Педагогикалық қолдау

№49 «Сырдария»жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен педагогикалық қолдау сабағы болып өтті .Сабақты бастауыш сынып мұғалімдері Керімбекова Фарида жене Жорабекова Гулмира апайларымыз жүргізді . Сабағымызда баланың тапқырлығымен эрудициясын қалай дамытуға болатындығы жайлы айтылды.

     Сабақ барысында ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығулар қолданылды .

    Абай атамыздың әр заманында мәнін жоғалтпайтын мынадай кеңесін: айта отырып : – « Адам -өз заманының перзенті. Жаман болса , замандастары кінәлі.»екен жайлы ,жастарымызға өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға біз үлкендер (ата-аналар)жауапты екендігіміз ,отбасындағы тәрбиеге байланысты екендігі айтылды. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті болып табылады .

    Бүгінгі сабағымызда ата-аналарға балалардың ой өрісін дамытудағы ойынның маңыздылығын оның зияткерлік қабілеттерін идеяларын қалыптастырудағы ойындардың түрлері оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту болып табылды .

    Қазіргі кезде заман талабына сай бала компьютерлік ойындарды, ұялы телефондардағы ойындарды бар ынта жігерімен ойнайды. Қимыл қозғалысты ойындармен ойнауды бала азайтып бара жатқан сыңайлы. Күнделікті ата – ана, мұғалім, тәрбиеші баланың дұрыс ойын ойнап, жүгіріп, секіріп, доппен ойнауына назар аударуымыз қажет. Қимыл қозғалысы аз, күнде компьютердің, смартфон, теледидардың, алдында отырған баланың аурушаң болатыны белгілі.Ата-аналар үйде бір мезгіл балалардың көңілін аулап әртүрлі қызықты ойындар , әңгімелер айтып балалақ шағын қызықты есте қалатындай етіп өткізу керектігін айтылды .

    Сабақ барысында үйде ойнауға болатын : «Сиқырлы тізбек», « Тек көңілді сөздер», «Өмірбаян» , «Шар және пирамида» жәнеде 4000жылдық тарихы бар «Танграм» қытай ойындарының қолданылуын түсіндіре отырып ата-аналармен ойнатылды . Танграм ойыны ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды үйретеді, көрнекі- бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды үйретеді, Танграм схемалары бойынша бүктеу табандылықты, зейінді, қиялды, логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, бөліктерден біртұтас құруға көмектеседі және сонымен бірге өз қызметінің нәтижесін болжайды, ережелерді сақтауға және нұсқауларға сәйкес әрекет етуге үйретеді. Бұл дағдылардың барлығы балаға мектепте оқып жүргенде де, есейген шағында да қажеттілігін ,балалармен тең дәрежеде ойнау керектігін , олардың жауаптарын жігерлендіруді,табыстарына және кішкентай жеңістеріне бірге қуана білу керектігі айтылды . Ойынға қатысқан ата-аналар қызығушылықпен , бар ынта-жігерлерімен қатысып, үйде балаларымен ойнауға болатындығын ,отбасылық ойынға айналдырып қолданатындықтарын айтып өтті.

    Сабақ соңында бастауыш сынып мұғалімі Керімбекова Фарида апайымыз ата-аналарға өз ұсыныстарын айтып қорытындылады . Ата-аналарда сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп ұстаздар қауымына алғыстарын айтып өтті .

Бүгінгі сабағымызда ата-аналар балалармен бірге өз қолдарымен жасай алатын қызықты ойындарға тоқталғымыз келіп тұр Бұл математикалық ойын сауық арасында ерекше орын алатын геометриялық фигуралардың арнайы жиынтықтарынан тұрады заттардың жануарлардың құстардың үйлердің кескіндерін құрастыруға болады 

Дайындаған: Керімбекова Фарида

Жорабекова Гулмира

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *