Лев Николаевич Гумилев –Еуразия тарихын зерттеуші

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., профессоры

 Гүлнәр Бестібайқызы Қозғамбаева

Лев Николаевич Гумилев – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы.  Ол еуразиялық кеңістіктегі халықтардың тарихын жан-жақты жүйелі түрде зерттеген. Оның мұралары тарихи, философиялық, этностық және саяси ойдың перспективалық бағыты ретіндегі еуразиятанудың терең негіздемесіне айналған. Ғалымның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтетін болсақ, ол 1912 жылы 1 қазанда Царское Селосында  әдебиетшілер әулетінде дүниеге келді.  Оның  ата-анасы орыстың әйгілі ақындары Николай Гумилев пен Анна Ахматова. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналды. Николай Гумилев 1921 жылы контрреволюциялық әрекеттері үшін ату жазасына кесілді.  Ал анасы Анна Ахматованың шығармашылығына ресми түрде 1946 жылдан бастап, тыйым салынады. Ата-анасы  үшін Лев Николаевич екі рет түрмеде отырды.Л. Гумилев Бежецк орта мектебінде 1926-1929 жылдары оқып, 1929 жылы Ленинградқа анасына барады, сонда №65 орта мектепті оқиды. 1930 жылы Ленинградта совет мектебін тәмамдайды. Ғалымның өмірінің балалық кезеңінде күрделі, қарама-қайшы оқиғалар, заңдылықтар мен кездейсоқтылықтар жетерліктей   болды. Дегенмен, Лев Гумилевтің қайғы мен мұңға толы балалық шағы, оның  ғылым жолына түсуіне кері әсерін тигізбеді, қайта оның жігерін қайрап,мінез-құлқын шыңдап, әкесі, анасы, әжесі берген тәрбиенің жақсы  жақтарын алып, өз болашағына үлкен мақсат қоя білді». Университетке түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты жаңа қоғамдық құрылыс адамының әлеуметтік мәртебесіне «лайықты» болмағандықтан оқуға қабылдау кезінде қарсылыққа тап болады. 1934 жылдан бастап Ленинград университетінің тарих факультетінде оқыды. 1935 жылы университеттен шығарылып, тұтқынға түсті, бірақ аз уақыттан кейін босатылды.  1937 жылы Л. Гумилевті университетке қайта қабылдайды: ол бірнеше рет ғылыми баяндамалар жасайды, Б. Греков және С. Малов сияқты профессорлармен, Ежелгі Ресей тарихы мен Сібір, Моңғол түріктерінің көне тарихын зерттеуші мамандармен шығармашылық байланыста болады.Ғалым 1938 жылы тағы да негізсіз жазаның кесірінен тұтқындалып,  жазасын өтеуге әуелі Беломорканал жері белгіленеді.Алайда заң орындары «жұмсақ жазаны қатайту керек» деп оның құжаттарын қайта тексеруге жібереді, сөйтіп ату жазасына үкім шығарады, ол жазаны кейіннен Норильскідегі түрме тұтқыны етумен алмастырады. Қамаудағы уақыт аралығында ол жер қазушы, тау-кеніш шахтасында, рудниктегі кітапханада кітап сақтаушы, техник, геолог (геотехникалық, кейін тау басқаруында геофизикалық топта) болып түрлі жұмыс істеді, ал уақытының соңында тіпті лаборант-химик болып орналасты. 1943 жылы қамау мерзімі аяқталады, ол майданға сұранып, 1944 жылы бірінші Белорусь майданындағы Ерекше екпінді әскердің айып батальонына ерікті солдат ретінде жіберіледі.  Ол өмір сүрген кезендегі қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайлар мен  жүйелік алмасулар оның жастық шақтағы тағдырына ауыр тиді. Ол өмірінде бірнеше рет жауапқа тартылып, темір торға тоғытылса да, өмірде қанша сүрініп құласа да, өмірдің сынағынан сынбай өтіп,  алдына қойған асқақ армандарына жетуге тырысты. Оның жүрген жолы ылғи да кедергілерге тап болып, тосқауылға тірелсе де,  өмірден көрген қиыншылыққа мойынсынбай,  алдына қойған мақсатына жету жолында өзінің айтқанынан қайтпайтын қайсар адам болды. Лев Николаевич   басынан ауыр жылдарды  өткере  жүріп Ленинград университетін тәмәмдайды. Университет қабырғасында оқып жүргенде  бірнеше тілдерді ( француз, неміс, ескі түркі, латын) үйреніп, қатардағы бітіруші студенттің бірі емес ғұндар өркениеті және байырғы моңғол тарихы бойынша маман болып қалыптасады.  Ол 1948 жылы  «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Алайда 1948 жылы 6 қарашада, Алтайдағы ғылыми экспедиция жұмыстарын қорытындылау кезінде, ғылым кандидаты дипломын алу қарсаңында ол тағы да тұтқындалады. Бұл жолы өзі айтқандай, «анасы үшін» қамауға алынады (алғашында, 1935 жылы, өзі үшін; 1938 жылы «әкесі үшін» қамалып еді). Ленинградтың ерекше кеңесуінен кейін «контрреволюциялық әрекеті» үшін ол 10 жылға сотталады. Лагерь Қарағандыдан онша қашық емес, Шерубай-Нұра жайлауында, көптеген совет ғалымдары жазасын өтеп жатқан орында болатын. Одан соң Л. Гумилев Междурсченск деген жерге ауыстырылып, жазасын өтеу мерзімін Омбы абақтасында аяқтайды. 1956 жылы ұзақ сұрау салып, өтініш етуден соң бостандыққа жіберіліп, қылмысының болмауына байланысты ақталып шығады. 1956 жылы  Эрмитажға кітапханашы болып жұмысқа тұрады.

Лев Николаевич Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнады. Л. Н. Гумилев   Оның  «Степная трилогия» еңбегінің бір бөлігі сонау алпысыншы жылдары жазылған «Хунну» деген еңбегі. Ғалымның алпысыншы жылдардың соңында  «Древние тюрки» деген еңбегі, ал жетпісінші жылдардың басында «Поиски вымышленного царства» атты еңбектері жарыққа шықты. Ғалым алғашқы екі еңбегінде Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. Қарапайым кітапханашы бола жүріп, түркілер тақырыбы бойынша 1967 жылы докторлық диссертация қорғайды. Сол жылы қорғаған  докторлық диссертациясының толықтырыл­ған нұсқасы негізінде «Көне  түркілер» атты еңбегі жарыққа шығады. Алайда Жоғарғы аттестациялық Кеңес Лев Николаевичтің докторлық диссертациясын бекітпейді, ол қайтыс болардан сәл-ақ  бұрын оның жұмысы ресми бекітілді. Ғалымның докторлық диссертация  тақырыбының өзектілігі  және көшпенділер  мәдениетінің беймәлім қырларының ашылуы, оның  терең білімді екендігін ғылыми ортада дәлелдесе, ал оның  жазу стилі, тілінің қарапайымдылығы көпшілік оқырман қауымының да назарын өзіне  аударады. Ғалым  әлем тарихын тұтастай  көшпелілер  тарихынсыз қарастыру мүмкін еместігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Ғалымның  ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінің  шыңы оның  «Этногенез және Жердің биосферасы» («Этногенез и биосфера Земли») деген еңбегі. Аталмыш еңбекте ғалым халықтардың пайда болуына, сонымен қатар оған та­биғат пен  космостың  тегеурінді әсеріне әлемдік ауқымда тарихи шолу жасайды. Ол тарихи шолуының  дәлелі ретінде, этнология туралы бұрынғы көзқарастардан түбегейлі айырмашы­лығы бар ой-тұжырымдар бойынша  қорытынды жасайды. Ғалым жасаған қорытындылар мен тұжырымдарын тарихи деректерге, табиғат пен биосфера заңдылық­тарына, нақтылы тео­рияларға сүйене отырып дәлелді түрде жасалады.Ленинград университеті негізінде 1967 жылы ашылған  география ғылыми-зерттеу инсти­тутына, ректор А.Александров­тың шақыруымен Л.Н.Гумилев ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданады. Ғалым Ленинградтың ғылыми тыныс-тіршілігіне белсенділікпен араласты. Құнды ғылыми мақалалардың, пікір таластырушы ретінде де еңбектердің авторы болды.Ол мақалалар жазады, оларды редакциялаумен айналысты, ғылыми жинақтар шығарады шығармашылық пен айналысып, өзінің жұмысына  терең ден қояды.Лев Николаевич Гумилев түркі халқы тарихы сыңаржақты бағаланған кеңестік заманында Ұлы Дала тарихы туралы іргелі зерттеулер жүргізіп, ой тереңдігімен, соны пайым-тұжырымдарымен, ерекше дарындылығымен, ғылымға деген шынайы адалдығымен оза білген дара тұлға, ғалым. Ғалым А.В. Овчиников өзінің зерттеуінде:«Этногенез теориясы, қаншалықты түпнұсқа болып көрінсе де, қамауда жүрген лагерьдегі барақта жазылған ойға дейін  оның сапалық параметрлері алдын-ала анықталған.

Лев Николаевич Гумилев 1992 жылы  15 маусымда Санкт –Петербург қаласында дүние салды. Никольск қорымындағы Александр-Невский лаврасынан топырақ бұйырды. Ғалымның өзі өмірден өткенімен, оның қалдырған баға жетпес құнды  мұрасынан он бес томдық еңбектер жарияланды. Ғалымның артынан қалдырған бай мұрасы  талай ғылыми ізденістерге негіз болары анық.

Оның  еңбектерінде өзекті мәселелерді қамтыған тың ойлар, өткір де, тапқыр тұжырымдар, тосын идеялар өте көп. Оның ішінде баға жетпес құндысы – еуразиялық теория. Бұл идея біздің аймақтағы мемлекеттердің идеологиялық және саяси ілімдерінің  негізіне айналып отыр. Еуразиялық идеяның ғылыми-білім кеңістігінде жүзеге асуының бір көрінісі – Лев Николаевич Гумилев атын иеленген Еуразия ұлттық университетінің құрылуы болып табылады.Еуразия ұлттық университеті – бұл күнде Л.Н. Гумилев мұраларын оқып-зерттеудің және еуразиялық идеяны өрістетудің қазақстандық орталығына айналып отыр[3]. Бүгінде бұл университет ғылым мен білімнің астаналық үлкен орталығына айналды. Оның аясында 2002 жылдан бастап  Л.Н. Гумилевтің мұрасын дәріптеуге, Еуропа мен Азияның, Батыс пен шығыстың өзара байланысына арналған алты халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді. Еуразия ұлттық университетінде ғалым Л.Н. Гумилевтің мәскеулік пәтерінен алынған түпнұсқалы жұмыс кабинеті, кейбір жеке заттары, әріптестеріне хаттары сақталған мұражай-кабинеті құрылған.

Л.Н.Гумилев жан-жақты, жалпы тарихтың білгір маманы –  энкциклопедист. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтастай  Еуразия халықтары болды. Ғалымның  есімі мен оның вартынан қалған бай рухани мұрасы  күллі әлемге ортақ.

Лев Николаевич Гумилев 1992 жылы  15 маусымда Санкт –Петербург қаласында дүние салды. Никольск қорымындағы Александр-Невский лаврасынан топырақ бұйырды. Ғалымның өзі өмірден өткенімен, оның қалдырған баға жетпес құнды  мұрасынан он бес томдық еңбектер жарияланды. Ғалымның артынан қалдырған бай мұрасы  талай ғылыми ізденістерге негіз болары анық. Оның  еңбектерінде өзекті мәселелерді қамтыған тың ойлар, өткір де, тапқыр тұжырымдар, тосын идеялар өте көп. Оның ішінде баға жетпес құндысы – еуразиялық теория. Бұл идея біздің аймақтағы мемлекеттердің идеологиялық және саяси ілімдерінің  негізіне айналып отыр. Еуразиялық идеяның ғылыми-білім кеңістігінде жүзеге асуының бір көрінісі – Лев Николаевич Гумилев атын иеленген Еуразия ұлттық университетінің құрылуы болып табылады. Еуразия ұлттық университеті – бұл күнде Л.Н. Гумилев мұраларын оқып-зерттеудің және еуразиялық идеяны өрістетудің қазақстандық орталығына айналып отыр. Бүгінде бұл университет ғылым мен білімнің астаналық үлкен орталығына айналды. Оның аясында 2002 жылдан бастап  Л.Н. Гумилевтің мұрасын дәріптеуге, Еуропа мен Азияның, Батыс пен шығыстың өзара байланысына арналған алты халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді. Еуразия ұлттық университетінде ғалым Л.Н. Гумилевтің мәскеулік пәтерінен алынған түпнұсқалы жұмыс кабинеті, кейбір жеке заттары, әріптестеріне хаттары сақталған мұражай-кабинеті құрылған.

Л.Н.Гумилев жан-жақты, жалпы тарихтың білгір маманы –  энкциклопедист. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтастай  Еуразия халықтары болды. Ғалымның  есімі мен оның артынан қалған бай рухани мұрасы  күллі әлемге ортақ.

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *