Азаматтық кодекс
Жалған ақпарат таратқан журналшының басы дауға қалды. 25 наурыз күні шамамен түске дейін Оралдық журналист Мария Мельникова өзінің фейсбук парақшасына Ораталық Абай алаңындағы «Абай ескерткіші алынып тасталған» деген ақпарат таратқан. Азаттықтың оралдағы меншікті тілшісі саналатын келіншектің мұндай жалған ақпаратты таратуына не себеп болды? Ол өзінің бұл әрекетінен ешқандай қателік деп санамайды.
БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. «Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.