«Күзгі баққа саяхат»

Күз. Таңғажайып мезгілдердің бірі.

       Күз – жылы ауа-райымен қоштасып, суық мезгілді күтіп алу уақыты. Күн қысқарып, түннің ұзарғаны – әр тәулік сайын байқалады. Жаңбыр көп жауып, салқын жел соға бастайды. Қоныс аударып бара жатқан құстар, үстімізден ұшып бара жатқан кезде, олар қай елге кетіп барады деп достарымызбен дауласамыз. Мен бұрын бұл жыл мезгілін ұнатпайтынмын. Бірақ, күздің табиғаты ерекше әдемі екеніне көзім жетті.

      Күз – молшылық, береке айы. Иә, расымен де молшылықтың айы. Себебі, адамдар астығын жинайды, қоймасын астыққа толдырады,қыс мезгіліне дайындалады. Маған күз мезгілі алтындай жапырақтарымен, сұлу бейнесімен, таза ауасымен ұнайды. Кейбір адамдарға бұл мезгіл ұнамауы мүмкін. Оларға салқын, құбылмалы ауа райы ұнамауы мүмкін.

        Табиғатпен,ауа райымен адам тығыз байланысты. Күз мезгілінде күн бұлттанып, қабағын түйіп, жаңбырлы болады. Сол адамның көңілін түсіруі мүмкін. Маған да ондай ауа райы ұнамайды. Себебі, қызықсыз, көңілсіз болады. Көшеде кетіп бара жатсам сарғайған, әдемі жапырақтарға көзім бірден түседі. Адамның көзін тартады. Өте әдемі. Жерге қарасаң жерде өте әдемі. Алтын кілем төсеп қойғандай. Осы сияқты әдемі, көрікті көріністер күзде  орын алады. Күз – сиқырлы, сұлу мезгіл.

      Күз – жыл мезгілдерінің бірі.  Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе? Осы  күздің  көріністері  балалық шақтан  санамызда жатталып  қалды. Сонымен қатар  бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтып жүрміз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі.  Күздің  сүлулығына  көзің тоймайды.  Күздің  сый- сыяпатына барлық тіршілік  иелері разы. Күз  біз үшін  молшылық, байлық,  сұлулық деген сөздермен  ұштасады.  Күздің байлығы- бау- бақшамызда  әбден пісіп  жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған  бастары,  қап-қап картоп,  малдың, құстың, аңның   әбден семірген  кезі.  Дастарқаның  молшылыққа , ет пен майға толы кезең.  Сонымен қатар күз кезінде  қауырт жұмыс,  қысқыға дайындығың байқалады.  Күздің  соңғы күндерінде дала есігін айқара ашып, кіріп келетін қысқа деген дайындық  кезі.  «Күздің  бір күні, қыстың  бір айын асырайды»  деп  дұрыс айтылған.  Күзде ерінбей  еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің.  Күз мезгілінде күн қысқарып,  түн ұзаратыны  да бізге белгілі.  Жауын – шашынның көбеюі,  күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын  да білеміз.  Күзде күннің көзі жиі жылулығын жер бетіне сыйлайды.  Сол себептен  әр адам  күздің  ашық  күнін пайдаланып, астығымызды жинауға кіріседі.  Күздің белгілерінің бірі – орманның сұлулығынан және көңілсіздігінен байқауға болады.  Күз бен көктем бояулары, жалғыз күздің өзін де – ақ көрініп тұр.  Сарғайған жапырақ және қурап үлгермеген шөп – күзге әсемдік, сұлулық береді. Ағаштың бейнесінен қуаныштың, қайғының   көңіл күйін байқауға болады.  Күз мезгілі мерекелерімен де керемет!  Қоңыр күздің алғашқы күні барша балалар «Білім күні» мерекесін   қуанышпен қарсы алады. Бұл мереке барлық буындағы адамдардың жанына ортақ мереке.  Сонымен қатар күз айының бір уақытында «Алтын күз», «Құрбан айт» мерекелерін де ел болып тойлаймыз.  Қыркүйек айында тілдер мерекесін де тасадан тыс қалдырмаймыз. Қазан айында қарттар күнін, ұстаздар мерекесін де ұмытпаймыз. Күздің соңғы кезеңі қараша айына келіп тіреледі. Жер бетін жапалақтап ақ қар үлпектері басқанда, ауа салқын, ызғарлы болады. Бар табиғат қыстың келуіне дайындық жасап жатса, біз тек сағынышпен күздің керемет сәттерін еске түсіреміз.  Күз мәңгілікке кетпей, жыл сайын бізді өзінің сұлулық пен молшылығымен қуантады.

        Осы орайда Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №63 жалпы білім беретін мектепте «Күзгі баққа саяхат» атты мерекелік іс-шара өткен болатын. Іс – шараға 5-10 сыныптар аралығында оқушылар атсалысып, қатысқан болатын. Әр оқушы өзіндегі өнері мен шеберлігін көрсетіп, өздерін жаңа қырынан танытты.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *