Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма?

Адамға білім мен тәрбие, былайша айтқанда ең бірінші фундамент мектеп қабырғасында қаланады. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы болып табылатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру, елі мен жерін сүйетін тұлға болып қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу,  өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы  түсіне білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс – әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз. Дәл осындай құзыреттілктер бойында бар бала өскенде жақсы адам, мықты маман болатынына сенімдімін.

Кез келген тұлғаның дамуына тағы бір маңызды фактор – ортаның үлкен әсері бар екені түсінікті. Адамның ортасы қандай болса өзі де сол бағытпен жүріп отырады. Жақсы адам болып дүниеге келу әрине қуанарлық нәрсе, дегенмен жақсы тұлға болып қалыптасу ол адамның достарына, қоршаған ортасына тікелей байланысты болып келеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тағы бір фактор – бұл тәрбие. Жоғарыда айтылған факторларға қарағанда оның әсері мақсатты бағытталған, саналы сипатта болады. Тәрбиенің тұлғаның дамуының факторы ретіндегі ерекшелігі, оның халықтың, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әрдайым сәйкес болатындығында. «Тәрбие тал бесіктен» деп қазақ бекерге айтпаған. Отбасы шағын мемлекет. Адам отбасында қандай тәрбие көрсе өскенде сол көргенін жасайды.Баласының өскенде бір мамандықты тізгіндейтін тұлға болғанын қалайтын атаана отбасында жақсы тәрбие беріп, балаға үлгі болуға тиіс.

Мықты маман деген атқа лайық болу — үлкен абырой деп білемін.Жеке тұлғаның жақсы маман болуы үшін жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтікте, белгілі-бір материалдық жағдайлар жасау қажет деп ойлаймын. Ол үшін:

1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп , дамытып отыру қажет. Білім мен тәрбие ғана адамды жақсылыққа итермелеп, адам болып қалыптасуда үлкен роль атқарады.

2. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін қүру: клубтар, мәдениет, сарайлары кітапханалар т.б. ұжымды ұйымдастыру керек. Қазіргі заманда көп адамдар ғаламтор желісінде ғана отырып, қоршаған ортамен байланысын үзіп жатады. Сол үшін де мәдениет үйлері, аула клубтары көп болса баланың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады деген ойдамын.

3. Жастардың деңсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналасуын насихаттау керек. Спортты екінші досы еткен адам жамандыққа бет бұрмайды деген ойдамын. Әрине әрбір адам әртүрлі. Дегенмен спорттық секцияларды көбейтсек қоғам үшін айтарлықтай жақсы болар еді.

Қазіргі әлемде кәсіпқой маман боламын деген әр маман өзіне келесідей сұрақтарды қою керек деп ойлаймын.

1. Маған қандай сала жақын?

2. Неліктен осы жолды  таңдаймын?

3. Өз мамандығымның биік белесіне жете аламын ба?

Бәсекеге қабілетті, жан жақтылықты талап ететін заманда мықты маман болу үшін адам өзөзін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Ол үшінменің ойымша:

1. Кез келген тұлға білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп , дамытып отыру;

2. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіңдіктер беру;

3. Мәдени – ағарту мекемелеріне: клубтар, мәдениет, сарайлары кітапханалар т.б. барып жаңа құзыреттіліктер игеру, білікті адамдармен пікір алмасу;

4. Өзінің деңсаулығына қамқорлық жасау, дене тәрбиесімен күн сайын айналасу;

5. Өзінің бос уақытың, демалысын тиімді ұйымдастыру керек.

Жоғарыда келтірілген деректерді жиырма бірінші ғасырда мықты маман боламын деген әр адам білуі шарт деп есептеймін. Әрине, жан жақты маман болу үшін бірінші өз салаңда жетік болуың керек. Қазіргі заманның талабы да сол бір саламен шектеліп қалуға болмайды. Мысалы сіз заңгер болсаңыз күнделікті өмірде болып жатқан алыс жақын шет елдердің жаңалықтарын біліп отыру керексіз. Сонымен қатар елінің өткен тарихын білу, адамдармен тіл табысу, ортада өз ойын жеткізе алу тағысын тағы өзін құрметтейтін, өзін жақсы маманмын деп есептейтін адамның бойынан табыла білуі қажет дағдылар.  

Ғылым мен техниканың, ақпараттық технологиялардың дамыған заманда өз ісінің шебері болу үшін көп тер төгу керек екенін білеміз. Қазіргі таңда бір мамандық аяқтады деген диплом көп жағдайда жеткіліксіз болып жататынын көзбен көріп жүрміз. Жұмысқа қабылдарда да адамның бет тұлғасына, психологиясына, жүріс тұрысы мен сөйлеген сөзіне қарайды. Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу үшін ең алдымен көп оқып, білім алып, үнемі өзөзіңді жетілдіріп, сонымен қатар мықты психолог болу керексіз. Осы дағдылар мен құзыреттіліктер адамның бойынан табылар болса «жанақты дамыған, өз ісінің шебері» деген атқа лайық болатыны сөзсіз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *