Менің атым Назалы

Назалы -қапалы ,ренжулі ,өкпелі деген мағынаны білдіреді .

Ия ,менің есімім Назалы.

Маған анам бұл есімді құжатқа жазған кісілер қуаныштан масайып қате “Назалы”-деп жазып қойғандығын айтқан еді.Десек те мені барлығы Назлы деп атап кеткен .

Назалы деген есім кездейсоқ құжатқа жазылып кеткенмен өміріне өкпесі бар қатулы деп тағдырымды алдын ала бейнелеп тұрған белгідей көрінеді . Бірақ мен жарқын болашақтан еш уақытта үмітімді үзбеймін.

 

Назлы – Нәзік , сүйкімді, сұлу деген мағынаны білдіреді. Бұл менің Азан шақырылып қойған атым .

 

Айтпақ болғаным , менің ішімде екі жан өмір сүріп келеді : бірі өте нәзік,жаны сұлу көркем мінезді , жан-жағына шуақ шашып адамдарға сеніммен қарайтын, адалдықты жаны сүйетін Назлы ал екіншісі өзіне көңілі толмайтын,әділетсіздікке ызасы бар , өзінің тұрақсыз ойының кесірінен жапа шегетін Назалы .

  • Менің әрі қарай қалыптасуым осы өтпелі жасөспірімдік кезеңнен басталады .Менің таңдауым өмірімнің соңына дейін қандай тұлға болып өсетініме кепілдік болмақ.Екі есім менің ішкі екі сырласым ,өзімді қай жағынан жақсы танып , дами түсетінім өзіме де беймәлім.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *