ӨМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Мерхат РАФИХҰЛЫ

Өмірдің мәні не? «Өмірдің мәні туралыойланбайтын адам бар мадеген сұраққа кімболса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралыойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүругеәрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», — депжауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақытөз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортағасалып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі.

Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғаммүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелерүшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соңартына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адамтуралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұлдүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсыіз қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайғатырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?

«Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көкаспан мен жарық күннің астында сайран салыпқалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп — же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал». Қайсысыдұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиынемес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселеоләр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайынрецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлікұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудыңешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламаларбұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасайотырып, адамның болмысының абстрактілі жәнеөзгермейтінін негізге ала отырып, адамныңөмірінің мәні оның ісәрекеттерінің негізгімақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға денқойып келгені мәлім. Бұдан дүниені руханиқұралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамныңдүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдықнормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретіндеқабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілібір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастыңқамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыданнақты жауап қайтару мүмкіндігін теріскешығаратын теориялар да жоқ емес. Ондайтұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшінөзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерініңжалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтықтұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөнібар. Адам өмірінің мәні оның әлеуметтікжағдайларымен айқындалады. Адам — белсендіәрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіпнемесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адамөмірінің мәнін, құндылығын айқындаушысол адамныңөзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыданбіріктіретін ұғым.

«Бақыт» түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Олбақыт туралы ұғым. «Өмірдің мәні оны бақыттыетіп өткізуде» деген тұжырымның кез келгенадамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болсакерек.

Бақыт дегенімізөзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығынасәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жетукүйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақытмұраттың сезімдікэмоциялық формасы болыптабылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақтыобъективті жағдайды немесе адамның субъективтікүйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адамөмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін неніңигілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымынормативтібағалық сипат алады. Бақыттыңмазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *