Дипломдық жобаны жазу ережелері
Аңдатпа: Мақалада оқу орындарының студенттерінің зерттеу еңбегі саналатын дипломдық жоба жазу ерекшеліктері туралы айтылады. Дипломдық жоба – жобалық тәсілдерді қолдана отырып шығармашылық сипаттағы жобаларды және басқа да жобаларды дайындау түрінде орындалған, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттердің дербес шешімі болып табылатын студенттің бітіру жұмысы. Дипломдық жұмыстың тақырыбы нарықтық экономика жағдайындағы қызметтің өзекті мәселелеріне сәйкес болуы тиіс. Тиісті тақырыптар бойынша дипломдық жобаның тақырыптары жыл сайын алдыңғы оқу жылының тәжірибесі негізінде анықталады. Дипломдық жұмыс маңызды еңбек болғандықтан өзіндік стандарттарға сәйкес талаптары болады.
Аннотация: В статье рассказывается об особенностях написания дипломного проекта, который считается исследовательской работой студентов учебных заведений. Дипломный проект-выпускная работа студента, представляющая собой самостоятельное решение прикладных задач, соответствующих профилю образовательной программы, выполненное в виде подготовки проектов творческого характера и других проектов с применением проектных подходов. Тема дипломной работы должна соответствовать актуальным проблемам деятельности в условиях рыночной экономики. Темы дипломного проекта по соответствующим темам определяются ежегодно на основе опыта предыдущего учебного года. Поскольку дипломная работа является важной работой, она имеет свои требования в соответствии со стандартами.
Annotation: The article describes the features of writing a diploma project, which is considered a research work of students of educational institutions. A graduation project is a student’s final work, which is an independent solution of applied problems corresponding to the profile of the educational program, carried out in the form of preparation of creative projects and other projects using project approaches. The topic of the thesis should correspond to the actual problems of activity in a market economy. The topics of the diploma project on the relevant topics are determined annually based on the experience of the previous academic year. Since the thesis is an important work, it has its own requirements in accordance with the standards.
Кілт сөздер: дипломдық жоба, бағдарлама, жинақ, зерттеу, элемент, тақырып, курс.
Ключевые слова: дипломный проект, программа, сборник, исследование, предмет, тема, курс.
Key words: diploma project, program, collection, research, subject, topic, courses.
Дипломдық жоба-студенттің дипломдық жұмысы тиісті қолданбалы есептерді өз бетінше шешу білім беру бағдарламасының және басқа да жобалардың бейіні. Дипломдық жоба оқулық, тапсырмалар жинағы, көрнекі құралдар сериясы, тесттер жинағы, жинақ дидактикалық материалдар, компьютерлік бағдарламалар, бейне сабақтар, презентациялар түрінде ұсынылуы мүмкін. Дипломдық жобаларды орындау және қорғау кезінде түлектер білім деңгейін, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетіп, өз ойларын дәйекті және дәлелді түрде жеткізе білуі тиіс. Сонымен қатар, өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салып, қорғауы тиіс. Берілген барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін дипломдық жоба жазған адам жауапты болады. Сонымен қатар, жобаның сапасы мен қабылданған шешімдерге жауапкершілікті ғылыми жетекшілері де көтереді. Айтып өтетін жайт, дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі студентке дипломдық жоба орындауға байланысты ұсынымдар, тапсырмалар береді. Дипломдық жоба ғылыми жетекшінің көмегімен жүзеге асырылады және төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1) ғалымдар, аналитиктер, практиктар: инженерлер, конструкторлар, менеджерлер мен экономисттердің ғылыми зерттеулерін, жобалық шешімдерін түйіндеу;
2) зерттеліп отырған нысан бойынша ғылыми негізделген теориялық мәліметтердің болуы;
3) нақты тапсырманың орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы [1].
Диплом жұмысы мынадай мақсатта орындалады:
1) Мамандық бойынша теориялық білімі және тәжірибелік дағдыны жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік сонымен қатар өнер мен мәдениет саласындағы мақсаттарды шешуге;
2) Ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жасау және ғылыми зерттеу әдістемесін меңгере білуге;
3) Студенттің заманауи өндіріс, ғылым, техника, өнер мен мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік құзырлылық жағдайындағы өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын анықтау [2].
Дипломдық жұмыстың(жобаның) мазмұны мен құрылымы. Мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) бітіруші курстың студенті мамандыққа қарай өз бетінше орындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы (жобалық шешім) болып табылады. Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін 40-60 беттен, әлеуметтану-гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін 50-70 беттен тұруы тиіс. Гуманитарлы бағыттағы мамандықтар үшін дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді. Дипломдық жобаның құрылымдық элементтері:
- мұқаба;
- титул парағы;
- реферат;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар[3].
Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптарға тоқталар болсақ, алдымен дипломдық жобаның тақырыбы өзекті, ғылым, техника және мәдениеттің заманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болып, бірқатар талаптарға сай болуы керек. Тағы бір маңызды аспект, дипломдық жұмыстар тақырыптары мамандыққа және маман дайындауының салаларына сәйкес болуы керек. Дипломдық жобаның тақырыбы бітіруші курстың басында анықталып, ректор бұйрығымен бекітілуі тиіс. Дипломдық жоба маңызды болғандықтан, оған қойылатын талаптар да аз емес [4].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Дүйсембекова Л. «Қазақ тілі: ісқағаздарын жүргізу». Оқу құралы. Мемлекеттік тілді дамыту институты. – Алматы, 2010. – 400 б.
- Хазимова Ә. «Ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізу». Оқу құралы. «Олжас» баспасы. – Алматы, 2004. – 120 б.
- Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар». Оқу құралы. «Келешек-2030» баспасы. – Көкшетау, 2006. – 158 б.
4. Ә.Қажиева. «Тест-жинақ». Мемлекеттік тілді дамыту институты. – Алматы 2010. – 320 б.
Авторы: Құрманғали Диана
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718