Үш мәдениетті үйлестіре білген тұлға
Аннотация:Мақала жалпы Герольд Бельгердің өмірі,кітабы туралы. Герольд Бельгер кітап оқуыд және күнделік жазуды жақсы көрген.Күнделікті қазақ өмірі,салт-дәстүрі,тағамдары туралы өз күнделігіне жазып жүрген.Жалпы сол күнделігіне жазып жүрген жазбалардан осы бір-“Қазақ дәптері” атты кітап жарық көрген.
Кілт сөздер:Әбіш Кекілбаев,Абай,кітап,салт-дәстүр
Герольд Карлович Бельгер (1934 жылы 28 қазанда Энгельс қаласы, Еділ маңы немістерінің АКСР – 2015 жылы 7 ақпанда Алматы) — жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы. Жалпы Герольд Бельгер көптеген кітаптардың авторы.Қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.Сонымен қатар,Абайдың өміріне,шығармашылығына шолу жасаған.Герольд Бельгер үш тілді жетік меңгерген жазушы,аудармашы,саясаткер.Герольд Бельгер жеті жасына жетпей осы Қазақстанға яғни тек қазақтар тұратын ауылға келеді.Жеті жасынан қазақтың өмірімен танысады,ұлттық салт-дәстүрін,қазақ тілінің байлығын түсінеді.Герольд Бельгер күнделік жазуды және кітап оқуды жақсы көреді.Ол кішкентай кезінен өзінде бар ойыншықтарды кітапқа ауыстыратын.Герольд Бельгердің бұл ісін байқаған ауыл тұрғындары оған кітап сыйлайтын.Герольд Бельгердің қазіргі кезде белгілі көптеген кітаптары бар.Соның біріне тоқталар болсақ,ол- “Қазақ дәптері” деген кітап.Ол кітап Алматы қаласы “Өлке” баспасында басылып шыққан.Бұл кітап негізінен 1941 жылдан бері қазақтармен күнделікті араласып жүріп,біраз тоқығанын сол бір қойын дәптерге түртіп жүріп соңында осындай бір керемет туынды жарық көрген.Бұл кітап эсселер мен сұхбаттардан тұрады.Бұл кітап қазақтың бас ақыны Абайдың сол бір өлең жолдарынан бастау алған.Ол өлең жолдары “Қалың елім,қазағым,қайран жұртым…”.Бұл кітаптың бастапқы беттерінде ақын жазушылардың өлеңдері айтылған.Сол кітапта жазылған сұхбаттарға тоқталсақ.Сол бір сұхбат алу барысында оған “сіздің осы Қазақстанда өмір сүріп жатқаныңызға 60 жылдан асып қалды,осы жылдарарасында. Сіздің жүрегіңізден қазақ халқы қаншалықты берік орын алды?Мұны айтып отырғаным,көбімізге белгілі кіндік қаны Қазақстанда тамып,осы елдің тумасына айналған қаншама неміс ағайындарымыз “жайлы жер” іздеп,Германияға яғни ежелгі атақоныстарына көшіп кетті.Ал сіз сабыр сақтап,қазақ елінде қалдыңыз мұның себебі неде деп сұрақ қояды.Сол кезде Бельгердің жауабы: “өз басым неміс ағайындардың бұл ісін қош көрмедім.Мен жеті жасқа толмай тұрып,отбасымызбен Қазақстанға көшіп келдік.Кішкентай кезімнен қазақ ортасында өсіп,ержеттім.Қазақ мектебінде білім алып,қазақ ауылында тәрбиелендім.Мені мұны мақтан етемін және үнемі айтып жүремін” деп жауап береді.Алайда ол Германияда он- он бес күндеп болсам қалай болар екен деп барлап көрдім дейді.Герольд Бельгер бұл ойының қорытындысын былай қойған екен. Германияға менің қажетім шамалы.Егерде Герольд Бельгер Германияға қоныс аударар болса тұрмысы жаман болмасын айтты.Бірақ ол Германияда ешкімге қажет емес екенін,ол жерде тіпті аман-саулықты сұрасатын адамдардың да жоқ екенін айтты.Ал Қазақстанда өзінің аз да болса беделінің бар екенін,жұрт сыйлайтын адам екенін айтады.Осы Қазақстанда оның шығармалары танылып,басылып шығарылп жатқанынан Герольд Бельгер өзінің осы Қазақстанға керек екенін түсінгенін сол себепті осы Қазақстанда қалғанын.Оған бәрінен бұрын осы Қазақстанның қымбат екенін айтқан болатын.Герольд Бельгердің келесі сұхбаты осы қазақтың салт-дәстүрі тағамдары туралы болған.Жалпы Герольд Бельгер өзінің ес білгелі көріп келе жатқаны қазақтың салт-дәстүрлері екенін атап өтті. Досы жазушы Әбіш Кекілбаев Герольд Бельгерді “ауылдың мәмбеті ғой,мына біздің Гера” деп айтатын көрінеді.Герольд Бельгер осы бір “ауылдык мәмбеті” деген сөзді мақтан қабылдаған.Герольд Бельгер осы сұхбатта қазақ халқының тағамдары туралы да сөз қозғаған.Ол кішкентай кезінен ауылда өскендіктен тағамдардың қалай дайындалатынын да көрген.Ол осы қазақ тағамдарын басқа елдің тағамдарымен салыстырады.Яғни осы өзі болған Дания,Франция,Германияда сан мәрте болғанын және осы елдің де тағамдарынан дәм татқаны туралы айтады. “ Мен сан мәрте Дания,Франция,Германияда болдым,тағамдарынан да дәм таттым.Ол тағамдар дәмді болғанымен мүлдем күш қуаты жоқ жеңіл тағамдар.Ал қазақтың тағамдары дәмді әрі адамға күш беретін тағамдар”деді.Герольд Бельгердің келесі бір сұхбаты бұл қазақ тіліндегі жер-су аттарын бұрмалап айтатындар туралы болған.Герольд Бельгер бұны мәдениеттің жетіспеушілігі,мәдениет жоқ. “Қазақ тілін бұрмалап сөйлеу қазақ тіліне деген-қиянат.Мүмкін болса,бір тілдегі сөзді екінші тілге бұрмаламау керек” деп бұл сұхбат жайлы өз ойын қорытындылады.Жалпы қорытындылай келе Герольд Бельгердің осы бір кітабы қазақ елі туралы барлық ақпараттардың жиынтығы.Кітаптағы сол бір сұхбаттарынан біз Герольд Бельгердің қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетінін көреміз.Сонымен қатар осы сұхбат барысында ол осы қазақ елі туралы мақтана айтты.
Орындаған:Журналистика 4 курс Тәңірберген Динара