2-сыныпта шамаларды оқыту әдістемесі
Аңдатпа. Бұл мақалада 2-сынып математика курсында шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі жайлы және бқл тақырыпты өтудегі жаттықтырғыштардың рөлі жайлы айтылатын болады. Шама – бастауыш сыныптағы математикасы курсының негізгі ұғымдарының бірі. Оның маңызды міндеті – бастауыш сынып оқушыларында салыстыру кезінде пайда болады және өлшеумен байланысты, сондықтан сан арқылы өрнектелетін, физикалық денелер мен құбылыстардың қасиеті ретінде шамалар туралы түсініктерді қалыптастыру. 2-сыныпта шамалар тақырыбын өтуде бұрын таныс шамалардың өлшем бірліктерімен жұмыс жасайды, жаңа өлшем бірліктерімен танысады және өлшем бірліктерін түрлендіру, салыстыру, қосу және азайту жұмыстары жүргізіледі.
Аннотация. В данной статье будет рассказано о методике обучения величинам и их единицам измерения в курсе математики 2 класса и о роли тренажеров в прохождении темы. Величина-одно из основных понятий курса математики в начальной школе. Его важнейшей задачей является формирование у младших школьников представлений о величинах как свойствах физических тел и явлений, возникающих при сравнении и связанных с измерением, а потому выражаемых через число. При прохождении темы величин во 2 классе ученики работают с ранее знакомыми единицами измерения величин, знакомятся с новыми единицами измерения и проводят работы по преобразованию, сопоставлению, сложению и вычитанию единиц измерения.
Annotation. This article will talk about the methodology of teaching quantities and their units of measurement in the 2nd grade mathematics course and the role of simulators in passing the topic. Magnitude is one of the basic concepts of the mathematics course in elementary school. Its most important task is to form younger schoolchildren’s ideas about quantities as properties of physical bodies and phenomena that arise during comparison and are related to measurement, and therefore expressed in terms of a number. When passing the topic of quantities in the 2nd grade, students work with previously familiar units of measurement of quantities, get acquainted with new units of measurement and carry out work on converting, comparing, adding and subtracting units of measurement.
Кілт сөздер: шама, шамалар және оның өлшем бірліктері, оқыту әдістемсеі, жаттықтырғыштар.
Ключевые слова: величина, величины и ее единицы измерения, методика обучения, тренажеры.
Keywords: magnitude, magnitudes and its units of measurement, teaching methods, simulators.
Бұған дейін В. А. Кемниц 1912 жылы «Балабақшадағы математика» еңбегінде шамалар жайлы түсінік қалыптастыру жайында, ал кейіннен Л. В. Глаголева 1930 жылы «Равнения величин предметов в нулевых группах школ» атты зерттеуінде шамаларды оқыту әдістемесін қамтыған. Отандық зерттеушілер мен әдіскерлерден Ақпаева А.Б. , Лебедева Л. , Мынжасарова М. , Рыскулбекова А.Д. , Оспанов Т.К. және т.б өз әдістемелерінде шаманы оқытуды қамтып өткен.
Шама және оның өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі.
2- сыныпта шаманы оқыту «Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөлімінен басталады.
2-сыныпта өтілетін шама түрлері және оның өлшем бірліктері мына материалдарды қамтиды:
- Ұзындық. Сантиметр, дециметр өлшем бірліктерін біледі, жаңа өлшем бірлігі метрмен танысады.
- Уақыт. Сағат, минут өлшем бірліктерін біледі, тәулік, ай, жыл өлшем бірліктерімен танысады
- Масса. Килограмм өлшем бірлігін біледі, центнер өлшем бірлігімен танысады.
- Сыйымдылық. Литр өлшем бірлігімен таныстығын жалғастырады.
- Шамалардың бірліктерін түрлендіру және мәндерін салыстыру, қосу және азайту.
Шамаларды оқытудағы жаттықтырғыштардың рөлі.
2-сыныпта өтілетін “Шама және оның өлшем бірліктері” қиын бөлімнің бірі болып табылады. Сол себептен оқу жаттықтырғыштарын әзірлеу мұқтаждығы туындады. Оқу жаттықтырғыштарды екінші сынып оқушыларының «шама» ұғымын түсініп, оның өлшем бірліктерімен жұмыс жасауына көмек береді. Бұл жаттықтырғыш оқушылардың жеке орындауына көмектеседі.
Құрастырылған түрі тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Осы жаттықтырғыш көмегімен мұғалім сабақ процесінде білімді бекітуіне, диагностикалауына болады. Ал ата-аналар баланың 2-сынып бағдарламасын меңгеруіне жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы көмегін бере алады.
Оқу жаттықтырғыштарына түрлі типті тапсырмалар кіреді. 2-сыныпта өтілетін шаманың әр түріне (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) сәйкес құрастырылған. Балалар шамаларды салыстырады, керекті сан мен белгі қояды, берілгенді басқа шама бірлігіне айналдырады, түрлендіреді.
Оқырманға түсінікті болу үшін тапсырма үлгілерін ұсынамыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1fo3-JVF2eaOlvh3mgjkxTiiYFeGQ1LIW?usp=sharing
Қорытындылай келе, бірінші міндетті орындау барысында “шама” ұғымына жан жақты түсініктеме бердік. Осылайша біз “шама” ұғымына “заттардың қасиетін белгілейтін көрсеткіш, өлшем” деген анықтама береміз. Екінші міндет бойынша, шамаларды оқыту жолдарын, тәсілдерін топтап, ұсындық. Неліктен бастауыш сыныптарда шаманың жаңа өлшем бірліктері өтіледі? Себебі сандар аймағы кеңейтіліп, 2-сынып оқушыларына “жүздікті” таныстыру әрекетін жүзеге асыруды бастаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- А.М.Пышкало, Л.П.Стойла, Н.П.Ирошников. Теоритические основы начального курса математики. Москва «Просвещение» 1974 г.
- Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы «Білім» 2005.
- Т.Қ.Оспанов. Математика. оқу құралы-Алматы 2000.
- Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 2-сынып. Алматыкітап баспасы 2009 ж.
Бейсен Назерке Бозбаева Зухра Серғазы Аружан
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718