Мамандық таңдау-өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні «Ю.Гагарин атындағы №53 ЖББМ» КММ-де педагог —психолог Каршалова Айжан 11 сыныпқа «Мамандық таңдау-өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында тренинг сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту.

Ұйымдастыру кезеңінде
оқушыларға: «Егерде сіздер әлем таңғаларлықтай, керемет жетістікке жетсеңіздер,сіздер туралы қандай тақырыппен мақала жазғанын қалар едіңіздер?»- деген сұрақ қою арқылы, өздері таңдаған мамандықтары туралы, алдағы айналысатын істері, жоспарлары жайлы ойларын білді. Оқушылардың бойынан алға қойған мақсатының айқындығы байқалды.
Сұрақ- жауап сәтінде: «Ойланайық- пікірлесейік» әдісі арқылы мамандықтар жайлы бір—бірлерімен пікір алмасты. Кубиктің 6 жағына 6 түрлі сұрақ қойылған, оқушы кубикті айналдыра отырып,өзіне түскен сұрақты оқып,жауап берді. Оқушылар терең ойлау, сөйлеу шебелігімен мамандық туралы өз пікірлерін толық дәлелмен жеткізе білді.
Келесі кезеңде «Әріптер сөйлейді» жаттығуын ойнатты
Оқушылардың қолына бір—бір әріптен берілді. Психологтың қойған сұрақтарына жауапты өздеріне берілген әріптен келетін сөзбен жауап берді. Оқушылардың көңіл— күйі көтеріліп, жылдамдығы мен тапқырлығы байқалды.
«Мамандықты тап!» жаттығуын жасатты.
Бір оқушыны ортаға шығарып, басына мамандық жазылған парақша ілді (қалпақ түрінде) шыққан оқушы қандай мамандықты киіп тұрғанын білмейді, көрмейді.
Қалған отырған оқушылар ым-ишарамен тұрған оқушыға қандай мамандықты киіп тұрғанын түсіндірді.
Жасырылған мамандықтарды ұтымды көрсетіп, лезде таба білді.
«Көңіл-күйді көтеретін қағаз»
жаттығуында оқушыларға екі қолына екі парақ берілді, оң және сол қолдарымен қағазды жайлап мыжғылап, қатты умаждап, доңғалақтап қатты қысты. Бір-екіге саналып, екі топқа бөлінеді. Екілер оң жаққа, бірлер сол жаққа қарама-қарсы тұрып бір-бірін колдарындағы қағазбен атқылады. Мұғалім нұсқау бергенде тоқтап, қай топта қағаз саны көп болған топ жеңілді.
Бұл жаттығу арқылы іштегі жағымсыз күйден арылып, көңілдері көтеріліп жайланды. Оқушыларға өте қызықты болды.
Релаксация «Ғажайып бақ» жаттығуы арқылы оқушылар өмірдегі өз мақсатын айқындады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін гүлдерге жазып, гүл букетіне жапсырып, кері байланыс берді . Тренинг керемет көңіл—күймен өтіп, сабақ мақсатына жетті.
Каршалова Айжан апайымызға жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, мықты денсаулық тілейміз!💐

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты
«Ю.Гагарин атындағы №53 ЖББМ» КММ-і
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жасузакова Зейнеб Мусабековна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *