Журналистика – арманымның айқын көрінісі

”Жаман мамандық болмайды!

Жаман маман болады.”

Кешегі арманымның бүгін мақсат болғандығын алға тартар болсақ, сөз төркіні көпшіліктің ”Ғұмыры қысқа мамандықты қайтесің, қазір екінің бірі оқусыз-ақ журналист болып жүр” деген сөздерінен арқау алған. Алайда мен болашағын құрар мамандық мүлдем басқа.

БАҚ өкілдерін дүйім жұрт ”биліктің 4-ші иесі” деп атап жатады. Журналисттер қоғамның қызығы мен шыжығына қатар бөленіп, қоғам елегіндегі өткір мәселелерді көтеретін, от пен суды жасқанушылықсыз кешетін,  ақиқат пен әділдік үшін арпалысқа түскен жандар.

Ал бұл мамандықтың қауіпті екендігі ешбірімізге жасырын емес. Қаншама білікті мамандар өткір тілімен әділдікті жырлағандары үшін қудалауға түсіп, өмірлерімен қош айтысты. Сондықтан, нағыз маманның батыл бола білуі шарт.

Менің мақсатым ­­­­­­­­­– журналист болу. Шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін айқасатын, таңдауы мен сөзіне адал, ақ парағым мен алтын қаламым қорғансызға пана, қоғам һәм адам өміріне әділеттілік жыршысы бола алатын маман атану.

     Журналист болу – алған атағыңмен ғана шектелмей, сол істі өмір мен жүрегіңнің бөлшегіне айналдыру. Маман иелері әр сәт ізденісте болып, қоғам елегіндегі  жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай талқыға ала біліп, ел тынысындағы түйткілді мәселелерді шешуге ерінбей атсалысып, нәтиже әділдігіне жетпей тынбайды. Мамандықтың аса ерекшеліктерінің бірі – қоғам пікірін қалыптастыра алулығында. Қозғар мәселесі мен айтар жаңалығы адамзаттың дара пікірінің шыңдалуына ықпал етеді. Сондықтан журналист маман өз жұмысына жауапты һәм әділ қарауы, ақпаратты бұрмалаусыз жеткізуі  тиіс.

     Ұлкен өмірге қадам басар шақта мен үшін мамандық таңдау аса қиындық тудырмады. Журналист мамандығы арманымның елегінде сонау 11 жасымнан қалыптасып келеді. Бала кезімнен жаңалықтарды, қызықты мақалалар мен Мұқағали атамыздың өлеңдерін жатқа айтып жүрген мен үшін осы мамандықтың болашағы орасан болды. Жаңалықтың балғынын алғаш болып білуге талпынатын ынтамның арқасында бұл сала басқа адамдармен қарым­‑қатынастың ерекшелігімен ерекшелінді.

Бұл кәсіпте репортаж, сұхбат, редакциялау, теледидар, радио және онлайн журналистика сынды көптеген бағыттар бар. Аса ұнайтыны репортаж бен сұхбат. Репортаждың оқиға орнын бірінші көріп, мәлімет түйінін алғаш баяндайтын қасиеті баурайды. Ал сұхбат арқылы адамның жан дүниесіне кірер есікті ашуымызға болады, тұлғаның нағыз бейнесін, ерен еңбегі яки қайғылы тағдырын білуге қадам басамыз.

Қорытындылай келе, журналист – бұл талант. Ал талант өз кезегінде үлкен еңбектің алқызыл жемісі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Nuray:

    11 сынып оқушысы Бақыт Нұрай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *