ТДМ 4. «Сапалы білім»

Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана елімізді көркейте алатынымызды ескерсек, білім мәселесіне үлкен көңіл бөлуіміз қажет екендігі айқын. Ел Президентінің жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде де білім саласы назардан тыс қалмайды. Мәселен Аймағанбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы туралы айтқанда, біз бұл құжатты білім беруді дамыту тұжырымдамасымен бірге қарастыруымыз керек. Бұл құжатты жыл соңына дейін бекіту жоспарланып отыр»,— деп баяндаған болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің 2023 жылы қарашаның 3-ші жұлдызында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Байелі Ә.Ж, Алпысбаева А. Жане 2-курс магистранттары  Әбсаттар Аружан, Каирова Дананың ұйымдастыруымен 2-курс Аударма ісі мамандығының студенттерімен бірге ТМД 4 – “Сапалы білім” тұрақты даму жобасын жүзеге асыру аясында «Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы» тақырыбында ашық іс-шара өтті.

Шара барысында аудармашы студенттер Нұрланқызы Дариға, Кулпыбаева Айнура, Кадирова Әсем Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы негізгі мәселелер туралы баяндамалар жасады. Іс-шараның мақсаты – студенттерді сапалы білім берудің маңыздылығын талқылау және түсіну, сондай-ақ осы саладағы идеялар мен тәжірибе алмасу үшін біріктіру болды. «Сапалы білім» тақырыбындағы іс-шара сәтті өтті. Қатысушылар білім сапасына қатысты мәселелерді белсенді түрде талқылап, қолданыстағы білім беру жүйесін жетілдіруге қызығушылық танытты.

М.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» деп қоғам өміріндегі білім рөлін анықтағандықтан, студенттермен Қазақстандағы білім беру жүйесі мен шетелдік білім беру жүйесін саклыстырып, еліміздегі білім беру жүйесіне қандай өзгерістер қажет екендігін талқыладық

Іс-шара барысында алынған негізгі қорытындылар мен ұсыныстар: білім беру сапасы стандарттарын жақсарту және білім беру ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

 

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі

Кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к,. Байелі Ә.Ж және Алпысбаева.А.

2 курс магистранттары

Әбсаттар.А., Кайрова.Д

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *