Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адам өміріне әсері.

Бүгінгі таңда адам баласының өмірін ақпаратсыз елестету өте қиын.Әр күніміз бен сәтіміздің өзі бұқаралық ақпарат пен коммуникацияға тәуелді десек те болады.Ақпараттық технологиялар да,күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Кішкентай баладан бастап, жасы үлкен қарияға дейін көпшіліктің күні әлеуметтік желіде және телефон экранының алдында өтетіні белгілі. Заманауи технологиялар мен ақпараттың қолжетімділігі соншалықты, кейде олар тексерістен өтпей жататыны да мәлім.Ал оның адамдардың өміріне тигізер әсері қандай?
Бірде Илон Маск: «Егер бірнеше жүз жыл артқа шегінсек, бүгінде біз қарапайым нәрселер деп санайтынның бәрі — сиқырлы болып көрінер еді. Мысалы, қашықтықтан сөйлесу, ұшу, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, бүкіл әлемді алақандай телефоннан тамашалау. Шынында да, бұрын бұл сиқырға ұқсайтын еді. Енді, бүгінгі күні сиқыр боп көрінетін болашақтағы қарапайым «ғажайыпты» сізде ойлап таба аласыз ғой»,-деген еді. Бұқаралық ақпарат құралдары – түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең сіңіп, онымен тығыз байланысқа түсті.Бұл қоғамның ажырамас бөлігі. Ол әр адамның өміріне айтарлықтай әсері мен пайдасын тигізді. БАҚ бізге шексіз ақпарат беріп,ойымызды дамытып, білімімізді ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтті. Біз олардың көмегімен күнделікті болып жатырған жаңалықтарды біліп,хабардар бола аламыз. Алайда БАҚ үнемі пайдалы жағынан ғана көріне бермейді.Оның пайдасы секілді зияны да бар. Керексіз, жалған, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпараттар желіде кеңінен кездеседі. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алған жағдайда ғана ,БАҚ адамға пайдасын тигізе алады. Адамдар керексіз ақпаратты қабылдап, жалғын білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар.Бұл кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, ақпараттық технологиялар тез дамып келе жатыр.Олар қоғамдық санаға әсер етіп,қоғамдық пікірді туғызады.Қоғамның бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.Кім дұрыс ақпаратқа ие болса,сол кез-келген мәселенің шешімін таба алады.
Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат арқылы өміріміз жеңілдеп,жақсарды деп ойласақ та, оның берер кері әсерін ұмытпауымыз жөн.Әр ақпарат қоғамға тез қарқынмен тарайды.Оның не бұрыс не дұрыс екенін ажырата алмай қалған адамдар,оның ішінде жастар мен балалар қиындыққа тап болуы мүмкін.Мысалға:жарнама арқылы зиянды өнімдерді көру,қатыгездік,жалған ақпарат. Бүгінде ақпарат адамдарға қажет. Оның қоғамда әлеуметтену, шешім қабылдау немесе бірдеңеге қатысты пікір қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету сияқты маңызды функциялары бар. Бұл сонымен қатар адамдарды тауарды сатып алуға ынталандыруға қабілетті жарнамалық ақпарат сияқты әрекетке әкеледі. Сондықтан да ,Бұқаралық ақпараттар мен бұқаралық коммуникациялар мен технологиялардың адамның күнделікті өміріне әсері зор.Тек ең маңыздысы оны ақылмен әрі дұрыс қолдану жөн.

Ақжан Тусупкалиева

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *