылар арасында сауалнамалар жүргізілді. Бағдарлама мен оқулықтар қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысынан сарапталды. Озық тәжірибелі мамандардың сабақтарына қатысып, талдау жасалды. Сауалнамаға жалпы саны 50 оқушы (4-сынып), 4 мұғалім, 50 ата-ана қатыстырылды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінің (76%) ана тілін оқу дегенді тілдің заңдылықтары мен ережелерін білу, тілдік талдау түрлерін жасау деп түсінетіні анықталды. Мұндай пікірдің себептерін зерттегенде, ең бірінші, оқулықтың мазмұнында қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыруға қажетті білік-дағдыларды меңгертуге жете мән берілмегенгі деген ой түйілді. Ана тілін оқытуда тілдің табиғатынан туындайтын қатысымдық бағыттың ескерілмегендігі оқушылардың қатысымдық құзыреттілігінің қалыптасуының төмендігіне әсер етеді деген тұжырым жасалды. Жаңа кезеңдегі оқыту жүйесіндегі жаңа бағыттардың жүзеге асырылуын анықтау мақсатында мұғалімдердің қатысымдық құзыреттіліктің мәнін түсіну деңгейін, оның пән мақсатымен бірлігін қалай шешетіндігін, оқыту үдерісінде қатысымдық құзыреттілікке қатысты мәселелерді қай бағыттарда пайдаланатынын зерттеу мақсатында арнайы дайындалған сауалнамалар таратылып, әңгіме өткізілді. Пікірлескен мұғалімдердің 72%-ы «Пәнді оқытудағы басты мақсатыңыз не?» деген сұраққа «пәнді оқытудағы басты мақсатымыз ана тілінде еркін қарым-қатынасқа түсіп, өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету» деп жауап берді. «Қазақ тілін оқытуда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?» деген сауалға 30%-ы «диалог, сұрақ-жауап», 10%-ы «танымдық әдісті қолданамын» десе, қалғандары ауызша, жазбаша, өлең жаттау, деңгейлеп оқыту технологиясын қолданатынын және т.б. айтты. «Оқушы білімін бағалауда қандай ұстанымға сүйенесіз?» деген сауалға «обьективті бағалауға тырысамын», «талабына, балдық жүйеге сәйкес бағалаймын», «белсенді қатысса, ережелерді дұрыс талдаса», «жүйелі сөйлесе, сөздік қоры мол болса, сөйлеу дағдысына қарай» т.б. деп түрлі бағытта жауап берді. «Қазақ тілінен қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру дегенді қалай түсінесіз?» деген сауалға мұғалімдердің 40%-ы «оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгеруі», «сауатты сөйлеуін, оқуын және жазуын қалыптастыру» десе, қалғандары «сөйлемнің құрылымын дұрыс түсіндіру», бағдарламадағы талаптарды орындай алу, тілдік талдауды қатесіз жасау деген түрлі жауаптармен шектеледі. Қазақ тілі сабақтарында оқушының тілдің әлеуметтік-қоғамдадық қарым- қатынастық, тұлға қалыптастырушылық қызметін түсінуін қамтамасыз ету қажет. Қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру, алдымен, оқушының қарым- қатынастық, ойлау қабілетін, тыңдау қабілетін, сөйлеу қабілетін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушы кез келген пәнге оның өз тіршілігі үшін қажеттігін сезінгенде және оның өмірлік маңызын түсінгенде қызығушылығы артып, мотивациясы қалыптастыны анық. Міне, осындай бағыттардың түптеп келгенде оқушының қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырумен сабақтасып жатқаны біздің зерттеу болжамымыздың, алға қойған мақсатымыздың шынайылық дәрежесін айқындап, оның дұрыстығын бекітті. Бақылау кезеңіндегі сараптау нәтижелері оқушылардың тілді үстірт оқитындықтарын байқатты. Өз ойларын ана тілінде жүйелі жеткізе алмау, тілдік орамдарды қолдана алмау, сөйлемдерді дұрыс құра алмау олардың басым бөлігіне тән болды. Жазбаша және ауызша тапсырмаларда оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындары, қате сөздерді жиі қолданатыны анықталды. Бұдан байқалғаны оқушылар дайын материалды жаттанды түрде айтып берумен шектеледі. Оқушылар білімдерін тәжірибе жүзінде, сөйлеу практикасында қолданбайды. Өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланбаған. Олардың білім көрсеткіштері тапсырмаларды орындауда алған бағаларына қарай төмендегідей болды: Сурет 1 – Бастауыш сынып оқушыларының білім-білік деңгейінің көрсеткіштері Осы нәтижелерге талдау жасалып, қазіргі оқыту жүйесінде орын алып отырған олқылықтардың түрлері мен олардың себептері анықталды, одан қорытынды шығарылып, қалыптастырушы эксперименттің мақсат, міндеттері нақтыланды, эксперименттің келесі кезеңінде ұйымдастырылуы тиіс шаралар мен оларды ұйымдастырудың бағыттары белгіленді. Қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру оқытудың басты міндеттерінің бірі ретінде белгіленді. Қазақ тілінде сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгеру, оларды меңгертудің құралдарын таныту мақсат етіп қойылды. Мұнда білім мазмұны оқушының қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесімен тікелей байланыстырылды. Қазақ тілінің басты мақсат-міндеттері қандай, оқушының бұл пәннен меңгеретін білік-дағдысы не үшін керек деген мәселе төңірегіндегі әңгімелер оқулықтағы сөз тіркесі тақырыбының ерекшеліктерімен сәйкестендірілуі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық педагогикасының ізгілікті қатынастарын қалыптастыруға игі әсерін тигізді. Ең бастысы ана тілін оқу барысында оқушының өзіне етене жақын, шынайы өмірлік маңызы бар оқиғаларға байланысты қарым-қатынас этикасын меңгеруіне, әлеуметтенуіне бағыттайтын міндеттерді жүзеге асыруға, сөйлесімдік қарым-қатынас тудыра алатын оқу жағдаяттардын ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Оқушының өздік әрекеттерін ұйымдастыра отырып, бүгінгі қоғам талабымен үндесетін оқу үдерісіне қол жеткізілді. Оқуға деген саналы қарым-қатынасты тәрбиелеу, оның мәнін түсіну білімнің жекелік те, қоғамдық та маңызын танытумен қатар, оқуға қызығушылық тудыруға ерекше әсер ететіні анықталды. Эксперимент жүргізілген сыныптарда өткізілген сабақтарда пәнді оқытудың түпкі мақсатын әр сабақтың мақсаты арқылы жүйелі түрде дамыту көзделді. Бұл пәнді оқытудың мазмұн жағынан тұтастығын сақтауға негіз болды. Сонымен бірге сабақты өткізуде оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері жүйелі, кешенді түрде дамытылып тілдің аспектілерімен ұштастырылып отырылуы, оқушының қатысымдық құзыреттілігін бірте-бірте дамытып отыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізілді. Сабақ жоспарларында оқушыны өз әрекетінің субьектісі ретінде тани отырып, баланың танымдық- шығармашылық әрекеттеріне бағыт беріп, сөйлеу белсенділігін арттырудың жолдары белгіленді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш.Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2013.
2. Молдабек Қ. Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың әдістемесі. – Шымкент, 2017.
3. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. Алматы, 2014.
4. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, 2012.
5. Базарбекова Р. «Қазақ тілінен» дидактикалық материалдар мен сабақ үлгілері. Алматы, 2015.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718