Заманауи әдіс – тәсілдер
Заманауи әдіс – тәсілдер
Жубанова Алия Хайтбайқызы арнайы пән оқытушысы.
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі.
Тұтас педагогикалық үрдіс сапалы білімге жетуі үшін оқу -тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы тиіс. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Жаңа заман талабына сай менің алдыға қойған мақсатым: «Баланың дамуын қамтамасыз ете отырып, терең біліммен сусындату, бәсекеге қабілетті ізденімпаз, шығармашыл, жан -жақты дамыған тұлға, яғни білімді ұрпақ дайындау» Қазіргі заман мұғалімі – оқушының білім алудағы серігі деп білемін. Көздеген мақсатқа, сапалы білімге қол жеткізу үшін, төмендегі міндеттер айқындалуы керек:
-Баланың жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту.
-Рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
-Коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.
-Білуге құмарлықты , өзіндік ізденіс, шығармашылық белсенділікті дамыту.
Бұл мақсат- міндеттер қоғамның жаһандануына, адам ресурстарының мобильділігіне орай уақыт талабының еншісінде. Баяндаманың өзектілігі де білім берудегі сабақтастық пен үздіксіздікті, оқуға мақсатты бағыт пен жүйелілікті, танымдық іс -әрекет пен құзыреттілікті қалыптастыра отырып, әлем кеңістігінен орын алу үшін бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістері, білім берудің заманауи әдістері мен технологиялары қоғам қажеттіліктеріне сай жеке тұлғаның қалыптасуына тиімді. Қазіргі заман талабына сай оқушы өзін-өзі жетелеуші, зерттеуші, жаңалық енгізуші. Ең бастысы оқушы өзін өзі бағалаушы. Әр оқушы жеке тұлға болып табылады. Әр жеке тұлғаның басты құндылығы бағыттылық болып табылады. Ал, бағыттылық оның өмірлік ұстанымдары, бағдарлы еңбекке, адамдарға деген қарым -қатынасы сияқты тұтас қондырғы. Осы тұрғыда педагог баланың тұлғалық дербес ерекшеліктеріне сүйеніп, оның шығармашылық дамуы мен өсуін қадағалауы керек деп ойлаймын.
Инновациядағы мұғалімнің кәсіби әрекетін арттыратын,мен қолданып жүрген заманауи әдістер:
Топқа бөлу әдістері:
- net сайыты арқылы оқушыларды топқа бөлуге болады. Аты-жөндерін енгізіп, іріктеу командасы көмегімен өзіміз қалаған топтарға бөлеміз.
2.LearningApps.org шағын, жалпыға қолжетімді интерактивті модульдер (бұдан әрі – жаттығулар) арқылы оқыту мен оқытуды қолдауға арналған. Бұл жаттығулар онлайн режимінде жасалады және оларды кейін оқу процесінде қолдануға болады. Мұндай жаттығуларды жасау үшін сайт бірнеше үлгілерді ұсынады (кроссворд, аспаптардың (прибор) бөлшектерін табу, бірнеше тест үлгілерін жасау және т.б.).
3.Геймификация – құрамына кіретін педагогикалық құрал ойын ережелері арқылы сыныпты оқыту және ұйымдастыру үшін ойын әрекеттерін пайдалану студенттерді қатыстыру және оларға жаңа және әртүрлі оқыту әдісін ұсыну мақсатында. Осы жүйені қолданған кезде студенттер осы тапсырмаларды орындағаны үшін ұпаймен марапатталады және рейтингтер жасалады. Бұл күш пен ынтымақтастықты ынталандырады.
Бұл Geniаlly интерактивті сервисінде әдістердің 50-түрі бар.
4.Classroomscreen – әр мұғалімге қол жетімді онлайн тақта. Тіркелудің қажеті жоқ. Classroomscreen компьютердің жұмыс үстеліне ұқсайды. Экранның төменгі жағында орналасқан, кез-келген уақытта сыныпта қолдануға болатын құралдары бар белгішелер. Мысалы, QR коды, сурет, мәтін, бағдаршам, таймер, маркер тақтасы және т. б. Құрыл-жабдықтарын қолдануға болады.
5.Джигсо әдісі – оқушылар мәтін көлемі бойынша бірнеше топқа бөлінеді.Мысалы төрт топ болса мәтін төрт бөлікке бөлініп,әр топқа бір – бір бөліктен беріледі.Әр топ өзіне тиесілі бөлікті берілген уақыт ішінде оқып,өзге топтарға түсіндіреді.
6.Сергіту сәті
«Шамды қолдану арқылы тұрғын үйді пазл әдісі бойынша құрастыру» әдісі
Ең алдымен шамдарды орналастырып,шамның жанына тұрғын үй бөлшектерін қойып шығамыз.Студенттер шамды қай жерге дейін сөндіре алса, сол жердегі бөлшекті алып өз тобына берілген қағазға апарып жапсырады.Солай кезекпен кезек жалғасады.Тапсырма соңында студенттердің міндеті – пазлды толық құрасытырып шығуы тиіс.
Бұл әдісті өзгертіпте қолдануға болады.Мысалы,пазлдың орнына сұрақтар қою арқылы,яғни шамның алдыңғы қатарына қиын сұрақтар,соңғы қатарына жеңіл сұрақтар қою арқылы.Сонда студент шамды соңына дейін өшіре алса жеңіл сұрақтарға жауап береді,ал тек бастапқы шамдарды ғана өшірсе керісінше қиын сұрақтарға жауап береді.
Бұл әдіс қызықты әрі ойды бөледі және тез ойлануға,жылдам болуға үйретеді.
7.«Гитара» бағалау әдісі
Бұл бағалау әдісін топтық және жеке жұмыстарда да қолданса болады
Қорытынды
Үздіксіз білім –ол толассыз, тоқтаусыз білім. Ал, ұлы педагогтар Я.А.Коменский білімнің ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, соңғы күніне дейін бітпейтіндігін айта өткен. Соған сай біз мұғалімдер оқушыларды,студенттерді жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып,оларды қызықтыра алуымыз керек.
Жаңа әдіс – тәсілдер студенттердің мәліметті мегеруі үшін ыңғайлы және жеңіл.
Қазақстан Респуликасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет- осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік , экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік ,экономикалық өсіп өркендеуінің түпқазығы білім мен ғылым екені даусыз. Ғылым мен білімнің барлық саласында еңбек ететін болашақ жастардың алдында еліміздің алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына енуіне қызмет ету жауапкершілігі тұр. Болашақ жастар ел алдындағы жауапкершілігін толық сезінетін, кез -келген сынаққа төтеп бере алатын, жан -жақты дамыған , коммуникативті маман болып қалыптасуы қажет. Осыған орай білім беру мамандарының алдында еліміздің болашақ жастарын терең біліммен сусындату, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі тұр. ХХI ғасыр- білімділер ғасыры. Заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман болу, заманауи технологиялары мен әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізу-уақыт талабы. Елбасымыздың өз жолдауында атап айтқан «Білім жолы- сара жол, болашаққа бастар жол» дегендей , тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ боларына нық сеніммен қараймын.