Ер есімі ел есінде…

  • Екінші дүниежүзілік соғыста ер азаматтарымызбен бірге ерекше қайсарлықпен жауларына атой салған, есімдері елге танымал қазағымыздың батыр қыздары баршылық екенін ел аузында сақталған әңгімелерден жақсы білеміз.
  •    Солардың бірегейі, ауыз толтырып айтарлықтай ерекше ерліктерімен көзге түсіп, ел аузында мәңгі сақталған, кейінгі ұрпаққа ұмытылмастай, үлгі боларлық батыр қыздарымыз – Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанова туралы биылғы 100 жылдық мерейтойларын атап өтпекпіз.
  •    Қазақ халқының қыздары өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін жаужүрек, бір сөзбен айтқанда «жүрегінің түгі бар» деп айтсам, қателеспеспін деп ойлаймын. Сұрапыл соғыс кезінде елін, жерін,Отанын,туғанын жаудан қорғаған ардақты батыр ер азаматтарымыз, қайтпас қайсар қыздарымыз да аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Сол қайтпас қайсар, жалындай жарқыраған, елім десе өзегін жұлып беретін, болашақ жастарға үлгі боларлықтай Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова жайлы сөз қозғағым келеді.
  • Ол сұрапыл соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмасы анық. Жауынгердің сағынышы , ата ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың есімізде. Соғыс қайғысы,соғыс мұңы әр отбасының басынан өтті.Қаншама жастың өмірін қыршынынан қиған бұл соғыс ешкімді де бейжай қалдырмады. Бұл соғыста батыр әпкелеріміз Хиуаз мен Мәншүк те ерлермен қатар ерлік көрсетіп, Отанын қасық қандары қалғанша қорғады.
  •       Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
  •      Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл-қыздың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова. Хиуаз Доспанова теңдессіз ерлігі үшін сол кездің өзінде «қанатты қыз» атанып, жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болған . Сол шайқастарда Хиуаз ұшақтан 14 рет құлап,төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен бірден ұрыс даласына қайта оралып отырғандығының өзі оның көзсіз ерлігінің айғағы деп айтсақ болады.
  •   Жаумен шайқаста асқан ерен ерлік көрсете білген Хиуаз Доспанова майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені – соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығы мен Халық Қаһарманы атағы берілген.
  •     Біз қазір “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда” өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі – қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыз бен батыр апаларымыздың арқасы десек артық айтқандық болмас. Біздің тыныш, бейбіт заманда ешбір алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз үшін, оларға алғысымыз шексіз!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *