Мағжан Жұмабаетың қазақ педагогикасын дамытуға қосқан үлесі

Құралай Бейбітқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты

Мағжан Жұмабаев ұлы ақындығымен қатар өресі биік өміршең ойлар айта білген ойшыл азамат. Бұған оның поэзиясындағы жалпыдамзаттық сарын, бір ғана ұлттың ақыны болып қоймай, барлық халықтарға ортақ асқақ армандарды жырлай білгені; сондай-ақ публицистикалық мақалалары мен «Педагогика» атты еңбегінде ұлттық, халықтық мәселелерді орынды көтеріп,  ғылыми мәнді пікірлер  айта алғандығы көз жеткізеді. Өмірдің өзекті өңірлерін жүректің нәзік қылымен әсем өрнектей білген Мағжан ақын көркем әдебиетпен бірге ұлттық тіл, ұлттық тәрбие туралы да өрелі ойлар айта білді.

Ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатын ұлттық рух, салт-дәстүр, тілі екендігіне аса назар аударды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ балалар әдебиетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев та бұл іске үлкен үлесін қосты. Жас ұландар ұғымына лайықты, оқуына жеңіл, тілі тәтті, қызықты елесті, тартымды сюжетті жырлар жазды.

Мағжан Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән                — қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай  салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды.

«Жердің жұмырлығы» деген жырында оқудан қайтқан жас Сапарды төрде отырған ақсақал шақырып: «не білдің балам, не хабар?» деп сөз тартады. Сонда Сапар сөз басында өз басындағы тақиясын жұлып алып:

Тыңдаңыз, міне, қария!

Жер деген мынау тақия.

Тап осындай жұп-жұмыр,

Екі басы сопақ па?,- деп жердің қандай екендігін баяндап өтеді.

Онан соң:

Қараңыз енді күн жаққа,

Лампа мынау-күнің тұр,

Домалай ма домалайд,

Бұл осымен болды ма?, – деп жердің күнді айналып домаламайтынын әңгімелейді.

Сонда ақсақал  шошып кетіп:

Тоқтат мынау шіркінді!

Басы жұлғыр пенде енді

Жерді де жұмыр қылды ма?,- деп, орнынан атып тұрады. Сапар «оны жұмыр еткен пенде емес, жағырапия, табиғат, сенбеуіңіз жарамайд, жер осылай домалайд», деп түсіндіреді.

Мұндай өлеңдер балалардың табиғат туралы, өздерін қоршаған орта жөніндегі мағлұматтарын кеңейтеді. Пәндерден ұғымын арттырып, үлгерімін жақсартады. Әрі бұл жыр ескі мен жаңаның арасындағы күреспен, пікір таласынан емес береді, ол егесте жеңіс жаңанікі , жастардікі екеніне көз жеткізеді.

Мағжан Жұмабаев тәрбие жұмысының ұлт өміріндегі маңызы туралы тамаша ойлар айта білді. Ол тәрбиедегі мұғалімнің орнын ерекше бағалайды. Оның «Педагогика» атты еңбегі Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдың ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдігі»,- деген жолдармен басталған.

Ол тәрбие ісінің ұлттық жолда болуын қалайды. Өйткені, әрбір ұлттық балаға тәрбие қылуы туралы ескіден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиесі, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті.

Және әрбір ұлттық баласы өз ұлтының баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген ойлар айтты.

1926 жылы «Балаларға сыйлық» атты жинақ шығарылды. Жинаққа Мағжанның осы бағыттағы бірсыпыра жырлары, сонымен бірге халқымыздың балаларға ақыл-нақыл үйрететін кейбір мақал-мәтелдер, қанатты сөздерін жаңаша ойнатқан нұсқаларын енгізілді. Мысалы, «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар»,-деп келетін мақалды «Асық ойнаған ақтық, доп ойнаған шақтық» деп берді. Байқасаңыздар, автор асық ойнап, доп тебуді «аздырады», «тоздырады» деп құбыжық етіп көрсетпей, асық ойнасаң ақ ойнап, қарау болма, доп ойнасаң тақ тұрып, дәлдікке дағдылан деген үгіт-кеңес айтқан, ал қой бағу, мал қадірін білу – үлкен байлық, бақ-дәулет екенін түсіндірген.

Осы тәрізді балаларға арналған шығармаларының өзінде Мағжан тәрбие жұмысының тек қана ұлттық тұрғыда жүргізу керектігін айтады. Бұл жайдан жайға айтыла салған сөз емес. Педагогика, психология ғылымдарының жетістіктеріне, өмірдегі тәрбие тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп айтылған кемдігі жоқ, кемел пікір. Әттең, ұлттың болашағын айқындайтын аса маңызды қағида дерлік осы бір пікірге күні бүгінгедейін өз дәрежесінде мән берілмей келе жатыр.

Әлі де көптеген қазақ баларының орыс, одан қалды ағышын мектептерінде оқып, ана тілінен, ұлттық                                                тәрбиеден мақұрым өсіп келе жатқанын көргенде, көңілің құлазиды.

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Сондықтан да ұлтын, халқын сүйген саналы азаматтарды тәрбиелеу – аса маңызды мемлекеттік іс. Тәрбие ордасы – мектеп.  Демек, елдің болашағы мектебіне, оның қандай бағытта тәрбие жүргізілуіне тікелей байланысты.

Жас ұрпақ тәрбиесін ұлттық рухта, ұлттық салт-дәстүрде, ұлттық ана тілінде жүргізілуін ұсынды, сол жолда үлкен жұмыс жүргізді. Мұғалім мен мектептің тәрбие жұмысындағы орнына ерекше көңіл бөлді.

Ұлттың бағын ашып, мәртебесін тасытатын асыл ойларды жүзеге асырып, сөйтіп ата-бабалар салып берген даңғылымен жүру – бүгінгі ұрпақтың мәртебелі де басты міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Д.Ысқақұлы «Мағжан – поэзия падишасы»
2. Мағжан Жұмабаев шығармалары 2-том
3. «Жас алаш» газеті
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *