Будапешт Конвенциясы
Будапешт конценциясы – 23 қараша 2001 жылы Еуропа Кеңесімен қабылданған, интернет және компьютерлік желілер арқылы жасалған қылмыстар туралы ең алғашқы халықаралық шарт болып табылады. Конвенцияда авторлық құқықты бұзуға, компьютерлік алаяқтыққа, балалар порнографиясына және желі қауіпсіздігін бұзуға қатысты қылмыстар қарастырылады. Сонымен қатар, компьютерлік желілерді тінту және алу сияқты тергеу әрекеттері жүзеге асыралады. Аталған конвенцияға әлемнің алдыңғы қатарлы елдері, Еуропа Кеңесінің мүшелері жалпы саны 46 мемлекет қол қойды. Council of Europe хабарландыру сайтының мәліметтеріне сәйкес, конвенцияны ратификациялаған елдердің тізбесін берді:
Елдер | Қол қойған күні | Ратификациялау күні | Күшіне енген күн |
Андорра | 23 сәуір 2013ж
|
16 қараша 2016ж
|
1 наурыз 2017ж |
Испания | 23 қараша 2001ж
|
3 маусым 2010ж
|
1 қазан 2010ж
|
Ұлыбритания | 23 қараша 2001ж
|
25 мамыр 2011ж
|
1 қыркүйек 2011ж
|
Люксембург | 28 қаңтар 2003ж | 16 қазан 2014ж | 1 ақпан 2015ж |
Норвегия | 23 қараша 2001ж | 30 маусым 2006ж | 1 қазан 2016ж |
Швейцария | 23 қараша 2001ж | 21 қыркүйек 2011ж | 1 қаңтар 2012ж |
Швеция | 23 қараша 2001ж | 28 сәуір 2021ж | 1 тамыз 2021ж |
Эстония | 23 қараша 2001ж | 12 мамыр 2003ж | 1 шілде 2004ж |
Еуропа кеңесі (ағылш. European Council, фр. Conseil européen) — әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың бірі, Еуропалық-кеңістігінде адам құқықтары, демократия мен заңның үстемдігін қорғау мақсатында үкіметаралық ұйым 1949 жылы құрылды. Адам құқықтарының Еуропалық соты Еуропа Кеңесіне есеп береді. Беларуссия, Қазақстан және Ватиканды қоспағанда, барлық Еуропа елдері Еуропа Кеңесінің мүшелері болып табылады. 1949 жылы 5 мамырда ұйымның 10 мүшесі болды: Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Франция, Нидерланд, Ирландия, Швеция, Италия, Люксембург және Норвегия. Қазіргі таңда Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысы – Мария Пейчинович-Бурич болып табылады.
Будапешт конвенциясын шығару барысында негізге алынған халықаралық шарттар:
- Еуропа Кеңесі 1950 жыл – Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Конценция;
- БҰҰ 1966 жыл – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті;
- БҰҰ 1989 жыл – Бала құқықтары туралы Конценция;
- Еуропа Кеңесі 1989 жыл – Дербес деректерді автоматицазия өңдеуі кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Конвенция.
Будапешт конвенциясы 4 бөлімнен тұрады:
I-бөлім. Қолданылатын терминдер.
I-бөлімде төрт терминге жеке-жеке анықтама беріледі, олар келесілер:
- Компьютерлік жүйе – бағдарламаға сәйкес әрекет ете отырып, деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырады.
- Компьютерлік деректер – компьютерлік жүйеде өңдеуге жарамды ақпараттар және фактілерді ұсыну.
- Қызмет көрсетуші – компьютерлік жүйе арқылы ақпарат алмасуға, өңдеуге, сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік не жеке құрылым.
- Ағындар туралы деректер – компьютерлік деректердің желілік қызмет көзін, мақсатын, бағытын, уақытын, күнін, өлшемін, ұзақтығын немесе түрін көрсететін компьютерлік жүйе арқылы берілетін ақпараттар.
Ескере кететін жайт, Қазақстан өз кезегінде аталған халықаралық шартқа қол қойған жоқ, соған сәйкес бұл конвенцияның қазақша нұсқасы шығарылмаған. Соған қарамастан, Қазақстан Еуропа Кеңес мүшесінің кандидаты болып табылады.
II-бөлім. Ұлттық деңгейде қабылдануы тиіс шаралар.
Бұл бөлім үш тарауды қамтиды, олар:
1-тарау. Материалдық қылмыстық құқықтар
- 1-кіші бөлім. Компьютерлік деректер мен жүйелердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне қарсы қылмыстар (2-6 – б.)
- 2-кіші бөлім компьютерлік құралдарды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтар (7-8-б.) жатады.
8-бап. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы жасалған алаяқтық – компьютерлік деректерді енгізу, өзгерту, жою немесе бұғаттау. Компьютерлік жүйенің жұмысына кез-келген араласу, өзіне немесе басқа адамға заңсыз экономикалық пайдақорлық ниет араласу.
- 3-кіші бөлім. Деректердің мазмұнына байланысты құқық бұзушылықтар.
9-бап. Бала порнографиясына қатысты құқық бұзушылық – компьютерлік жүйе арқылы бала порнографиясын ұсыну, беру, тарату, өзі не басқа адам үшін сатып алу немесе иеленуі, кәмелетке толмаған тұлғаның жыныстық әрекеттерге қатысуы және олардың бейнелері.
- 4-кіші бөлім. Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды бұзумен байланысты құқық бұзушылықтар (10-бап)
10-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты құқық бұзушылықтар – 1971 жылғы 24 шілдедегі Париж актісі бойынша әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясын әр тараптың заңнамасы авторлық құқықты бұзушылықтардың мемлекеттік құқығына сәйкес қылмыс ретінде саралау үшін қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.
- 5-кіші бөлім. Жауапкершілік пен санкцияның қосымша түрлеріне қатысты
13-бап. Санкция және өзге де шаралар
Жазалау шараларына 1 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды қоса алғанда, тиімді, пропорционалды және сенімді жазалау. Сондай-ақ, ақшалай санкцияны қоса алғанда, қылмыстық немесе қылмыстық емес сипаттағы жазалар қолданылады.
2-тарау. Іс жүргізу заңнамасы
- 1-кіші бөлім. Жалпы ережелер (14-15 – б.)
14-бап. Іс-жүргізу нормасын қолдану аясы
Қылмысты тергеу және сот талқылауын жүргізу мақсатында, компьютерлік жүйенің көмегімен жасалған басқа да қылмыстар мен электрондық нысанда дәлелдемелер жинау қылмысытарына қажетті заңнамалық шарадар қабылдай алады.
- 2-кіші бөлім. Жинақталған компьютерлік деректердің сақталуын жедел қамтамасыз ету (16-17 – б.)
16-бап. Компьютерлік деректердің сақталуын қамтамасыз ету;
Әрбір тарап компьютерлік деректердің сақталуын және оның әлеуметтік желіге таралып кетпеуін қамтамасыз етуі қажет.
- 4-кіші бөлім. Сақталған компьютерлік деректерді тінту және алу (19-бап)
19-бап. Компьютерлік деректерді тінту және алу.
Әрбір тарап өз құзыретті органдарының компьютерлік деректерге толықтай қол жеткізуіне тиісті шарлар қабылдайды. Объекті ретінде деректер сақталған компьютерлік жүйе және оның бөліктерін алу, тінту жүргізіліп жатқан аумақтағы деректі тасымалдаушы компьютерлік жүйе.
3-тарау. Юрисдикция.
22-бап-Юрисдикция
Әрбір тарап осындай құқық бұзушылық жасалған кезде осы Конвенцияның 2-11-баптарына сәйкес, көзделген кез келген құқық бұзушылыққа қатысты юрисдикцияны белгілеу үшін қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады:
- сол тараптың аумағында;
- сол тараптың туының астында жүзетін кеменің бортында;
- осы тараптың заңдарына сәйкес тіркелген ұшақтың бортында;
- егер бұл құқық бұзушылық қылмыстық жазаны көздесе немесе бұл құқық бұзушылық қандай да бір мемлекеттің аумақтық юрисдикциясынан тыс жерде жасалса, оның азаматтарының бірі болып табылады.
3-бөлім. Халықаралық ынтымастық.
25-бап. Құқықтық көмек туралы жалпы ережелер;
Компьютерлік жүйеден электрондық нысанда деректерді заңсыз алу, жинауға қатысты, тергеу әрекеттері мен сот талқылауын жүргізуге байланысты тараптар мүмкіндігінше құқықтық көмек беруі тиіс.
29-бап.Компьютерлік деректерді шұғыл қамтамасыз ету;
Кез келген тарап бірінің сол қылмысқа байланысты нұсқау беруіне, тінту және алу әрекеттерін құқықтық көмек арқылы жүргізуге сұрау сала алады. Кемінде 60 күнге жүргізіледі.
35-бап. 24/7 желі
Әрбір тарап тергеу не сот талқылауы мақсатында шұғыл көмек көрсетуді үшін аптасына жеті күн тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін байланыс орталығын тағайындайды. Техникалық көмек, деректердің сақталуы, дәлелдемелерді жинау, заңды ақпарат беру және күдікті адамдардың табылуын анықтау.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
36-бап. Қол қою және күшіне ену;
Еуропа Кеңесіне мүше және мүше болып табылмайтын мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық. Конвенция ратификациялауға, қабылдануға немесе бекітілуге жатады. Ратификациялау грамоталары немесе қабылдау не бекіту туралы құжаттар Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады. Конвенцияны міндетті түрде сақтауға өз келісімін білдірген күннен кейін 3 ай өткеннен кейінгі айдың 1 – ші күні күшіне енеді.
38-бап. Аумақтық қолдану;
Кез келген мемлекет ратификациялық грамотаға немесе қабылдау туралы, бекіту туралы қол қойған кезде Конвенцияның күші қолданылатын аумақты немесе аумақтарды көрсетеді.
47-бап. Денонсация;
Кез келген Тарап кез келген уақытта Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысының атына жіберілген хабарлама арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
Сандық технологияларды енгізу, компьютерлік желілерді біріктіру және жаһанданудың жалғасуынан туындаған терең өзгерістерді ескеріп, компьютерлік желілер мен электрондық ақпараттар арқылы таралатын қылмыстың жаңа түрінің қауіптілігіне байланысты, компьютерлік қылмыстарға қарсы күресте мемлекеттер мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықтың қажеттілігін және ақпараттық технологияларды пайдалану мен дамыту саласында заңды мүдделерді қорғаудың қажеттілігі артта түсті. Будапешт конвенциясы адам құқықтары мен бостандықтарына, яғни оның қол сұғылмаушылығына кепілдік беру, адамның қадір-қасиеті мен жеке басын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөлді атқарады.
Сағидулла Лаура Сағидуллақызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінінің
4 курс студенті
Ғылыми жeтeкшi: профессор,Атаханова Гульзагира Махатовна