Академиялық жазылым

Аңдатпа. Бұл мақалада академиялық жазылым түсінігі ашылып, оған қойылатын талаптар жайлы айтылатын болады. Академиялық дискустарда жазбаша мәтіндер құру, академиялық жазу жанрының белгілі бір түріндегі танымдық іс-әрекет пәнінің ерекшелігіне қатысты белгілі бір ғылыми саланың ғылыми-зерттеу критерийлеріне сәйкес алынған түпнұсқа білімді ұйымдастыру және білдіру академиялық жазылымның негізгі мақсаты болып табылады.

 

Аннотация. В этой статье будет раскрыто понятие академического письма и рассказано о требованиях к ней. Создание научно-публистических текстов на академических дискусах, организация и выражение оригинальных знаний, полученных в соответствии с исследовательскими критериями определенной научной области, касающихся специфики предмета познавательной деятельности в определенном виде жанра академического письма, является основной целью академического письма.

 

Annotation. In this article, the concept of academic writing will be revealed and the requirements for it will be described. The creation of scientific and journalistic texts on academic discussions, the organization and expression of original knowledge obtained in accordance with the research criteria of a certain scientific field, concerning the specifics of the subject of cognitive activity in a certain kind of genre of academic writing, is the main goal of academic writing.

 

Кілт сөздер: Академиялық жазылым, академиялық жазылым талаптары, дереккөздер, дағдылар.

Ключевые слова: академическое письмо, требования к академическому письму, источники, навыки.

Keywords: academic writing, academic writing requirements, sources, skills.

 

Жалпы мәтіндердің екі түрі болады: қарапайым және ғылыми. Нәтижелерді ұсынудың академиялық формалары ғылыми тілде жеткізіледі. Ғылыми мәтінге қойылатын негізгі талаптарбар. Олар:

  • Бірізділік;
  • Сипаттаудағы логика;
  • Мәтінде қажетсіз ақпараттың болмауы.

Метафоралар мен мысалдарды қолдануға болады. Қорытынды бөлімде жүргізілген зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық нәтижелерін қамтитын барлық жаңа әрі маңызды қорытындылар жасалады. Кез келген зерттеу жұмысында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен дереккөздерге сілтемелер беріледі.

Академиялық жазу-бұл ғылыми жұмыстарды ұсыну стилі. Бұл ғылыми еңбектердегі ойларды қысқаша және қол жетімді түрде жеткізу қабілетін білдіреді. Бұл стиль ерекшеліктеріне мыналар жатады:

мәтін құрылымына және оның дизайнына белгілі бір талаптардың болуы;

мәтінде ғылыми немесе публицистикалық стиль қолдану;

аргумент және парафраз жасау қабілеті;

сілтемелерді дұрыс енгізу және әдебиеттер тізімін жасау мүмкіндігі.

 

Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар:

  • зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
  • конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
  • өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
  • болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
  • аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.

Дереккөздерді таңдаудың да өзіндік талаптары бар, өйткені таңдалған дереккөздеріңіздің негізінде сіздің мәтініңіздегі ақпарат құрылады. Ол талаптарға мыналар жатады:

Дереккөздерді дұрыс қолданудың талаптарына:

  • Сенімді дереккөздерді пайдалану
  • Сілтеменің тым көп болмауы
  • Парафраза қолдану
  • Соңғы 10 жыл ішінде шығарылған әдебиеттерді қолдану
  • Ақпаратты сыни тұрғыдан қарастыру
  • «Өзіңдікі және өзгеніңкі» ұстанымын қолдану

 

Қорыта келе, ғылыми әдістердің көмегімен алынған, логикалық ұйымдастырылған, ғылыми таным процесінде алынған, табиғат, қоғам және ойлау құбылыстары мен заңдылықтарын бейнелейтін ақпаратты біз академиялық жазылым арқылы қоғамға таныстыра аламыз. Студенттің бітірушілік жобалары, ғалымдардың ізденімдер және жаңа ашылымдары, әдістемелік нұсқаулар, мақалалар және т.б. қоғамға таралуы және түсінікті болуы үшін академиялық жазылым ұстанымдары мен талаптарын пайдалану міндетті.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *