Елімнің мақтанышы

Елімнің мақтанышы

 Көптеген халықтар ең алдымен елінен шыққан ұлы тұлғалар есімімен мақтанары анық. Олай болса мен өз елімнің мақтаныштарын тізе берсем, Аллаға шүкір, том-том кітап жазуға да болар еді.

 Биыл елімізде көптеген ақын-жазушылардың, батырлардың мерей тойы тойланып жатыр, және біздің мектебімізде де осындай мерей тойларға арналған іс-шаралар өз жалғасын тауып жатыр.

 Биыл – ерлігімен бүкіл елге танылған, қазақтың маңдайына жарық жұлдыз болып туған батыр бабамыз Аманкелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр.Осы айтулы датаға орай мектебімізде «Батырдың биік тұлғасы» атты мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараны ұйымдастырушы №49 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кауменов және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор үлесін қосты. Батырдың 150 жылдық мерей тойына орай мектебімізде Аманкелді Иманов атындағы сынып кабинеті ашылды. Сынып кабинетінің ашылуына демеушілік жасаған батыр бабамыздың немерелері, ауылымыздың тұрғындары Ы.Рахимбаев, О.Нұрахов, С.Нұрахов, М.Нұрахов аталарымызға мектеп ұжымы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.

 Іс-шара барысында аудандық білім бөлімінен арнайы келген қонақтарымызбен қатар батыр бабамыздың ұрпақтары арнайы шақырылып концерттік бағдарламаны тамашалады. Іс-шараға келген қонақтарымыз мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен батырдың ерлігін айқындай түскен көріністі тамашалады, оқушыларымыздың батырға арнаған өлеңдерін тыңдап, және батырдың сол замандағы қазақ халқының өмірін жүрекпен сезіндіре білген музыка пәнінің мұғалімі Қ.Мұстафаев ағайымыздың орындауындағы халық әні «Самалтау» әнін тыңдап қонақтарымыз ерекше әсерге бөленді.

 Келген қонақтар рухани демалып, өтілген іс-шарадан өте жақсы әсер алғандықтарын айтып мектеп ұжымына өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар батырдың немересі С.Нұрахов атамыз концерттік бағдарламада өнер көрсеткен биші қыздарымызға ұлттық киім алып беріп, демеушілік жасаумен қатар, өздерінің оңтүстік өңірдің тумасы болып кетуінің себептерін атап, тарихымыздан сыр шертті. Бізде батыр атамыз Аманкелді Имановтың Торғай өңірінің тумасы екенін білсекте, ұрпақтарының оңтүстік өңірге қалай келіп қалғандығын біле бермейтіндер кездесіп жатты.

 Тағдырдың жазғанына амал бар ма? С.Нұрахов атамыздың әңгімесінен бізде өте керемет әсер алдық.Бүгінгі іс-шара жастарымызға үлгі боларлықтай дәрежеде өтуімен қатар, рухани мұра ретінде жадымызда мәңгі сақталмақ!

  №49 «Сырдария» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Давлатова

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *