Басқару психологиясының кәсіби маман атанудағы рөлі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен филология факультетінің барлық мамандықтарының магистранттары басқару психологиясының ерекшеліктерін меңгеруде. Басқару психологиясы әр жоғары оқу орнында оқытылатын маңызды пән болуы керек деп санаймын. Себебі бұл пән студенттерге болашақта кәсіби маман атануға көмектеседі. Басқару психологиясы пәнінде жұмыс барысында болатын әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін, басшы болған кезде жұмысшылармен қандай қарым-қатынас орнату керек екенін, жұмыстағы кикілжіңдерді қалай дұрыс шешу керек екенін үйреніп жатырмыз. Бұл пән барлық жұмыс салалары үшін пайдалы деп ойлаймын.
Біліктілікті арттырып, кәсіби маман атануда басқару психологиясы ерекше маңызды рөл атқарады, ол ұйымдық ортада тұлғаны түсінуге, ынталандыруға және дамытуға бағытталған. Басқару психологиясының қандай факторлары кәсіби маманның дамуына ықпал ететінін қарастырайық.
Басқару психологиясы сабағында басты назар аударылатын аспектілердің бірі – маманның өзін және басқаларды түсіне алуы. Бұл сабақта қарастырылған оқу процесі болашақ маманға өзінің жеке қасиеттерін ашуға, құндылықтарын дамытуға, әріптестерімен және қарамағындағылармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін жақсы түсінуге көмектеседі.
Басқару психологиясы пәні табысты кәсіби қызметтің кілті болатын көшбасшылық дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Ұжымды шабыттандыру, ынталандыру және жетекшілік ету қабілеті – жаттығу кезінде баса назар аударылатын маңызды аспектілер. Біз көшбасшылықтың теориялық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар осы білімді нақты жағдайларда қолданудың практикалық әдістерін үйренудеміз.
Келесі маңызды фактор-төзімділік. Кәсіби жол жиі стресстік жағдайлармен бірге жүретіні белгілі. Басқару психологиясы бізге,болашақ мамандарға өз эмоцияларымызды басқаруға және күйзеліске төзімділікті дамытуға үйретеді. Бұл дағдылар қысым кезіндегі өнімділікті жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы психологиялық әл-ауқатқа ықпал етеді.
Кәсіби дамуда ұжым мәдениеті маңызды рөл атқарады. Басқару психологиясы команданың позитивті динамикасын құруға бағытталған, мұнда әрбір команда мүшесі өзін маңызды сезінеді және жалпы табысқа үлес қосады. Мұндай мәдениетті құру ұжымдық сананың дамуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде жеке тұлғаның кәсіби өсуін қолдайды.
Этикалық және моральдық аспектілерді ескермей, кәсіби маман болу мүмкін емес. Басқару психологиясы сабағында кәсіби қызметтегі жауапкершілік, ашықтық және адалдық мәселелері көтеріледі. Біз Басқару психологиясы пәнінің көмегімен этикалық шешімдер қабылдауды үйреніп, ұжым мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімдерін дамытып жатырмыз.
Қорытындылай келе, басқару психологиясы пәні кәсіби маманның дамуында іргелі рөл атқарады, табысты мансап үшін қажетті білім мен дағдыларды береді. Ол кәсіби салада пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар болашақ маманның өзіне сенімді, эмоционалды тұрақты және қоғамда табысты болуына ықпал ететін жеке қасиеттерді дамытады. Басқару психологиясы сабағы оқу бағдарламасының бір бөлігі ғана емес, кәсіби кешенді және үйлесімді дамудың кілті болып табылады. Командада тиімді өзара әрекеттесе білу, өз уәждері мен мақсаттарын түсіну және командалық дағдыларды дамыту – мұның бәрі табысты кәсіби мансаптың негізін құрайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Жалпы және қолданбалы психология»
кафедрасының доценті Н.С.Жубаназарова
«Шетел филологиясы» мамандығының
1-курс магистранты З.Е. Алуақас