Еуропалық Орталық Азия зерттеулер қоғамының (ESCAS) аймақтық конференция

kaznu.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Борбасова Қ.М., филос.ғ.д., доцент

Исламтану мамандығының 2 курс докторанты

Мұқан Ә.Б.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Еуропалық Орталық Азия зерттеулер қоғамы (ESCAS) мен ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен қыркүйек айының 22-23 жұлдызында «Үздіксіз дамудағы Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістер» атты ESCAS 2023 аймақтық конференциясы өтті.  

Екі күндік конференция аясында 8 сессия, 2 пленарлық жиын, 49 панельдік пікірсайыс алаңдары жұмыс істеді. Шараға Орталық Азия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Швеция, Франция, Финляндия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістаннан тарих, мәдениет, экономика және саясат саласын зерттеуші 300-ге жуық ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Конференция жұмысы Әл-Фараби кітапханасында панельдік сессияның ашылуымен басталды. Онда қатысушылар саяси басқару, әлеуметтік даму, мәдени әртүрлілік, экономикалық тұрақтылық және экологиялық тұрақтылық сынды әртүрлі тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдар Тұрақты даму мақсаттарына байланысты өздерінің зерттеулер мен тәжірибелік мысалдарын ұсынып, ғылыми баяндамалар жасады. Орталық Азия зерттеулерінің Еуропалық қоғамының (ESCAS) президенті Абел Полес өз сөзінде: «Белгілі шетелдік сарапшылардың басын біріктірген диалог алаңы әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде ҚазҰУ рөлін айтарлықтай арттырады», – деп, ҚазҰУ басшылығына шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысын білдірді.

«Бүгінгі шараға қатысушылардың көпшілігі Еуразия мен Орталық Азия кеңістігін зерттеуші жетекші ғалымдар. Шараның ауқымы кең әрі пәнаралық ынтымақтастық үшін өте қолайлы. Бұл ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейде танылуына оң ықпал етеді», – деді философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев.

Шара аясында 50 панельдік сессия жұмысы өтуде. Онда ғалымдар Орталық Азиядағы билік, адамдар мен мәдени өзгерістерге байланысты заманауи сын-қатерлер мен әлемде орын алып жатқан оқиғалардың Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсатына қол жеткізуге әсерін жан-жақты талқылады  Ғалымдардың басын қосқан ғылыми жиынның тақырыбы жаһандық трендтерді талдау, тұрақсыз әлемде орын алатын сын-қатерлер мен Орталық Азиядағы негізгі үрдістер мен оқиғаларды бағалау болды. Сарапшылар геосаясат, Орталық Азия көші-қоны, дін, мәдениет, медиа саласындағы білім беру мен медиа сауаттылық, гендерлік теңдік, урбанизация, білім беру салаларындағы саяси институттарды трансформациялау бойынша зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ ғалымдар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге баса назар аударды.

Конференция барысында Индиана университетінен Татьяна Сабурова (Блумингтон, АҚШ) конференция ЕО-ға әлеуметтік-саяси және мәдени мәселелерді шешуде ОА аймағына өзінің берік міндеттемесін қайта жариялауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Еуропалық қоғам – 1000-ға жуық мүшені біріктіретін және Орталық Азия туралы білімді еркін және ашық таратуға ұмтылатын саяси емес, коммерциялық емес халықаралық академиялық қауымдастық. Біз бүкіл әлемдегі ғалымдар мен студенттердің белсенді өзара іс-қимылына бағытталған жаһандық қауымдастықпыз», – деп атап өтті спикер

Сонымен қатар сарапшылар Орталық Азияның қауіпсіздігі және аймақтағы жанжалдардың алдын алу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ әртүрлі елдер ғалымдарының «Орталық Азиядағы және азаматтық қоғамдағы әйел рөлі», «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы әйелдердің мәртебесі», «Қазақстандағы Стамбул конвенциясы», «Гендерлік теңсіздік» және басқа да тақырыптарда ғылыми баяндамалар тыңдалды.

Өңірлік дәстүрлерге сәйкес конференция көшпелі форматқа ие болады яғни  Германия-Қазақстан университетімен, Абылай хан университетімен, Әл-Фараби университетімен және КИМЭП Университетімен ынтымақтастықта өткен бұл формат бізге әртүрлі академиялық ортамен танысуға және әртүрлі пәндердегі әріптестік қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер берген терең мағыналы жиын болды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *