Метавселенная:екінші жаһандық ауыл ма,әлде болашақ па?

 

Коммуникация сатысының жоғары көтерілу дәрежесі  адам санасының сәйкесінше жоғары деңгейде дамығанының дәлелі. Нақтырақ айтатын болсақ, адамзат тарихына шолу жасай отырып мысал келтірейік. Алғашқы саналы адам кроманьон кезінде, олардың күн көріп паналаған орны үңгір болғанда, коммуникацияның іске асуы өте ұзақ уақыт алатын еді. Ғасырлар өте бергенде адамзат үңгір қабырғасына қашау арқылы тілдесудің орнына поштамен хабар алмасты адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы телеграф арқасында қарқынды даму үстіне түсті. 21 ғасырда телеграф қызметін атқаратын интернет сөйлесуді жеңілдетті әрі жеделдетті.

Ендігі кезекте, метавселеннаяны қалай іске асыратынына тоқталсақ. Алдағы уақытта Meta бірнеше инновациялық құрылғы ұсынады. Әзірге VR мен AR құрылғылар дайындығы жүріп жатыр.

2022 жылы компания  Project Cambria-мен толықтырылған гарнитураны нарыққа шығарады.Бұл гарнитураны виртуалды және аралас әлем құрылғыларында пайдалануға болады.Гарнитура көз бағыты, беттегі ым-ишара  арқылы бақылау сынды технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар қазіргі таңда Project Nazare  кеңейтілген әлем техникалық атауымен  көзілдірік әзірленуде.Көзілдіріктің сұлбасы әзірге белгісіз.Көзілдірік голографиялық дисплеймен, чиптермен, проектормен,сенсорлармен, камералармен және динамиктермен жабдықталған болады. Аппаратты ойлап табуға қаншалықты көп уақыт  кететіні нақты емес.

Қолданушылар спортпен айнаалысып қана қоймай, кеңейтілген әлемде  жершарының әртүрлі нүктесінде бола отырып бірге ойындар ойнай алады.

Жеке аккаунтты құру арқылы немесе аватар арқылы жұмыс жасауға да, ойнауға да болады. Oculus Quest 2 GTA: San Andreas табынушылық ойынының VR қайта шығарылымымен айналысады.Жобаны жасаушылар бірнеше жылдан бері осы жоба бойынша жұмыс істеп келеді.

Мета* білім саласына да тың көзқараспен қарап отыр. Жаңадан ойлап табылаған көзілдіріктердің көмегімен оқу оңайырақ, қызықтырақ және интерактивті болады. Сонымен, болашақ дәрігерлер мен медицина қызметкерлері виртуалды әлемге а өз дағдыларын шыңдай алады. Астрономия факультеттерінің студенттері де кеңейтілген әлемнің арқасында ғарыш объектілерін зерттейтін болады.

Ақша және жаңа мүмкіндіктер. Кәсіпкерлер мен авторлар үшін жаңа мүмкіндіктер есігі ашылады.Төлем жүйесі де өзгеріп,компания өз қызметтерінің құнын төмендетуге тікелей бет бұрады.

Авторлар өз өнімдерін жасай отырып, оларды метаверс ішінде масштабтау мәртебесіне ие болады.

Кәсіпкерлер үшін өз тауарларын сатуға және тұтынушылармен өзара қарым-қатынас орнатуға арналған жаңа платформа жасалынып шығарылады.

Жоба жасаушылар Metaverse-те қосымшаларды құру мақсатында SDK (бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жинағын) алады.

Цукерберг өз ойын « Біз адамдарды бір-бірімен байланысуға көмектесетін технологияларды ойлап табатын компаниямыз, бірақ олар бізді әлеуметтік медиа компания деп есептейді.Бұл бізді өзге компаниялардан ерекшелейді.Олар адамдардың технологиямен өзара әрекеттесуі бойынша жұмыс істетуге тырысатын технология ойлап табуға тырысады, ал біз жасайтын технология адамдардың бір-бірімен әрекеттесуіне әрекет етеді»,- деп түйіндеген болатын.

Жоғарыда келтірілген сөздер – автор қырынан ғана көрініс табатын көзқарас. Цукерберг жобасын көпқырлы фигура деп елестетсек, өзге қиырынан байқалатын сан түрлі бұрыштар бар. Дәлірек айтсақ, метавселенная жайлы  екі түрлі  көзқарас қалыптасты. Бұл екінші «жаһандық ауыл» ма,әлде болашақ па? Метавселенная адамдарды бір кеңістікке шоғырландыратындай күшке ие, дәлірек айтсақ барлығымыз бір ортада өмір сүреміз. «Жаһандық ауыл» терминін  Маршалл Маклюэн өзінің «The Gutenbeng Galaxy» атты кітабында қолданған. Бұл термин бір мезгілде бір кварталдан екінші кварталға жететін, жеткілікті ақпаратты қамтитын, электронды технологиялардан тұратын, ауыл іспеттес көлемге дейін сығыстырылған жер деген мағынаны білдіреді. Уақыт өте келе термин World Wide Web және Интернетпен сәйкестендіріліген. Әдетте аумақтың шағын болуы ондағы тұрғындардың қарым-қатынасын жеңілдетеді, бұл теория осы бағытты ұстанады. Маршалл әлемнің және айналасының өзгеріп жатқанын аңғарып, жер жүзінің жаһандық ауылға айналғанын айтты.Бұл тұжырымға сәйкес әлеуметтік және коммерциялық қызметтер үшін қашықтықтың кедергі болмауы ғаламшарымызды кішірейтуде. Желіге қосылған электірлік байланыстың жақсаруы адамдардың өмірін тікелей дүниежүзі бойынша өзгертті. Жаңа технология адамдардың бір-бірімен байланыс жасауына қашан және қайда болмасын жеңіл мүмкіндік береді. Қазіргі таңда БАҚ-та әлемнің қай бұрышында қандай оқиға болып жатқанын  лезде хабарлай алады. Алайда жаһандық ауыл жергілікті мәдениетке теріс әсерін тигізетіні сөзсіз. Ақпарат құралдары үстем тілдерді қолданана отырып өзгелерге қауіп төндіреді. Соның салдарынан дүниежүзі халықтарының жартысы өздерінің ана тілдерінен айырылуы ықтимал. Жаппай жарнамалау дәстүрлі өнімдер мен құндылықтарды құлдыратады және аймақтар бірдей не ұқсас болып кетеді. Өйткені біркелді дүкендер мен белгілердің пайда болуынан дүниежүзіндегі қалалар өз ерекшелігін жоғалтады. Қарапайым мысал урбанизацияның дамуы жаһанданудың тағы бір салдары, себебі адамдардың көбі жұмыс іздеп келіп, қала халқының санын арттырып жібереді. Жаһандық ауыл тұжырымдамасы  заманауи әлем тұрғындарының бір-бірімен оңай қарым-қатынасы. Осы үрдіс дүниежүзі бойынша ауыл өмірі мен жергілікті дәстүрлі мәдениетті жоюда.

Біржақты көзқарасты алып қарастырар болсақ, қалғандары хайп-проект, заманауи мем, не болмаса фейсбук атауының айналасында шыққан дауды ушықтырмай басу үшін жасалған амал деп ойлайды. Енді екінші тараптың пікіріне құлақ сала кетсек, метавселенная – бұл болашақ. Сарапшылардың айтуы бойынша, Цукерберг осы жобамен «IT саласында революцияның бастамасын» жасамақшы. Бүгінгі күні ғаламтор берген бар мүмкіндіктердің келесі этапға өтуін метавселенная қамтамасыз етеді. Жай ғана экрандағы 2D аватарға қарап қоймай, голограмма секілді аватардың қатысуы болғандықтан, сөйлесіп жатқан адамды жанымызда жүргендей сезінеміз. Барлық ақпарат жалпы «облако хранилищеге» сақталады. Біздің көзімізге үйреншікті инстаграм мен ватсапта деректер ортақ серверге сақталса, метавселеннаяда мағлұматтар блокчейнде орналасады. Блокчейн – деректер базасы секілді, бірақ деректер біреудің бақылауында болмайды. Блокчейннің басты ерекшелігі – децентрализация. Яғни, ақпарат нақты бір жердегі серверде орналаспаған. Олар бүкіләлемдік орасан зор компьютерлер желісінде бірқалыпты күйде жайылады. Не себепті Марк Цукербергтей медиамагнат жеке деректер сақтаудың атап өткен блокчейн тәсілін қолданады? Сандық есептер бойынша, 2021 жылы тамыз айында блокчейнде электрондық шоттарын тіркеген адам саны 75.6 млн-ға жетті, осы технологияның негізінде жасалған құралдар саны болса 2 мыңнан асты. Біздің қалыптасқан ой бойынша, шындық нәрселерді тек «шынайы» өмірде көре аламыз. Ғаламтор желісіндегі нәрселер фейк болып шығу мүмкін. Өкінішке орай. Бәрі де толықтай біз ойлағандай емес. Себебі, шын өмірдегі заттар «шынайы» емес, керісінше, виртуалды өмірдегі қазірде танымал NFT секілді алмастыруға келмейтін токендер түпкі, негізгі деректерді өзгеріссіз, «шын» күйінде сақтайды. NFT – non-fungible tokens, өз иесінің ақпаратын блокчейнде сақтайтын  электронды валюта. Осы себеппен де келер күннің ақпарат сақтаудың ең сенімді көзі ретінде блокчейнді қолданады, оның ішінде Цукербергтің метавселеннаясын да айналып өтпейді.

Тоқетерге табан тірейтін болсақ, компьютеризация заманында пайда болмақ «metaverse» екінші жаһандық ауыл болса да, жасанды интеллекттың жаңа революциясы болса да алдағы күндерімізге жасалатын қадам екенін мойындау қажет. Тарихқа терең үңілсек кез келген жаңалық өз артынан көптеген салдар әкелген. Олардың жақсы не жаман екені кейіннен ғана тарих парағынан көрсек те, өз уақытында елеулі өзгерістерге ұшыратты. Одан сабақ алсақ, біз болашаққа көз салып, саралап, сараптап барып түйін шығаруымыз керек. Жаһандық ауыл болса, қоғамның құлдырауынан қарусыз қорғануымыз қажет, ал «жаңа дүние» болса, кезекті «заман талаптарына» сақадай сай болған жөн. Бар білу керек нәрсе – технологиялардың үздіксіз дамуы. Біздің көзімізге үйреншікті болмаса да, бұрын-сонды естімесек те, эволюциялық даму сатысын төмендете алмаймыз. Уақытты артқа шегеріп, қалыпты өмір салтына қайтып келе алмаймыз. Заман талабына сай туылып жатқан «даралар» болса сол уақытты ілгері қарай тарта береді. Оған айдан анық мысалды метавселенная десек, Марк Цукерберг өмірімізді өзгертпек жоба ұсынбақшы. Бұған көзіміз жүз пайыз жетті деген ойдамын. Ал тақырыптың негізгі өзегі болатын сұрақ әлі де өзекті күйін «метавселенная күні» басымызды шалғанша сақтайды.

 

Маржан Нұрмұхамедова

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *