Ағылшын тілі туралы подкаст

Қазір елімізде көп тілді білім беруді енгізу жұмыстары басталып кетті. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.

Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған тиімдірек. Неғұрлым көп істеп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

Балабақшадағы балаларды ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарламалар бар. Осы бағдарлама бойынша ағылшын тіліне оқытудың мақсаттары белгілі бір ағылшын тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни, қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және ағылшын тілінде сөйлеуге үйретуге негізделеді. Ағылшын тілін үйрету балалардың ой өрісінің дамуына себепші болады.

Алайда мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады,себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және тағы да басқалары қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты – балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a… This is a… деген сияқты сөз тіркестерін балалар игеріп қана қоймай, тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздерді ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді.

«Мен қазіргі заманғы Қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің дербес табысының міндетті шарты екендігін айтамын. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындардың саны кемінде 20 пайыз болатынын білемін» деп атап көрсеткен болатын. Бұл бағытта президентіміз 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты асыруды ұсынғанды. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей қолданатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Үштұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады; мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл – өмірлік қажеттіліктен туындаған ізгілікті идея. Қазақстан үшін – үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге

қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады: «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшын тілін білсе – әлемдегі ең үздік, ең жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік мол болады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *