БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Қоғамдық ортаға мекемеге немесе белгілі бір адамдар тобына жетекшілік жасау барысында басқару психологиясының алар орны ерекше. Басқару психологиясы – іс- әрекетті арнайы басқарудың және еңбек сапасын көтеруге бағытталған. Оның негізгі мақсаты- адамзат қызметінің топтар мен ұйымдардың психологиялық аспектілерін әзірлеу болып саналады. Адамға психологиялық әсер ету – басқарудың маңызды әрі құрамдас бөліктерінің бірі. Әсер етудің психологиялық әдіс-тәсілін меңгерген адам ұжымды, мекеме мен қоғам мүшелерін жақсы басқара алады. Басқару психологиясы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теориялар көмегімен зерттеу және басқару қызметінің проблемаларын шешу болып табылады. Басқару психологиясы негізгі міндеті – жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында психологиялық жағдайлар және басқару қызметінің сипаттамаларын талдау. Басқарудың пайда болу тарихы тереңге жаңа ғасырымыздан бұрынғы жылдарда жатыр. Ерте кездің өзінде Египетте болашақ басқару психологиясының негізгі белгілері, ұйымдастыру және бақылау, басқару процесін орталықтандыру жүзеге асырылды. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару мен сол елдегі адамдар қауымдастығын басқару процесі туралы өз көзқарастарын білдіріп еңбектер жазған. Басқару теориясының пайда болуына негізгі үш фактор: даму жолының қиындығы, бәсекелестік күрестің шиеленісуі, ішкі мүмкіндіктерді қолданып өндірістің өнімін жоғарылату. Осы факторлардың әсер етуі салдарынан ХХ ғасырда Еуропа мен Америкада ғылым салаларында басқарудың (менеджменттің) негізі қаланды. Менеджменттің дамуы мен қалыптасуының негізіне Макс Вебердің (1864-1920) «История хозяйства және Протенстанская этика и дух капитализма» деген еңбектері өз үлесін қосты.Басқару психологиясы өз кезегінде үш деңгейде көрінеді. Атап айтсақ: институционалды, басқарушылық және техникалық. Басқару психологиясы ғылым саласы ретінде XIX ғасырда қалыптасқан. Бірақ жеке ғылым саласы ретінде XX ғасырда дами бастады. Жеке дара ғылым ретінде қалыптасу барысында төрт мектептен өтті. Әрқайсысына тоқтала кетсем, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі, әкімшілік мектеп, адами қатынастар мектебі және басқару ғылымы.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі 1991 жылы америкалық инженер, кәсіпкер Ф. Тейлордың «Ғылыми басқарудың қағидалары атты» кітабында жарық көрді. Ол өз кезегінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебінің (тейлоризм) негізін қалады. Өндірісті ғылыми тұрғыда басқаруға негізделген. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде магистранттарға «Басқару психологиясы» пәнін енгізіп, оларды ересек өмірге дайындауы өте керекті және дұрыс қадам деп есептеймін. Қазіргі таңда психологиясыз ешбір салада жетістікке жету мүмкін емес. Шыңға шығудың жолы өте көп, әлбетте, алайда психологиялық аспектілерді ескере отырып қадам жасау арқылы адам өзінің жүйке жүйесі мен позитивін жоғалтпай биіккекөтеріле алады. «Басқару психологиясы» пәнін өту барысында, психология ғылымдарының кандидаты Назираш Сүлейменқызы басқару психологиясының зерттеу әдістерін практикалық және теориялық негізде түсіндіріп өтті. Басқару психологиясының зерттеу әдістері тақырыбын талдау барысында әкімшілік, ұйымдастырушылық, құқықтық реттеу, экономикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерімен таныстым. Кез келгенұйымның немесе мекеменің табысқа жетуі үшін оны басқарудың тиімді әдістері жайлы меңгердім.Пәннен алынған ақпарат жиынтығы күнделікті өмірде және келешектер керек боларына сеніміміз мол. Магистранттар жасында әріптестермен және менеджерлермен ара-қатынас туралы білу пайдалы әрі құнды ақпарат болып саналады. Университет сабақтарын қызықтыра түскен бұл пәнге, оқытушыға және ұйымдастырушыларға алғысымыз зор.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Болтаева А.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Бектемір Д.
Филология факультетінің 1-курс магистранты